Тарих • 16 Қыркүйек, 2021
Маңғыстау музейі көне жәдігермен толықты
200 жылдық тарихы бар бұл жәдігерді Маңғыстау музейіне белгілі археолог табыстады. Маңғыстау даласынан көненің көзін іздеп, талай тың жаңалықтарды ортаға салған танымал археолог Андрей Астафьев осыдан екі ғасырдан астам уақыт бұрын Каспий теңізінде жүрген кеменің бекіткіш бұрандалары мен шегелерін тауып алды. Тарихи жәдігер Түпқараған ауданына қарасты «Түлкілі сай» жеріндегі теңіз жағалауында көміліп жатқан.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2021
Мал шаруашылығына – қаржылай қолдау
Бүгінгі таңға дейін Маңғыстау облысында 600 ірі шаруа қожалығы мен 6 мыңға жуық жеке үй қожалықтарына қаржылай қолдау көрсетілді, дейді Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2021
Су тұщыту зауытының құрылысы басталады
Маңғыстауда ауыз су мәселесі жылдар бойы өзекті күйінде қалып келеді, тіпті тұрғындар саны артқан сайын мәселе қордалана түсті деуге болады. Мәселені шұғыл шешу қажеттігі күн тәртібіне шыққалы аз болған жоқ.
Экология • 15 Қыркүйек, 2021
Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Дәурен Түркпенбаев пен география пәнінің мұғалімі Біржан Жұмашев, тарих пәнінің мұғалімі Армат Дүйсалиев «Туған елге тағзым» зерттеушілік экспедициясы аясында Маңғыстаудың ұмытылған бұлақ көздерін іздеуге арналған шағын экспедицияға шықты.
Президент • 14 Қыркүйек, 2021
Өңір тынысын ашатын өркенді жобалар
Маңғыстау облысында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бағыттары белгіленді. Мемлекет басшысы белгілеген бірінші міндет – пандемиядан кейінгі ел экономикасын дамыту. Бұл бағытта өңір экономикасын әртараптандыру бойынша жүйелі жұмыс істеліп, негізінен өңдеу өнеркәсібі, туризм, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен көлік және логистика салаларын дамытуға басымдық берілуде.
Экология • 06 Қыркүйек, 2021
Улы көлге бөлінген қаржы игерілмей ме?
Қашаннан Маңғыстау – донор облыс. «Өле жегенше, бөле же»дегендей, қойнауынан шыққан қара алтыннан түскен табысты күллі елмен бөлісіп, ортақ қазанға қомақты үлесін қосып келеді.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2021
Мал шаруашылығына қолдау көрсетуде
Биыл Маңғыстауда жер жұтаң, яғни қуаңшылық. Орын алған мал шығыны шаруалардың ғана емес, жалпы халықтың алаңдаушылығын туындатты. Осы орайда қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға қаржылай қолдау көрсету үшін Үкімет резервінен 1,9 млрд теңге бөлінді. Нақтырақ айтсақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен Үкімет резервінен Маңғыстаудағы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басы үшін мал азығына жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге 1,9 млрд теңге мөлшерінде қайтарымсыз қаражат бөлінген болатын.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2021
Ірі құс фабрикасы – қажетті жоба
725 мыңға жуық халқы бар Маңғыстау облысы тауық етін осы күнге дейін өзге аймақтар мен алыс-жақын шетелдерден тасымалдап келді. Аймақ тұрғындары орташа есеппен жылына 11,5 мың тонна тауық етін тұтынатындықтан облысқа құс етін шығаратын кәсіпорын ашу қажеттігі байқалды. Осылайша, осы жылдың көктемінде Түпқараған ауданында алғаш рет бройлер тауығын өндіретін ірі құс фабрикасы өз жұмысын бастады.
Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2021
Ақтау – көшіп келушілердің саны ортаймай келе жатқан қала. Сондықтан қалада жаңа үйлер құрылысы қарқын алып тұр. Тіпті Ақтау – облыста тұрғын үй құрылысы бойынша алдыңғы орында.
Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2021
Маңғыстау облысында Конституция күні қарсаңында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.