Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
2040 материал табылды

Оқиға • 15 Сәуір, 2021

Алтынқазған мен Қарақабақ Маңғыстау археологиясының үлкен жаңалығына жатады

Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының мәлімдеуінше, соңғы бес жылда Маңғыстау аумағында әлемдік деңгейдегі екі археологиялық жаңалық ашылды. Алғашқысы – Алтынқазған жерінен табылған біздің дәуірімізге дейінгі І-VI ғғ. үлкен діни-қабірлеу кешені. Онда зәрдүш және ежелгі көшпенділер дәстүрінде жерлеу рәсімдері өткізілген. Кешен өткен ғасырларда қатты тоналған. Соған қарамастан археологтер элиталық құрбандықтар бөлігін тапты.

Қоғам • 30 Наурыз, 2021

Өңірдің өркендеуі – жолынан

Жол жағдайы көпке дейін Маңғыстаудағы өзекті мәселелердің бірі болып келген еді. Бірақ соңғы оншақты жыл көлемінде жүргізілген жұмыстар өңірдің жол сапасын едәуір жақсартты. «Қазіргі таңда көлік жолдарының 80%-ның сапасы жақсы және бұл көрсеткіш көптеген аймақпен салыстырғанда көш ілгері» дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының мамандары.

Қазақстан • 29 Наурыз, 2021

Мифология мұзжарғышы

2000 жылдардың бас кезінде қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, тарихына, география ғылымы мен ұлт этнографиясына, философия­сына, халқымыздың жалпы руханиятына Серікбол Қондыбай есімі мен еңбегі өзгеше құбылыс болып енді. Филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Қажыбекше айтсақ, «мифтік реконструкция сала­сындағы мұзжарғыш қасиетке ие» Серікболдың ғылыми шығар­машылығы ұлттың жоғалғанын соны пайымдармен түгендеп қана қоймай, бұған дейін белгісіз болып келген ұлттық бол­мысымыздың түп-тұқиянына қатысты кейбір мәселелерге, түр­кі дүниесі құндылықтарының шығу төркініне, есте жоқ ескі заман­дағы ата-бабаларымыздың дүниетаным көкжиегіне тың ізденістермен талдау жасайды. Филология ғылымдарының докторы А.Сейдімбектің «Серікбол Қондыбай қазақ тарихын иісі түркі тарихының, түркі тарихын жалпыадамзаттық тарихтың құрамдас бөлігі ретінде зерделеді. Нәтижесінде, қазақ тарихының философиясы деп аталатын ғылым саласының бағыт-бағдары анағұрлым айқындала түсті», деуі осыдан еді.

Аймақтар • 19 Наурыз, 2021

Бейнеудің бәтеңкесі «бренд» болса ғой!

Шетелдіктер ұлтарақтай бөлігін таба алмай, қазақ даласынан келіп тиын-тебенге саудалап өз елдеріне құмырсқаша тасып, кейін өзімізге бағасы аспандап тұрған қымбат тон, аяқкиім етіп қайта сатып жүрген мал терілерін өңдеу, оны кең көлемде кәдеге жарату Қазақстанда шешімін таппаған мәселе.

Қоғам • 19 Наурыз, 2021

Жаңаөзенде оңалту орталығы ашылды

Туғанынан тағдырдың тауқыметін тартып, әртүрлі дерттің тырнағына ілініп жататындар жоқ емес. Қоғамда «мүмкіндігі шектеулі» деп аталатын бұл жандарға, әсіресе, балаларға жағдай жасау – міндет. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында Жаңаөзен қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Бала­қай» оңалту орталығы пайдалануға берілді.

Экология • 18 Наурыз, 2021

Улы көлдің «жыры» аяқтала ма?

Әдетте жыр мен жыршы туралы айтылатын «таңды таңға ұрып жырлау» деген тіркесті Маңғыстаудағы Қошқар ата улы көліне қатысты «жылды жылға ұрып айтқан жыр» деп өзгерте қолдануға болады.

Аймақтар • 15 Наурыз, 2021

Сотталғандар Амал мерекесін атап өтті

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесіндегі шаруашылық жұмыстары үшін қалдырылған сотталғандар арасында Амал мерекесіне орай іс-шара өткізілді. Іс-шараның ашылуы ГМ-172/10 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі  Е.Сузақбаев құттықтау сөзімен басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 04 Наурыз, 2021

Қоғам қайраткері Болатхан Тайжанды еске алу іс-шарасы өтті

Елші, қоғам қайраткері Болатхан Тайжан  туралы  сөз болғанда 1963 жылы Мәскеуде құрылған жас тұлпарлықтарды еске алмай кетпеу мүмкін емес.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2021

Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты түзеу мекемелерінің қызметкерлері бірнеше жыл қатарынан көмекке мұқтаж адамдардың өмірін аман алып қалу мақсатында ерікті түрде қан тапсыруда.

Руханият • 04 Наурыз, 2021

Құсбегі

Құсбегілік – халқымыздың сүйікті де төл өнері. Маң­ғыстау өңірінде де баба мұ­раны қастерлеп, кейінгі ұрпаққа үйрету бағытында еңбектеніп жүргендер жоқ емес. Солардың бірі – Жа­ңа­­өзен қаласына қарас­ты Қызылсай ауылының тұр­ғыны Жеңісхан Бақболат­ұлы.

Яндекс.Метрика