Аймақтар • 05 Қаңтар, 2022
Теректінің үздік ауылы көлікті болды
Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданында «Үздік аула» және «Үздік ауыл» жобасы қорытындыланды. Аудандағы 15 округ ішінен үздік шыққан Ақжайық ауылы әкімдігіне су жаңа «Газель» көлігі табыс етілді.
Аймақтар • 01 Қаңтар, 2022
Батыс Қазақстан облысында «Орал қаласының тарихы» атты жаңа танымдық ақпараттық интерактивті кітабының таныстырылымы болды.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2021
2021 жылдың соңғы аптасы Батыс Қазақстан облысында қазақы сөз өнерінің жалауы биік желбіреген күндер болды. Қадыр Мырза Әлі атындағы Мәдениет және өнер орталығының үшкүндік шаралар тізбегі жырсүйер, өлеңсүйер қауымды тәнті етті.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2021
Тәуелсіздік мерекесі аясында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы Ақсуат ауылында ұялы байланыс жүйесі іске қосылып, ауыл тұрғындары үлкен қуанышқа бөленді.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2021
Батыс Қазақстан облысында желтоқсанның 16-17-сі күндері 72 сәби дүниеге келді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне Президент атынан оларға арнайы сыйлық табыс етілді.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2021
БҚО Ақсуат ауылында ұялы байланыс жүйесі іске қосылды
Тәуелсіздік күні мерекесі аясында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы Ақсуат ауылында ұялы байланыс жүйесі іске қосылып, ауыл тұрғындары үлкен қуанышқа бөленді, деп жазады Egemen.kz.
Елбасы • 15 Желтоқсан, 2021
Елбасының тағы бір ерлігі туралы
1991 жылы Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеп жүріп Таулы Қарабақтағы «ыстық нүктеге» тап болған, ол аздай армян жасағының тұтқынына түсіп, ауыр азап шеккен Бауыржан Досқалиевтің тағдыры біздің газет оқырмандарына таныс шығар. Осыдан бір жыл бұрын жарық көрген «Қап тауындағы тұтқын» (https://egemen.kz/article/256777-qap-tauyndaghy-tutqyn) атты мақаламыз әзербайжан елінің ақпарат құралдарына да жарияланып, екі елге қатар танылған еді. Сол батыр Бауыржан жақында тағы хабарласты. «Біз, «Таулы Қарабақ ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің 100-ге тарта мүшесі, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қарабақ соғысының ардагері» деген атақ беруді және тиісінше мемлекеттік марапатқа ұсынуды сұраймыз!» дейді бірлестік төрағасы.
Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2021
Алғашқы қорытынды: екі жинақ әзір
Батыс Қазақстан облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі жұмыстың алғашқы қорытындысы шығарылды. Жақында баспадан екі жинақ жарық көрмек.
Тарих • 25 Қараша, 2021
Шыңғырлаудағы 1916 жыл оқиғасы
Жақында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында болғанымызда, Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінен төмендегі материалды көріп қалдық. Бір қызығы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының 10 жылдығы тұсында, яғни 1926 жылы оқиға куәгерлерінің естелігі жинақталған екен. Қазақ даласын түгел қамтыған толқу Батыс Қазақстан облысында да ерекше болған. Әсіресе, Шыңғырлау өңірінде болыс пен писардың өліміне ұласқан көтеріліс басшылары Орал түрмесінде өлім жазасына тартылған болатын. Биыл 105 жыл толған осы оқиға туралы сол кездегі Орал губерниясы Елек уезі Қарашығанақ мектебінің мұғалімі Әділгерей Иманұлы жазып қалдырған естелікті (15 қазан, 1926 жыл) ұсынамыз. Жазбаны төте жазудан аударып оқыған – Ұлттық кітапхана Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің қызметкерлері.
Коронавирус • 23 Қараша, 2021
Орал қаласына Pfizer компаниясы өндіріп шығарған «Комирнати» вакцинасының 29 250 дозасы жеткізілді. Қазір екпе медицина ұйымдарына таратылуда. «20 қарашадан вакциналау басталады» деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманова.