Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1712 материал табылды

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының жоспары жарияланды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Үлкен Алматы айналма жолының жоспарын жариялады. Жобаға сәйкес Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы Алматы қаласы орталығынан 20-25 шақырым жердегі Қарасай, Іле және Талғар аудандарының аумақтарына жататын қала маңы аймағында орналасқан.

Әлем • 22 Сәуір, 2020

Ресейде шектеу шаралары мамыр мерекелеріне дейін ұзартылады

Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас маманы-эпидемиолог Николай Брико елде шектеу шараларын тыюдың әлі де ерте екендігін мәлімдеді. Ресей елі әзірге COVID-19 індетінің таралуы бойынша шарықтау шегіне жете қойған жоқ.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Алматының Мохнатка тауындағы өрт сөндірілді

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, бүгін кешкі 17:15-те кезекші бөліміне Медеу ауданындағы Керей мен Жәнібек хандары көшелеріне жақын маңдағы тауда өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

ҚазҰАУ мамандары агрокешенді дамыту сұрақтарына жауап берді

Қазақ ұлттық аграрлық университетте еліміздің әр аймағындағы ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында университет ректоры Тілектес Есполов онлайн конференция өткізді. Конференцияға республиканың 10 облысынан екі мыңнан астам ауыл кәсіпкерлері мен аграрлық сала қызметкерлері байланысқа шықты.

Технология • 22 Сәуір, 2020

Жастарға арналған Xiaomi MIUI 12 және Mi 10 Lite сатылымға шығады

Xiaomi MIUI 12 және бюджеттік Mi 10 Lite-дің тұсаукесер күнін жариялап, қытайлық Xiaomi компаниясының өкілдері MIUI 12 мен «перископы» бар Mi 10 Lite смартфонының презентациясын өткізбек. Бренд өнімдері бір уақытта Қытайда жарияланады. Xiaomi өкілінің айтуынша, жаңа құрылғылар нарыққа 27 сәуірде шығады.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Оқушылар денсаулық саласында қолданатын роботтар жасауды жоспарлауда

Алатау ауданындағы математика-физика бағытындағы №178 лицей оқушылары роботты техника үйірмесінде радио жүйесі арқылы басқарылатын, адамдардың дене қызуын өлшейтін және залалсыздандыруда қолданатын робот ойлап шығаруды жоспарлап отыр.  Қазіргі кезде мектептегі үйірме жұмыстарына қатысатын 5-10-сыныптың белсенді оқушылары бағдарламаларды қашықтан жүйелеу жұмыстарын жетілдіру үстінде.  

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

«Ғылым қоры» «Stop-coronavirus!» онлайн-байқауын өткізді

«Stop-coronavirus!» онлайн-байқауының нәтижесі бойынша ҚазҰУ-дың әзірлемелері Үкіметке жіберіледі.

Қазақстан • 22 Сәуір, 2020

БҰҰДБ COVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстанға қолдау көрсетуде

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) халықтың осал топтары үшін COVID-19 пандемиясының әлеуметтік-экономикалық салдарын жеңілдетуге байланысты Қазақстан үкіметіне қолдау көрсету шараларын қабылдауда.

Қазақстан • 22 Сәуір, 2020

Республикалық физика-математика мектебі «Reader Challenge» шақырады

Нұр-Сұлтан қаласындағы РФММ «Reader Challenge» эстафетасын Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық Мирас мектебінен қабылдап алып@miras_nursultan_kz., «Reader Challenge» марафонына Алматы қаласындағы физика-математика мектебін РФММ @fizmat.almaty қатысуға шақырып отыр.

Әлем • 21 Сәуір, 2020

Италияда алып жанартау оянды

Еуропадағы ең белсенді Этна жанартауы өткен жұмадан бастап атқылай бастаған. Euro Weekly News мәліметтеріне сүйенсек, жанартау 2013 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне алынған.