Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
2042 материал табылды

Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2021

Мал шаруашылығына қолдау көрсетуде

Биыл Маңғыстауда жер жұтаң, яғни қуаңшылық. Орын алған мал шығыны шаруалардың ғана емес, жалпы халықтың алаңдаушылығын туындатты. Осы орайда қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға қаржылай қолдау көрсету үшін Үкімет резервінен 1,9 млрд теңге бөлінді. Нақтырақ айтсақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен Үкімет резервінен Маңғыстаудағы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басы үшін мал азығына жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге 1,9 млрд теңге мөлшерінде қайтарымсыз қаражат бөлінген болатын.

Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2021

Ірі құс фабрикасы – қажетті жоба

725 мыңға жуық халқы бар Маңғыстау облысы тауық етін осы күнге дейін өзге аймақтар мен алыс-жақын шетелдерден тасымалдап келді. Аймақ тұрғындары орташа есеппен жылына 11,5 мың тонна тауық етін тұтынатындықтан облысқа құс етін шығаратын кәсіпорын ашу қажеттігі байқалды. Осылайша, осы жылдың көктемінде Түпқараған ауданында алғаш рет бройлер тауығын өндіретін ірі құс фабрикасы өз жұмысын бастады.

Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2021

Жаңа пәтерге ие болды

Ақтау – көшіп келу­шілердің саны ортаймай келе жатқан қала. Сондықтан қалада жа­ңа үйлер құрылысы қар­­қын алып тұр. Тіпті Ақтау – облыста тұрғын үй құ­рылысы бойынша ал­дың­ғы орында.

Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2021

Халық саны екі есе өсті

Маңғыстау облысында Конституция күні қарсаңында ел Тәуел­сіз­дігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: Жасам­паздыққа толы жылдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аймақтар • 31 Тамыз, 2021

Салынған жолдың сапасы жақсарды

Жол құрылысында ақау жоқ. Бұл сұраққа «Маң­ғыс­­тауда жолдар сапалы са­лынуда» деп жауап береді Ұлттық жол сапасы орта­лы­ғы­ның Ақтаудағы өңір­лік филиалының басшысы Елтай Таялиев.

Аймақтар • 31 Тамыз, 2021

Ауыз су мәселесі қалай шешілуде?

Ауыз су әлемдік мәселеге айналып тұрған кезде тұщы су көзі қат Маң­ғыс­таудағы ахуал айт­паса да түсінікті. Су жетіс­пеу­ші­лігі тұр­ғын­дар­дың жиі көте­ретін негізгі талап­та­ры­ның бірі. Осы орайда Маңғыстау облысы әкімінің баспаөз қызметі өңірде ауыз су мәселесін шешу үшін жасалып жатқан жұмыстардан хабардар етті.

Қоғам • 27 Тамыз, 2021

Халықтың Сақыбы еді

Әр өңірде елге еңбегімен, парасатымен танылған, ортаға сыйлы айтулы азаматтар болады. Маңғыстауда Сақып Керелбаев десе оны білмейтін де, құрметтемейтін де адам жоқ. Жас­тайынан елге қызмет етіп, өңірдің ғана емес, елдің дамуына үлкен үлесін қосқан азамат бұл құрметке лайықты да. 1947 жылы Маңғыстау ауданының Таушық ауылында туған ол – Батыс Қазақстан ауылшаруашылық инсти­тутын, Алматы Жоғары партия мек­тебін, Ресейдің Плеханов атын­дағы мемлекеттік академиясын бітірген экономист, саясаттанушы, менеджер.

Медицина • 15 Шілде, 2021

Медицина қызметкерлері вакцина алды

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 7,2 мыңнан аса медицина саласының қызметкері COVID-19 инфекциясына карсы вакцинаны салдырған.

Аймақтар • 11 Шілде, 2021

Маңғыстаудың мұңы

Маңғыстауда мәселе шаш-етектен. Жаз басталысымен су жетпей шелегін даңғырлата дағдарған тұрғындар мәселесіне іле мал шығыны қосылып, коронавирустың үдеуі де мазаны қашырып тұр. Маңғыстауда қазір «ат арыса – тулақ, ер арыса – аруақ» дегендей қиын жағдай орнады.

Технология • 04 Маусым, 2021

Жылдың үздік стартап жобалары

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің авторлық жобасы – Caspian Startup – 2021 халық­аралық стартап-жобалар байқауы өз мәресіне жет­ті. Үшінші рет өткізілген іс-шараның тақырыбы ретін­де жаңаратын энергия көздері таңдалды – ұйым­дас­тырушылар жастарды да, кәсіпкерлерді де баламалы энергия көздерімен таныстыру мақсатын ұстанды.

Яндекс.Метрика