Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1575 материал табылды

Сұхбат • 04 Қазан, 2023

Хан ордасында не жаңалық бар?

Батыс Қазақстан облысының қиыр шетінде, Орал қаласынан 550 шақырымда орналасқан тарихи нысан – Хан ордасы ауылы деп аталады. Бұл – Кіші жүзде билік құрған Нұралы ханның ұлы Бөкей ханның Еділ мен Жайық арасында шаңырақ көтерген, кейін оның ұлы Жәңгір хан дәуірлеткен Ішкі қазақ ордасының астанасы болған киелі мекен. Күллі қазақ даласында сән-салтанатын жоймай сақталған жалғыз хан ордасы да осы жер. Бүгінде «Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық мұражай-қорығы» аталып, бүкіл бір өлкенің жылнамасын жиып отырған үлкен мекеменің басшысы, «Өнер саласының үздігі» Ғайса Мақымовқа жолыққан едік.

Қоғам • 02 Қазан, 2023

Аналардың алқалы жиыны

Батыс Қазақстан облысында республикалық Аналар кеңесінің форумы өтті. Орал қаласындағы Достық үйінде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» тақырыбымен бас қосқан жиында рухани-адамгершілік тәрбие барысы талқыланып, өңірлік Аналар кеңестері өз тәжірибесімен бөлісті.

Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2023

Аналардың алқалы жиыны өтті

Батыс Қазақстан облысында республикалық Аналар кеңесінің форумы өтті. Орал қаласындағы Достық үйінде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» тақырыбымен бас қосқан жиында рухани-адамгершілік тәрбие барысы талқыланып, өңірлік Аналар кеңестері өз тәжірибесімен бөлісті.

Ауыл • 27 Қыркүйек, 2023

Ауылдағы дәрігерлік нысан

Батыс Қазақстан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында екінші нысан пайдалануға берілді.

Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2023

Іскер әйел ескерткіші

Орал қаласында қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында қазақтың іскер әйеліне арналған «Арман құсы» атты ескерткіш орнатылды. Ескерткіш орналасқан Абай даңғылы бойындағы саябақ та жаңадан абаттандырылған.

Парламент • 18 Қыркүйек, 2023

Тағы да киік тағдыры туралы

Парламент Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті жақында Орал қаласында көшпелі отырысын өткізді. Отырыста өңірдегі ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілдер, әсіресе киік санын шектеу туралы мәселе сөз болды.

Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2023

Стансаға есімі берілді

«Орал» компрессорлық стансасына «Қазақгаз» ұлттық газ компаниясының тұңғыш президенті, газ саласының еңбек сіңірген қайраткері Есет Рауатұлы Әзірбаевтің есімі берілді.

Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2023

Үш жылда – 36 мектеп

Батыс Қазақстан облысында 36 мектеп салынады. 23-інің құрылысы қазірдің өзінде басталып кетті. Ал Білім күні Бәйтерек ауданындағы Макаров ауылдық округіне қарасты Жалын ауылында 54 орындық жаңа мектеп ғимараты оқушыларға есігін айқара ашты.

Басылым • 03 Қыркүйек, 2023

Алтай батыр және оның заманы

Биыл көктемде оралдық зерттеуші, тарих ғылымдарының кандидаты Жәнібек Исмурзиннің «Алтай батыр және оның заманы» атты монографиясы жарық көрген еді. Ғалымның талай жылдан бері ізденісіне арқау болған еңбек мамандар тарапынан оң бағасын алып жатыр.

Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2023

Елдің ең қастерлі құжаты

Орал қаласындағы «Атамекен» ордасында Ата заң күніне орай «Конституциялық құндылықтар – мемлекет пен қоғам дамуының негізі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Яндекс.Метрика