Аймақтар • 28 Қаңтар, 2020
Тараздық тұрғындардың тілегі көп
Тараз қаласындағы «Астана» мөлтекауданында орналасқан №53 мектепте қала әкімі Айтқазы Қарабалаев өткен жылды қорытындылап, есеп берді. Кездесу барысында әкім өткен жылы көне шаһардың түрленгенін, бірқатар нысандар салынып, ел игілігіне берілгенін атап өтті.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2020
Таразда тағы да 80 пәтерлі үй пайдалануға берілді
Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы Жамбыл облысында жүйелі жүзеге асып келеді. Жыл басынан бері тараздық тұрғындар үздіксіз қоныс тойын тойлауда.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2020
Тараз қаласының «Шөлдала» шағын ауданына газ берілді
Осы уақытқа дейін Тараз қаласының аумағындағы «Шөлдала» шағын ауданы тұрғындарының басты мәселесі көгілдір отын болып келді. Қалаға қосылғанына біраз жыл өтсе де бұл алқаптың басты мәселесі газ болып қала берген.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2020
Халық қалаулылары Жамбыл жастарымен жүздесті
Тараз қаласындағы «Шерхантану» рухани-мәдени орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті. Аталған жиынға Парламент Мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова және Әбдіманап Бектұрғанов, Бақытбек Смағұл, Жамбыл Ахметбеков, Нұрлан Әлімжанов және де бірқатар Мәжіліс депутаттары қатысты. «Жастар жылының» қорытындысына арналған жиынды Гүлшара Әбдіхалықова ашып, жүргізіп отырды.
Руханият • 24 Қаңтар, 2020
Ұлы хакім ұлағаты ұрпаққа үлгі
Биыл қазақ әдебиетінің алыбы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты кең көлемді мақаласы жарияланды. Сонымен қатар, Президент тапсырмасымен халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты түрде атап өту үшін мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Тарих • 24 Қаңтар, 2020
Черняевтің хаты һәм Әулиеата қасіреті
Тарихта көне Тараз, жалпы Әулиеата аймағының кезінде ең әуелі Ферғана соғдыларының мекені болғаны, кейіннен Қарахан мемлекетінің астанасы болғаны, жалпы бұл өлкенің бай тарихы туралы көп айтылады. Сонымен қатар ұлттың басына төнген тағдырлы жылдардың да шежіресі сақталған. 1864 жылы Әулиеата аймағына ақ патша әскерінің келгені де тарихтағы тағдырлы кезеңнің бірі еді.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020
Бесағаштықтардың берекелі бастамасы
Ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар бүгінде жергілікті халықтың ырысына айналуда. Сонымен қатар Жамбыл облысында қолға алынған өңір тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға бағытталған жоба бүгінде өз нәтижесін беруде.
Руханият • 23 Қаңтар, 2020
Руханият • 22 Қаңтар, 2020
Ұлы хакім ұлағаты ұрпаққа үлгі
Биыл қазақ әдебиетінің алыбы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты кең көлемді мақаласы жарияланған болатын. Сонымен қатар Президент тапсырмасымен халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты түрде атап өту үшін мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2020
Таразды түрлендіретін тың жобалар қандай?
Былтыр Жамбыл облысының 80 жылдығына орай Тараз қаласында бірқатар нысандар ашылып, көпшіліктің көзайымына айналған еді. «Көне Тараз» бен «Тектұрмас» кешендері, «Сағат» стелласы, «Әулиеата» ескерткіші және тағы да басқа шаһардың сәулетін арттыратын жобалар мәңгі ел есінде қалды.