Қоғам • 18 Желтоқсан, 2019
Алматыда Орталық Азияда су ресурстарын пайдалануға байланысты өңірлік конференция өтуде
«Су ресурстарын тұрақты басқару жүйесіндегі инновациялық тәсілдер және шешімдер және оларды Орталық Азия жағдайында пайдалану мүмкіндіктері» конференциясында өңірлік су серіктестігі ұйымдарының халықаралық ынтымақтастығын дамыта отырып, Арал теңізі алқабында жер және су ресурстарын орнықты басқарудың әртүрлі әдіс-тәсілдерімен, озық технологияларымен және тәжірибелерімен танысуға жиналған қазақстандық және шетел мамандары Арал теңізінің құрғақ аудандарын өңірлік басқаруды жақсарту, алдыңғы мемлекетаралық шешімдердің басымдықтары мен негізгі қағидаларына сәйкес сумен жабдықтау жүйесіндегі түйткілді мәселелерді талқылауда.
Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019
Алматыдағы метро аялдамаларында лаңкестік әрекеттердегі іс-қимылдарға қатысты акция өтті
Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау орталығының» бастамасымен «Райымбек батыр», «Абай», «Мәскеу» метро аялдамаларында «Лаңкестік шабуыл кезінде қалай әрекет ету керек?» акциясы өтіп, онда ақпараттық материалдар таратылып, мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Руханият • 17 Желтоқсан, 2019
«Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі» экспозициясы заманауи форматта ұсынылған
Жиырма жылға жуық тарихы бар Алматы музейі алматылықтар үшін қала тарихы, Жетісу өлкесінің тарихын танудағы ірі мәдени орталықтардың бірі.
Руханият • 17 Желтоқсан, 2019
«Қызғылт фламинго туралы аңыз» музыкалық-театрландырылған композициясы өтті
Алматыдағы Достық үйінде Тәуелсіздік мерекесіне орай рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында жетім балалар мен аз қамтылған отбасы балаларына арналған «Қызғылт фламинго туралы аңыз» музыкалық-театрландырылған композициясы өтті.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2019
Зергерлік бұйым жасаудың технологиясын студенттерге зергер маман түсіндірді
Тамыры тереңге кететін қазақтың зергерлік өнерін насихаттау мен ата-бабадан қалған асыл мұра – ұлттық қолөнеріне деген қызығушылық ғасырдан-ғасырға жалғасып келеді. Ұлттық болмысымызды айқындайтын, қазақ даласында атадан балаға мирас болып келе жатқан қолөнер - зергерлік өнері замануи қоғамда да кәсіби сипат алып, өндіріс алаңдарына айналған. Қазақтың зергерлік өнерін насихаттау мен жастарға үйрету мақсатында Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінде арнайы пәндер онкүндігі аясында «Зергерлік бұйым жасау» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2019
DAISY цифрлы жүйесі мен замануи құралдар зағиптардың кітап оқуын жеңілдетеді
Елу жылға жуық тарихы бар Алматыдағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана бүгінде зағип жандардың бар өміріне және қызметіне қоян-қолтық араласа отырып, оңалту, әлеуметтену, білім алу, демалу орталығына айналған.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2019
Алматылық қарияларға арналған кеш өтті
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласындағы жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, зейнет жасындағы отбасыларға арналған «Қамқор» Әлеуметтік тұрғын үйінде «Алатау» дәстүрлі өнер театрының мүгедектерге мәдени қызмет көрсету мәдениет үйінің, Федор Зражевский жетекшілік ететін «Қаламқас» вокальды ансамблі қарттар назарына арнайы концерт ұсынды.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2019
Білікті мамандар тәжірибесін арттыру меморандумына қол қойды
Тәуелсіздік мерекесіне орай өткен салтанатты шарада Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетімен арадағы меморандумға қол қойылды. Маңызды құжатқа сәйкес журналистика факультетінің баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының студенттері Кітап палатасында тегін өндірістік тәжірибеден өтіп, үздік оқыған студенттердің жұмысқа орналасуы қарастырылған.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2019
Шебер-ұстаз тенор домбыра жасаудан шеберлік дәрісін өткізді
Өнертанушы-зерттеуші ғалым Болат Сарыбаев пен Оразғазы Бейсенбекұлынан тәлім алған, бүгінде өзі шәкірт тәрбиелеп, өнердің бәйгесіне қосып жүрген шебер-ұстаздың дәрісі тәлімгерлер үшін бағалы.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2019
Шығармалары классикаға айналған Гүлфайрус Ысмайлованың туғанына – 90 жыл
Желтоқсан айының 15-і күні туғанына 90 жыл толған Гүлфайрус Ысмайлованы еске алғанда суретшінің теңдессіз туындылары мен қазақ өнеріне салып кеткен соны соқпағына бір үңілмей байыз таппайтынымыз анық.