Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
349 материал табылды

Аймақтар • 21 Қазан, 2022

Әлем чемпионын тәрбиелеген шаңырақ

Биылғы «Мерейлі отбасы» конкурсына қатысуға Шымкент қаласынан 128 отбасы өтінім берген. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, Алтын алқа, Күміс алқа иегерлері, жас отбасылар, мәдениет пен спорт саласының үздіктері, кәсіпкерлер, меценаттар және ұзақ жылдар бойы ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, еңбек сіңірген ұстаздар әулеті де бар.

Аймақтар • 20 Қазан, 2022

Заңнама да, сана да өзгеруге тиіс

Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру мақсатында Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Шымкент қаласында көшпелі отырыс өткізді.

Қоғам • 20 Қазан, 2022

Жастар картинг спортынан жарысты

Жастар ресурстық орталығының ұйым­­дастыруымен және «Rafe» мейрамханасы басшысының қолдауымен Шымкентте алғаш рет картинг спорт­тық жарысы өтті. Аталған іс-шара «Jas Team Kart» жобасы аясында жүзе­ге асты.

Медицина • 20 Қазан, 2022

Ұлт саулығын ойлаған инвестор

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, «САУТС-Ойл» компаниясының пре­зи­денті С.Сейітжанов, China Machinery Enge­neering Corporation ком­­паниясының ди­ректоры Ху Джанху ша­һар­дағы «Бозарық-2» шағын ауда­нынан ашылатын 800 орын­дық университеттік көп­бейінді аурухана мен бір ауысымда 700 адам қа­был­­­дайтын клиникалық-диаг­­ностикалық орталық­тың құрылысының бас­талуына ресми түрде пәр­мен берді. Салтанатты іс-шараға сондай-ақ қала­лық денсаулық сақтау мен кәсіпкерлік және ин­дус­триалды-инно­ва­ция­лық да­му басқарма­сы­ның басшылары, университет ректорлары және қоғам бел­сен­ділері қатысты.

Медицина • 20 Қазан, 2022

Ажалдың арашашысы – ангиографиялық аппарат

Шымкенттегі №2 қалалық ауруханасының дәрі­гер­лері инсульт алған 52 жастағы азаматтың ми қан тамырына күрделі операцияны пышақсыз жасап, ажалдан арашалап қалды.

Дәстүр • 20 Қазан, 2022

Оқушылар сарайы ұлттық дәстүрді қайта жаңғыртты

«Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да 2022 жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз», деп атап өткен болатын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға арнаған жаңажылдық құттықтау сөзінде.

Қоғам • 14 Қазан, 2022

Атаулы жылдың берекесі

Балалар жылы аясындағы барлық іс-шара балалардың құрметіне ұйымдастырылып, солардың болашағы жолын­да өтіп жатыр. Рес­пуб­­ли­калық және өңірлік дең­гейде аталып жатқан Балалар жылының басты ұйытқысы – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Білім • 13 Қазан, 2022

Мектеп директорының біліктілігі маңызды

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Шымкент қаласына арнайы іссапармен келді. Іссапар барысында мегаполистегі білім мекемелерінің жұмыстарымен танысып, ұстаздар қауымымен кездесті.

Аймақтар • 13 Қазан, 2022

Ел алдындағы есеп

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің Президент тапсырмасына сәйкес халықпен кездесіп, атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беру науқаны басталды. Алдымен шаһар басшысы Абай ауданының тұрғындарымен жүздесіп, есепті мерзімде қолға алынған жұмыстар жайлы баяндап берді.

Қоғам • 12 Қазан, 2022

Баспанамен қамту – басты мәселе

Елімізде баспананы қолжетімді ету – Үкімет пен жергілікті әкімдік тарапынан жүзеге асырылып жатқан басты стратегиялық жоспарлардың бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Шымкент қаласына келген сапарында да осы тақырыпты қозғап, биыл 1 млн шаршы метрдей тұрғын үй пайдалануға берілетінін, соның нәтижесінде 9 мыңға жуық отбасы үйлі болатынын айтқан еді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықпен кездесуде тұрғын үй құрылысының қарқыны бәсеңдемеуі тиістігін, ең бастысы баспана қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді болуы керегін айтып, бұл тұрғыда жергілікті әкімдік Үкіметпен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек деген болатын.