Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020
Қайтарымсыз мемлекеттік грант алғандар кәсібі қалай жүруде?
Қайтарымсыз мемлекеттік грант алған мұнайлылықтар кәсібін өркендетіп отыр, дейді Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлбақыт Ақниязова. Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 24 Қыркүйек, 2020
Кәсіпкерліктің зардап шеккен салалары қалпына келе ме?
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың Өңірлік кеңестердің жаңа мүшелерімен кездесулерінде көптеген мәселелер көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 24 Қыркүйек, 2020
Әлия мен Әсия Маңғыстау ауданы Шайыр ауылында тұрады. Сурет әлемінің қыр сырын меңгерген егіз қыздар кез келген суретке «тіл» бітіріп, мінез береді. Олардың көптеген туындылары облыс көлемінде жүлделі орындарды иеленген. Бүгінде екеуі Орал қаласындағы жоғары оқу орнының бірінші курс студенті.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2020
Әкім есебі: Өтіріктің ұяты, халықтың обалы кімге?
Аңғарғаным – өткен шақ туралы жеңіл айтып, әдемі сөйлеу оңай, әсіресе әкімдерге. Болашақта атқарылуы тиіс, тіпті міндетті жұмыстарды «күтіледі, межеленген, іске асып жатса» деп біту-бітпеуіне өзге түгіл өздері дүдәмал көңілде сүйкей салды сөз саптайтын әкімдердің есептеріне қарасаңыз – «біткен істің міні жоқ, бітірген ердің кемі жоқ». Алайда құйрығы бір-ақ тұтам болып келетін өтірік ақиқаттың айбарына шыдамай қыңсылай қашып, мінсіз есептің абыройын айрандай төккеніне куә болдық.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2020
Шетпеліктер неге шырылдап жүр?!
Маңғыстау ауданының орталығы – Шетпе ауылында қазір экологиялық мәселе ушығып тұр. Батысы мен шығысынан қаптаған карьерлер, солтүстігінен әу баста ауыл тұрғындары үшін салынған, қазір мұнай мекемелерінің де қалдық сулары құйылатын қауіпті кәріз суы орны, оңтүстігінен цемент зауыты ауылдың күнін бір уыс қылғандай қысып, экологиясын бірнеше жыл бойы бүлдірудей-ақ бүлдіріп келеді.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2020
Бүгінде қандай шаруаның басы-қасынан еріктілерді кездестіруге болады. Үлкен күшке айналып үлгерген олардың қатары күннен-күнге көбейіп келеді, оған қарап халыққа көмек қолын созуға құштар отандастардың, әсіресе жастардың көп екендігін аңғарасың, аңғарасың да қуанасың.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2020
"Шаңырақ" бағдарламасы бойынша құжат қабылдаудың екінші кезеңі басталды
Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ МОФ директоры Медет Әбуғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2020
Маңғыстау облысында 2021 жылы екі бағытта ақылы жол іске қосылады
Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Маңғыстау облысы филиалының директоры Айбек Әнуарбековтың мәліметінше, келер жылдан бастап, 661 шақырым жолды ақылы ету жоспарланып отыр. Оның бірінші бағыты “Ақтау-Бейнеу”. Екінші бағыт “Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы”. Осы бағыт бойынша тек ауыр жүк көліктері ақы төлейді. Көлік дәлізінің тәуліктік қарқындылығы 2500 автокөлік, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2020
Жасыл желекті «жақтырмайтын» Ақтау
Ақтауға ағаш отырғызылып, көгал егілмеген кез кемде-кем. Жыл сайын көктем шыға жерді қопсытып, бұталы өсімдіктерді буду-буда етіп отырғызу – үйреншікті көрініс. Жұмыс жылдар бойы үздіксіз жалғасады, бірақ Ақтау жасыл желек жамылмайды. Неге? Маңғыстаудың шөлейтті климатында ащы сулы теңіздің жағасында ағаш отырғызып, жасылға жан бітірудің «тілін» таба алмадық па? Уақытымен суарып тұрса қаулай құлпырғысы келіп тұрған өскінге мезгілінде су жетпеудің салдары ма?
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020
Қарақияда полицейлерге планшеттер мен термопринтерлер берілді
Құрық ауылы әкімі аппаратының қолдауымен Қарақия аудандық полиция бөліміне 5 планшет және 5 термопринтер тарту етілді. Бұл туралы Құрық ауылының әкімі Ғабит Салихов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz