Аймақтар • 12 Наурыз, 2020
Тараз маңындағы тұрғын алқаптарының мәселелерін шешу жолдары қандай?
Тараз қаласындағы кейбір шеткі аудандар мен саяжай алқаптарының қордаланған мәселелерін шешу – бүгінгі мәселенің бірі. Бұл ретте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мұндағы тұрғындармен кездесулер өткізіп, оларға түйінді мәселелердің жергілікті бюджеттің мүмкіншілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетіндігін ашық түсіндірудің маңыздылығын баса айтқан болатын. Сонымен қатар әкім әлеуметтік мекемелер мен қажетті инфрақұрылымдардың құрылысы қомақты қаржыны талап ететінін, дегенмен өзекті мәселелерді шешу үшін кез-келген жағдайда тиісті шараларды қабылдау керектігіне де назар аударған.
Аймақтар • 12 Наурыз, 2020
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттар партиясының Жамбыл облыстық филиалы 8 наурыз – қыз-келіншектердің халықаралық мерекесіне орай Қазақстаннан шыққан тұңғыш паралимпиада чемпионы, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында әлемдегі ең үздік 8 спортшының қатарына енген Зульфия Габидуллинаны құттықтады.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2020
Жамбыл облысы тұрғынынан 35 келі есірткі тәркіленді
Ағымдағы жылдың 10 наурызынан бастап Жамбыл облысы аумағында есірткі қылмысының алдын алу және ескерту мақсатында республикалық «Допинг» жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылуда.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2020
Жуырда Жамбыл облысының Меркі ауданындағы ерекше қорғалатын таулы аймақта «Қызыл кітапқа» енген, бүгінде қар барысы аталып жүрген ілбістің бейнетаспаға түсіп қалғаны туралы ақпарат көпшілікті таңдандырған болатын.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2020
Жетілдірілген әліпби нұсқасын талқылады
Бүгінгі таңда елімізде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Дей тұрғанмен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтаса да, бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар екенін айта келіп, тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керектігін тапсырған болатын.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2020
Көпбалалы отбасыларға көрсетілген көмек
Бүгінде мемлекеттің көпбалалы отбасыларға көрсетіп отырған көмегі көп. Осы мақсатта Тараз қаласында жыл сайын тұрғындарға пәтерлер беріліп келеді.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2020
Ұлттық өнерді ұлықтаған фестиваль
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларын қолдау, сонымен қатар, төл өнерді дамыту мақсатында Тараз қаласында алғаш рет «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің «Көрме» павильонында «Көрпе FEST» мегафестивалі өтті.
Руханият • 10 Наурыз, 2020
Әулиеата топырағында әннің рухын шалқытып, қара домбыраның қасиетін аманат көрген «Тараз» триосының қазақ өнерінде өзіндік орны бар. Кезінде «Алатау» болып құрылып, кейіннен көне шаһардың екі мың жылдық құрметіне «Тараз» триосы болып қайта аталған үштік күні бүгінге дейін өнерге адал қызмет етіп келеді. «Тараз» триосының құрамында еңбек етіп жүрген әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Асылхан Шүңірековті Мейрамбек Беспаевтың алғашқы ұстазы ретінде біреу білсе, біреу білмес.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2020
Әулиеата туризмін дамыту – әлеуетті мәселе
Өткен жылы Жамбыл облысының аумағында жалпы құны 12 182,0 миллион теңгені құрайтын 34 инвестжобалар іске асырылған. Олардың ішінде қонақүй, мейрамхана, демалыс аймақтары, мәдени орталықтар, жол бойындағы сервистік кешендер, киіз үй қалашықтары, таушаңғы базасы сияқты нысандар бар. Аталған нысандар туристерді тарту мақсатында Тараз қаласында және Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Т.Рысқұлов, Талас, Шу аудандарында орналасқан.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2020
Жамбыл облысында 659,4 мыңнан астам тұрғын мемлекет тарапынан сақтандырылған
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілгеніне екі айға жуықтады. Бүгінде аталған жүйе толыққанды жұмыс істеп келеді. Ал Жамбыл облысы реформаның алғашқы айында қандай нәтижелерге қол жеткізді? Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтылды.