Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1888 материал табылды

Аймақтар • 05 Шілде, 2022

Ақтаудағы «Домбыра-дастан» акциясы

Елімізде шілденің бірінші жексенбісі көне музыкалық аспап – домбыра мерекесін атап өтеді. Бұл күн қазақ­стандық қоғамды мәдени мұраның құндылықтары мен жасампаз идеяла­рының айналасына топтастыру мақса­тында белгіленген болатын.

Қазақстан • 04 Шілде, 2022

Киіктер кімге кедергі?

Біз енді ақбөкенге тоқмейілси қалыппыз. Қазақтың кең даласында ақбөкендерге орын жоқ екен. Министрліктегілердің уәжіне сенсек, көбейіп кеткен киіктер шаруашылыққа кесірін тигізуде, сондықтан жануарларды атудан басқа амал жоқ екен... Ауыл шаруашылығы министрінің «Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 16 ақпандағы бұйрығына өзгерістер енгізіп, тізбеден «киік» деген сөзді алып тастау туралы әңгіме ел ішінде біраз талқыланды. Алайда еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешов Жайық популяциясына жататын 80 мың бас киікті ату туралы шешім қабылданғанын мәлім етті.

Қоғам • 01 Шілде, 2022

Маңғыстауда халық саны артып келеді

Маңғыстауда тұрғындар саны табиғи өсім және көшіп келушілер есебінен жылдам өсіп келеді. Биыл көктемде облыста халық саны 748 471 адамға жетіп, былтырмен салыстырғанда 22 мыңға өсті. Әрине, облыста жұмыссыздық, ауыз судың жетіспеуі сынды күрделі мәселелер туындап тұрғанның өзінде халық санының артуы үлкен қуаныш.

Экология • 30 Маусым, 2022

Маңғыстаудың экологиясы «боздап» тұр

Маңғыстау экологиясы көп өзгерді. Қазіргі ту-талақай тақырды бұрын көк шөбі белуардан келетін көгалды тұс десе ешкім сенбес еді. Апталап соғатын, тіпті түнгі мезгілде де ішін тартпайтын ала шаң тұрғындарды әбден ығыр қылып болды.

Туризм • 30 Маусым, 2022

Туристер қызығатын өлке

Маңғыстауға туристердің қызығушылығы жоғары. Облыстық туризм басқармасының басшысы Данияр Утешовтің айтуынша, бұл жаққа жыл басынан бері 55 мыңға жуық турист келген.

Аймақтар • 24 Маусым, 2022

Aq dám-нен ауыз тиіңіз

Құландылық жас кәсіпкер ауылда тұрып-ақ кәсібін дөңгелетіп, ұлттық құндылықтарды қастерлеудің заманауи үлгісін көрсетіп отыр.

Қоғам • 22 Маусым, 2022

Білікті маманға зәру сала

Қиыр-шиыр жолдар шартарапқа тартылған жол өтіндегі Маңғыстауда жол жағдайын жіті және тұрақты назарда ұстамаса бүгінгі жолдың ертең-ақ тозып кетері анық. Бірақ өңірде кәсіби жол мамандарының жетіспеушілігі жылдар бойы шешімін таппай келеді.

Аймақтар • 21 Маусым, 2022

Жол жағдайы жіті назарда

Маңғыстау қазіргі таңда жол жағдайымен қуана алады. Маңғыстау облысы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық үлесі 95 пайызды құрайды екен.

Аймақтар • 16 Маусым, 2022

Ақтауды көгалдандыру жаңа жоба аясында жүргізіледі

Желегі аз Ақтауды көгалдандыру – өзекті мәселе. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің хабарлауынша, бұған дейін шөлейтті облыс орталығындағы ағаш, бұта, гүлдерді суарумен айналысатын мекеме жыл сайын анықталатын болғандықтан жұмыстың сапасына кері әсерін тигізген. Енді қалалық әкімдік тығырықтан шығу үшін қаланы көгалдандыру ісін алдағы 5 жыл бойы мемлекет-жекеменшік әріптестік жобасы аясында жүргізбек. Жеңімпаз мекеме – GreenCityAktau ЖШС-мен қала әкімдігі келісім мерзімін

Қоғам • 13 Маусым, 2022

Теңізге шомылудың өз талаптары бар

Күн жылынып, жаз басталысымен Маңғыстауда шомылушылар арасында теңізге батып кету үрейі бірге келеді. Каспий теңізінің беті кейде қатты, кейде жай толқын ойнап, кейде жым-жылас жатқан тыныш, бұйығы су айдыны сияқты көрінгенімен, бұл – алдамшы көрініс. Ғылыми негіздерге сүйенсек, теңіз асты – үлкен бір әлем.