Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1888 материал табылды

Аймақтар • 02 Тамыз, 2022

Су фонтандары – халықтың меншігі

Шуы көп Маңғыстауда суға қатысты кезекті дау туындады. Мұнайлы өңірде, көк теңіз жағасында отырып ауыз суға жарымайтын өлкеде суға қатысты дау-дамай бұрыннан бар. Бірақ бұл жолғы талас-тартыстың жөні де, жосығы да бөлек. Бұл шу айдаладағы фонтан басынан шықты. Нарықтың қиын кезінде күнелтудің қыспағына түскен байырғы тұрғындар малының ізін жоғалтпай, кеңшарлардан қалған құдықтар мен фонтандар төңірегінде бала-шағасының нәпақасын айырып, қалаға жөңкіле көшіп үйсіздер мен жұмыссыздар санын арт­тырмай, шаруашылығын шалқыта дамытып отыр. Шуға себеп – фонтанға ке­неттен «UNDERGROUND WATER» (Жерасты сулары) ЖШС-ның килігуі еді.

Аймақтар • 31 Шілде, 2022

Ақтаудағы ақ жауын

Ақтауда түн ортасында басталған жаңбыр ертесіне түске дейін тоқтаусыз жауып, шөл мен аптап ыстықтан арса-арса болған тал, өсімдік біткен жаңара бір жасап қалды. Тұрғындардың қуанышы өз алдына. Бірақ Ақтау көшелерінің телегей суға кетуі, сондай-ақ кейбір үй төбелерінен ішке су ағуы тұрғындарды біраз әбігерге салды.

Қоғам • 29 Шілде, 2022

Жолаушы тағдыры – жүргізушіге аманат

Қиыр-қиыр бағыттарға асыққан шиыр-шиыр жол көп. Жол қанша көп болса да, жол үстінде бір-бірімен жарыса алға ұмтылып, шартарапқа жөңкілген көліктер легі толас таппайды. Жол бойында оқыс оқиғалар көбейіп барады.

Қазақстан • 28 Шілде, 2022

VIII армия халықаралық ойындарына қатысады

Әскери қызметшілер Әзербайжан астанасы Бакуде АрХО аясында өтетін «Теңіз кубогы – 2022» кемелер экипаждарының конкурсына қатысу үшін дайындалуда.

Аймақтар • 22 Шілде, 2022

Өңірлердің дербестігі кеңейтілгені жөн

Маңғыстау облысында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиын барысында жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасы талқыланды. Маңғыстау облысында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиын барысында жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасы талқыланды.

Аймақтар • 19 Шілде, 2022

Тоғыз келін топ жарды

Елордада «Қазақ аналары – Дәстүрге жол!» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен I рес­публикалық «Абысын-ажын» байқауы өтті. Қазақы ділімізге жақын салт-дәстүр, туыс­­қандық, әулет, отбасы өміріндегі әйел-ана­ның алар орны арқау болған сайыс биыл алғаш рет өткізіліп, оған республика бойынша 10 топ қатысқан. Аталған сайысқа Маңғыстау облы­сының Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының Жауыновтар шаңырағының 9 келіні енесімен бірге қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.

Аймақтар • 19 Шілде, 2022

Ақтауда көтерме-тарату орталығының құрылысы жүруде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына арнайы жұмыс сапарымен келгенде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жиында инфляция деңгейінің жоғары екенін, мұның азық-түлік тауарлары бағасының тез өсуіне әсері барын айтып, Ақтау қаласында коммуналдық және көтерме базарларды салуды тапсырған болатын.

Қоғам • 19 Шілде, 2022

Полицейді кім қорғайды?

Ақтауда халықаралық турнир аясында Naiza Sport Week қазақстандық күрес лигасының апталығы өтіп, лига аясында ашық жаттығулар, чемпиондар мен олардың жаттықтырушыларының қатысуымен кездесулер, шеберлік сағаттары өтті. Турнирдің қызықты сәті теңіз жағалауында ұйымдастырылған Eagle FС және Naiza FC-ның бірлескен турнирі болды. Сол күні Ақтау қаласы ғана емес, бүкіл Маңғыстаудағы аудан-қалалардың ережесіз жекпе-жекке құмар жастары жан-жақтан ағылды. Сайысқа бұрынғы UFC чемпионы, ресейлік файтер, ережесіз жекпе-жектің жеңіліп көрмеген шебері Хабиб Нурмагомедовтің арнайы келуі жастардың қызығушылығын арттырса керек, 15 мыңдай адам жиналыпты.

Қоғам • 18 Шілде, 2022

Бір ұл, екі қыз...

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында Айым, Гүлім және Нұрым есімді үшем дүниеге келді. Биыл Ақтауда осымен екінші рет үшем дүниеге келді. Жалпы, жыл басынан бері облыстық перзентханада 4 319 нәресте жарық дүние есігін ашқан болса, соның 85-і егіздер.

Аймақтар • 13 Шілде, 2022

Бұрандалы сорғы шығаратын зауыт іске қосылды

Ақтау қаласында жылына 2 400 бұрандалы сорғы шығаратын зауыт ашылды. Жобаның құны – 5 млн еуродан асады және өндірісте 100-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады деген жоспар бар.