Руханият • 16 Желтоқсан, 2019
Әбіш Кекілбаевты еске алу кеші өтті
Ұлттық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевты еске алу кеші өтті.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2019
Ы.Алтынсариннің «Мактубат» хрестоматиясының 120 жылдық тарихы бар
Кітап палатасының мұрағатында тарихы 120 жыл болған Ы.Алтынсарин «Мактубат» хрестоматиясы сақталған.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2019
Сирек қорда А.Құнанбаевтың жеке хатшысы Мүрсейіт Бікеұлының қолымен жазылған өлеңдері сақталған
Қазақстандағы аса ірі ғылыми кітаптар қоры бар, ғылыми жаратылыстану депозитарийі қызметін атқарып отырған (5,7 млн дана) – «Ғылым ордасының» Орталық ғылыми кітапханасы. http://library.kz деректері бойынша кітапхананың сирек кітаптар қоры - 91 мың дана, қолжазбалар қоры - 22 мың дана, шығыс әдебиеттері қоры - 9,9 мың дананы құрайды.
Медицина • 16 Желтоқсан, 2019
Арғы артефакт құпиялары – нейтронды радиография және томография арқылы зерттеледі
Күнделікті медицинада пайдаланып жүрген рентген радиографиясы мен томографиясынан айырмашылығы нейтронды әдіс қатты денелерді түбегейлі зерттейді. Жақында Ядролық физика институты мамандары материалтану, ядролық технологиялар, геофизика, археология, палеонтология саласында қолданылатын нейтронды радиография және томография қондырғысының мүмкіндіктерін жария етті.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Замануи оқу залы Орталық мемлекеттік архивте ашылды
Орталық мемлекеттік архивтегі оқу залы жүз жылдық тарихы бар мұрағатпен қатар зерттеушілерге қызмет көрсетіп келеді.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Алматы жастарына қала әкімі пәтер кілттерін табыс етті
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы жұмыс істеп жүрген жастарға пәтер кілтін табыс етті.
Руханият • 14 Желтоқсан, 2019
Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі туралы монографияның таныстырылымы өтті
Тәуелсіздік күніне орай Орталық мемлекеттік архив қызметкерлері мен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бірлескен жұмыстарының нәтижесінде жарыққа шыққан «Национально-освободительное движение казахского народа в конце XVIII – в начале XX веков» архив құжаттары мен материалдары жинағының таныстырылымы өтті.
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Архив ғимаратына ескерткіш тақта орнатылды
Тарихи өткен ғасырдың 1921 жылынан басталатын Алматыдағы ҚР Орталық мемлекеттік Архиві республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енді. Тәуелсіздік күні мен «Архив-2025» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бүгін Архив ғимаратына ескерткіш тақта орнатылды. Айтулы шараға республиканың мәдениет саласының өкілдері қатысты.
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
«Ұлы дала түркі халықтарының ортақ мекені» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы басым бағыттарды іске асыру мақсатында Алматыда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ұйымдастырылған алқалы жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің жетекшілері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Қазақ этнографиялық мектебі тақырыбында І халықаралық конференциясы өтті
«Қазақ этнография мектебі», «Алғашқылар» топтамасы. 1-ші конференция: Марат Мұқанов» тақырыбында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында БҒМ Ғылым комитетінің қолдауымен өткен халықаралық конференция қазақтың көрнекті ғалым-этнографы, тарих ғылымдарының докторы М.С. Мұқановтың 90 жылға толуына арналды. Ғылыми конференцияны Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор Зиябек Қабылдинов ашып, шараның маңыздылығына тоқталды.