Қоғам • 30 Наурыз, 2022
Қоғамның түрлі саласында ерекше табыстарға қол жеткізген және Қазақстанның атын асқақтатқан аналар өте көп. Олардың өмір жолдары талайға үлгі-өнеге.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2022
Ұлы Наурыз мейрамына орай, дәлірек айтсақ Амал күні Маңғыстау облыстық перинаталдық орталықта ашылған ұлттық нақышта безендірілген босану бөлмесі жұртшылықтың қызығушылығын тудырды.
Өнер • 02 Наурыз, 2022
Жезде мен балдыздың әдемі әлемі
Маңғыстау даласында қара жер қойнынан қара алтынды сапырып жүрген мұнайшылар арасында өнерге жаны құштар, рухани жан-дүниесі бай жандар аз емес. Мұнай ағынына сырлы өнермен үн қосқан жезделі-балдызды қос өнерпаз – Айжарық пен Сәкен.
Қоғам • 16 Ақпан, 2022
Айқайшылар шын мұқтаждың жолын кеспесін...
Маңғыстау мазасызданып тұр. Әртүрлі талап қойған, бейнеүндеу жариялаған, митингілеткен ұжымдар қарасы көп. Тіпті, халықтың өзі қайсысыныкі дұрыс, қайсысыныкі бұрыс екенін бағамдаудан қалғаны белгілі. Ел арасында «митингтің мәнін кетіріп алған жоқпыз ба?», «митингке шығады» дегенге шығатындар көбейіп кеткен сияқты» немесе «бізге тыныштық керек» дегендей күбір-күңкіл сөздер естіледі. Күбір мен күңкіл болатын себебі қаттырақ айтуға алып-ұшып жүрген көпшіліктен қорқады.
Білім • 15 Ақпан, 2022
Ақтауда медицина университетінің филиалы ашылды
Ақтауда жоғары оқу орны жоқтың қасы. Әсіресе дәрігер мамандығын меңгергісі келгендер Ақтөбе, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына қарай бағыт түзейді. Бір жағы осы себептен де болар, Маңғыстауда дәрігер жетіспеушілігі жылдар бойы өзекті қалпында қалып келеді. Қазір Маңғыстау облысы дәрігерлердің тапшылығы жоғары өңірлер қатарына кіреді.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2022
Берекелі мекеменің берекесі неден қашты?
Республикалық газеттің өкілі ретінде маған бір топ жаңаөзендік тұрғын хабарласты. Бастан кешіп отырған жағдайлары ауыр, олар айдың күннің аманында қасақана тоналуда. Жаңаөзеннің жарасы онсыз да аз емес, ал алыстан ат ойнатып басына келген, тойымсыз құлқыны қаржыға құныға келген топтың қылмыстық әрекеті естіген жанды бейжай қалдырмайды...
Аймақтар • 14 Ақпан, 2022
Комиссия құрмаса жұмыс табылмай ма?
Халқының саны тығыз Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық – басты мәселе. Тығырықтан шығу жолы қандай? Қайткенде тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге болады?
Аймақтар • 11 Ақпан, 2022
Ақтау қаласын көркейту – күн тәртібіндегі мәселе. Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтары көп серуендейтін теңіз жағалауынан әртүрлі нысандар ашу жұмыстары жүргізіліп келеді. Жуырда демеушілік қаражат есебінен жеке кәсіпкер MasterMind командасының күшімен жағалауға «Бекіре» кіші архитектуралық нысаны орнатылды.
Білім • 27 Қаңтар, 2022
Джейкобс университетіне шақырту алды
Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Бейбарыс Орынбасар Германиядағы Джейкобс университетінде (Jacobs University) тегін оқуға шақырту алды.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022
Атасының «алтын баласы» еді...
Маңғыстаулықтар Ақтау қаласындағы «Достық» үйінде Алматы қаласындағы бүлік кезінде содырлар қолынан қапияда қаза тапқан жас батыр Бітім Мейірханды ақтық сапарға шығарып салды. 2002 жылы 11 маусымда Ақтауда өмірге келген Мейірхан қаладағы №11 мамандандырылған физика-математика гимназиясында білім алды. Тәртібі мен үлгерімі жағынан үлгілі Мейірхан мектепте достары көп, белсенді оқушылардың бірі болды.