Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1888 материал табылды

Аймақтар • 20 Қараша, 2022

Сайлау: Жаңаөзенде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инватакси қызметі қосылған

Жаңаөзен қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инватакси қызметі қосылған. Бүгін І топтағы мүгедек Қуанбай Әжігереев өзі тіркелген № 76 сайлау учаскесіне инватаксимен келді, деп жазады Egemen.kz.

Сайлау • 20 Қараша, 2022

Маңғыстауда сайлаудың алғашқы сағаттарында 16 бала дүниеге келді

Маңғыстау облысында 20 қараша күні сайлаудың алғашқы сағаттарында 5 ұл және 11 қыз – барлығы 16 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлау • 20 Қараша, 2022

Маңғыстауда 411 103 сайлаушы бар

Облыстағы барлық сайлау учаскелерінде таңғы сағат 7:00-де еліміздің мемлекеттік Әнұранын шырқалып, дауыс беру учаскелік төрағалардың құттықтауынан кейін Президент сайлау басталды, деп жазады Egemen.kz.

Саясат • 02 Қараша, 2022

«Ақтау теңіз порты» – экономикалық қажеттілік

Маңғыстау облысында сенаторлар, орталық мемлекеттік органдардың және оларға бағынысты ведомство басшылары, бизнес өкілдерінің қатысуымен «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында Парламент Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы С.Трұмовтың басшылығымен кеңейтілген отырыс өтті.

Экономика • 21 Қазан, 2022

Зауыттың заманауи менеджменті

Отандық өндірісті қолдау маңызды. «Алыстан арба­лағанша, жақыннан дорбала» дегендей, елімізде жасалған өнімдер сапамен бірге тасымал мәселесін шешеді, ал тасымалдың тиімділігі өнімнің бағасына әсер ететіні белгілі. Яғни жергілікті өнімнің өтім­ділігі нарықтағы басты қажеттілік болып саналатын үнем мен пайда тұрғысынан ұтымды болары анық.

Қоғам • 20 Қазан, 2022

Шаттыққа толы шаңырақ

Шаңырағына шуақ шомып, шаттық ұялаған, берекетті тірлігін күйттеп, парасатты перзент тәрбиелеуді мақсат еткен отбасы – алтын ұя. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, ұл мен қыздың тәрбиелі, елжанды, көргенді болып өсуі, ел мен жерге қызмет етуі отбасы, әке-шешеден алған тәрбиеден тамыр алады.

Аймақтар • 13 Қазан, 2022

Қазақтың адай жылқысы

Кеше ғана Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың қолдауымен, Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елімізде алғаш рет «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтті. Астанада басталып, 12 күндік жүрістен соң Түркістанда мәреге жеткен марафонға еліміздің 19 өңірінен 200-ге жуық сәйгүлік қосылды. Шарт бойынша әр команда марафон-бәйгеге бес ат салып, 600 шақырымнан кейін оларды ауыс­тырып отырды және шабандоздар күніне 100 шақырымды бағындыруға тиіс болды. Маңғыстаудан барған «Көкмойнақ» тобы аталған шартты шашасына шаң жуытпай орындап, доданың байрағын желбіретіп оралды. Бұл – үлкен жарыстардың бастамасы, алда – халықаралық, әлемдік үлкен додалар.

Экология • 13 Қазан, 2022

Лас су неге теңізге құйылады?

Каспий теңізі мен Қаракөл көлінің тазалығын сақтау – Маңғыстау өңіріндегі өзекті мәселелердің бірі. Бірақ «ит қорыған жерге өш» дегендей, осы екі айдынға лас сұйықтық немесе өзге де зиянды қалдықтарды төгу әрекеттері азаймай тұр. Куәгерлер келеңсіз оқиғаны желіге жүктеп жариялап жатады. Содан соң экологтер барып мәселенің мән-жайын анықтайды, ал белгісіз күйде қалғаны қаншама деген ой келеді.

Қоғам • 11 Қазан, 2022

Гибралтар бұғазын жүзіп өтті

Асау толқындары аласұрған Кас­пий теңізінде жүзіп жат­тық­­қан жігіт қиын сынақтан сүрінбей өтті.

Қоғам • 05 Қазан, 2022

«Ұлытауға бардың ба?..»

Жаяулатқан арбалы жолаушынының Маната асуына ілігіп бара жатқанын көріп, «Ақсақал аман-сау Ақтауға жақындап қалған екен» деп іштей қуанғанмын. Қазақстанның 20 шақты қаласын жаяу басып, Маңғыстау даласында ұлы жолдың үстінде келе жатқан 72 жастағы қарияның жүрісі ширақ көрінді. Өзі ғана емес, сүйреп жүрген арба-жүгі де бар...