Экономика • 24 Мамыр, 2023
Жақында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде өңірдегі жол мәселесін талқылаған жиын өтті. Өңір басшысы Нариман Төреғалиев қазіргі қалыптасқан жағдайды саралай келіп, тиісті мекемелер мен аудан басшыларына өткен жылдардың кемшілігін қайталамауды қатаң тапсырды.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2023
Ахмет Мәметовке құлпытас қойылды
Кеңестік репрессия жылдары жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырап, атылып кеткен арыстарымыз аз емес. Олардың көпшілігінің соңғы мекені – зираты да белгісіз. Осындай аяулы азаматтың бірі Ахмет Мәметов болатын.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2023
Үздік әкімге автокөлік сыйлайды
Батыс Қазақстан облысына қарасты Қазталов ауданында ерекше байқау басталды. Ауданға қарасты 16 ауылдық округ әкімі өзара жарысқа түсіп, ең үздігі анықталмақ. Бас жүлдеге жол талғамайтын автокөлік тігілген.
Сұхбат • 22 Мамыр, 2023
Абзал Құспан: Мәдени тұжырымдама – бірегейлік пен қауіпсіздік кепілі
Мамыр мерекелеріне орай жарияланған аз күнгі демалыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан өзінің туған жеріне, Батыс Қазақстан облысына келді. Жақында ғана Мәжілісте ұлттық мәдениет мәселелеріне байланысты депутаттық сауал жолдаған халық қалаулысымен жүздесіп, бірер сұрақ қойған едік.
Музей • 18 Мамыр, 2023
Еліміздегі ескі мәдениет ошақтарының бірі – Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі. Тарихтың куәсі саналатын мәдениет орны тәуелсіз мемлекетімізге абыроймен қызмет етіп келеді.
Тұлға • 17 Мамыр, 2023
Орал қаласында танымал сатирик, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, өмірден ерте кеткен Рашид Шақуды еске алу кеші өтіп, қаламгер тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
Құқық • 11 Мамыр, 2023
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Батыс Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы басшысы Зәуірбек Қыпшақбаевтың үстінен қозғалған іс сотқа жетті. Оған жергілікті кәсіпкерден 32 млн теңге пара алды деген айып тағылған. 14 сәуір күні алғашқы сот отырысы өтті.
Мереке • 10 Мамыр, 2023
1941-1945 жылдар аралығында Ақжайық өңірінен 76 мың азамат майданға аттанса, олардың 36 мыңы сол қырғында қаза тапқан екен. Жау әскерінің табаны қазақ жеріне тимесе де, соғыстың алапат өрті Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Бөкейордасы аудандарын шарпып өтті.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2023
Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы ардагерлері арасында вокалды топтардың «Майдан әндері» атты облыстық ән байқауы өтті.
Әскер • 06 Мамыр, 2023
Орал қаласындағы 5517 әскери бөлім Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысымен 1995 жылы құрылған. Отыз жылға таяу уақыт қоғамдық тәртіптің сақталуына үлес қосып келе жатқан бөлімнің тыныс-тіршілігімен кәсіби мейрам тұсында арнайы танысып қайттық.