Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1849 материал табылды

Аймақтар • 19 Қазан, 2020

Жылыту маусымына дайындық: өрт қауіпсіздігі қаперде

Маңғыстауда құзырлы органдардың мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша барлық нысанның 2020-2021 жылғы жылыту маусымына 100% дайын екенін айтады. Дайындықтың бір бағыты өрт оқиғаларын болдырмау, апаттың алдын алуды пысықтау бағытында жүргізіледі. Биыл жыл басынан бергі 9 айдың ішінде 178 өрт тіркелген болса, оның ішінде тұрғын үй секторына тиесілі 65 өрт орын алған. Қуаныштысы, өртте қаза тапқандар тіркелген жоқ, бірақ әртүрлі дәрежеде 3 адам жарақат алған.

Аймақтар • 16 Қазан, 2020

Маңғыстауда "Жас маман" жобасы жүзеге асырылуда

Маңғыстауда "Жас маман" жобасы аясында материалдық-техникалық базамен жарақтандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының Білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев хабарлады. Бұл бастама 2019 жылғы еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын заманауи техникамен жабдықтау және білікті мамандармен қамту арқылы бүгінгі нарыққа қажетті мамандарды даярлау тапсырмасына сәйкес қолға алынды.

Аймақтар • 15 Қазан, 2020

"Каспий итбалығын бірге сақтайық" суретшілер байқауы мәреге жетті

Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Есенқос Әділбаев және табиғат пайдалануды реттеу бөлімінің басшысы Динара Еңсеген, облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып "Каспий итбалығын бірге сақтайық" суретшілер байқауының  жүлдегерлері мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 15 Қазан, 2020

Тәртіпке бағынбау – індетке жол ашу

Маңғыстау облысында соңғы күндері аты да, әлегі де жаман індетпен ауырғандар кездесуде. Бұл өңірде карантин шараларын енгізуге мүжбүр етті. Маңғыстау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қыз­меттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақы­лау департаментінің басшысы Ғазиз Надуевтің айтуынша, індет індеген жағдайда карантин талаптары күшейтілмек.

Аймақтар • 15 Қазан, 2020

Жаңаөзен мәдениетінде жаңалық мол

Жаңаөзен, ондағы мұнай компа­ния­сының өндірістік қарқыны мен қала­ның әлеуметтік-экономикалық ахуалы туралы аз айтылып жүрген жоқ. Апат­ты тұрғын үйлер мен одан шыға­рыл­­ғандардың жанайқайы да талай қалам­ның ұшына, талай желінің нысанасына ілікті. Мұнайлы қала туралы түрлі тақы­рыпта айтылғанмен көбіне тасада қалып, бірақ өзіндік жұмысын ырғақты қалпынан жаңылдырмай жүргізіп келе жатқан сала – қаланың мәдениет саласы.

Аймақтар • 13 Қазан, 2020

Маңғыстау облысында 567 мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіледі

Маңғыстау облыстық коммуникация орталығында өткен брифингке "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ КЕ Маңғыстау облысы бойынша филиал директорының орынбасары Айбек Мұзбаев қатысты. Ол пандемияға байланысты ХҚКО қызмет алушы мен мамандардың денсаулығы үшін жағдай жасалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Аймақтар • 13 Қазан, 2020

Сайын Шапағатовқа ауыл мектебінен мұражай ашылды

Алаштың біртуар ұлы, қоғам қайраткері Сайын Нәдірұлы Шапағатовты 80 жылдығына орай, еске алу шарасы Түпқараған ауданында атап өтілді. Бұл туралы Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімі Ғабиден Нұржаубай мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Коронавирус • 13 Қазан, 2020

Маңғыстауда COVID-19 жұқтырған 5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Маңғыстау облысында 11 қазан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясымен ауырып, карантиндік стационарда жатқан  науқастардың саны 57-ге жетті. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 09 Қазан, 2020

Ақтау колониясында тінту кезінде 300-ден астам ұялы телефон тәркіленді

Биылғы жылдың 9 айында жоспарланған іздестіру іс-шаралары барысында 348 ұялы байланыс құралдары, 105 тесуге және кесуге арналған заттар тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 07 Қазан, 2020

Маңғыстауда эпидемиялық ахуал тұрақты

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz