Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2019
Алматы хайуанаттар бағында Алькор есімді ақ аю 30-ға толды
Алматы хайуанаттар бағы жан-жануарлар мекені ғана емес, балаларға табиғатты аялауға, жануарлар әлемін тануға мүмкіндік беретін танымдық орталық деуге негіз бар.
Руханият • 07 Желтоқсан, 2019
Асық ойыны балаларды өмірлік тәжірибеге баулиды
«Асық ату» ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Сирек кітаптар музейінде латын графикасындағы баспа ескерткіштері сақталған
«Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар музейі Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында экспозицияға қоғамдық-тарихи маңызы зор XX ғасырдың 20-40 жылдар аралығындағы латын графикасында жарық көрген баспа мұралары сақталған.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Қазақтың музыкалық археологиясының даму жолдары талқыланды
Қазақтың музыка аспаптары ұрпақтан-ұрпаққа бойы мирас болып жеткен, көнеден келе жатқан мәдени мұрасы. Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Археологиялық қазба жұмыстарынан табылған көне музыкалық аспаптар: жиналу және зерттелу мәселелері» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ұлттың музыка мұрасының бүгіні мен келешегі талқыланды.
Руханият • 05 Желтоқсан, 2019
Жазушылар одағында «Үш бәйтерек» әдеби кеш өтті
Қазақстан Жазушылары кітапханасында қазақтың аса көрнекті әдебиет өкілдері Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров және Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған кеш өтті. Кешті ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы жүргізді.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2019
Алматыда «Бақытты отбасы» жобасы аясындағы жұмыстар қорытындыланды
Алматыда «Бақытты отбасы» отбасылық соттар жанындағы Отбасын ресурстық қолдау орталықтарын ашу» әлеуметтік жобасының сарапшылары жоба қорытындысына орай брифинг өткізді.
Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2019
Алматылық кәсіпкерлер - Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидат
Биылғы жылы Алматыда алғаш рет өңірлік кеңеске сайлау өтті. Өңірлік кеңестің мүшелігіне кандидаттар жеке кәсіпкерлерден, кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші басшыларынан немесе атқарушы органдардың мүшелерінен, олардың акционерлері немесе қатысушыларының қатарынан ұсынылды. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік Кеңес мүшелігінің үміткерлеріне онлайн және офлайн арқылы дауыс берілді, делінген баспасөз мәліметінде.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019
Адамгершілік педагогикасына арналған халықаралық фестиваль өтті
Қазақстан алғаш рет қабылдаған «Зёрна» фестивалі 2013 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бір алаңда педагогтарды, психологтарды, тәрбиелеушілерді жинайды. Фестиваль барысында мамандар әрбір баланың шексіз мүмкіндіктері, тәрбие мен даму өзара қарым-қатынас мәселесі мен ата-ана мен педагог болудағы ерекшеліктер туралы ортаға салды.
Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2019
The Banker тұжырымында АТФ Жыл банкі атанды
The Banker – халықаралық қаржы мен жаһандық нарықтық үрдістер туралы 1926 жылы Лондонда бекітілген іскерлік журнал. Баспа The Financial Times Ltd. компаниясына тиесілі. Редакция жыл сайын дүниежүзілік банктердің ТОП-100 рейтингісін құрып отырады, сондай-ақ 100-ден астам елдегі қаржы институттарына бірнеше санат, соның ішінде Bank of the Year Award санаты бойынша марапат ұсынады. АТФБанк The Banker британдық беделді басылымы бекіткен Bank of the Year Awards 2019 айтулы халықаралық сыйлығының аясында «Bank of the Year in Kazakhstan» (Қазақстандағы Жыл банкі) номинациясы бойынша марапатталды.
Технология • 04 Желтоқсан, 2019
Апаттың алдын алу цифрлы жүйелерге жүктелді
Алматыда сел қаупіне мониторинг жүргізу жүйесі іске қосылды. Журналистерге арналған брифинг барысында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, генерал-майор Серік Әубәкіров төтенше жағдайлардың алдын алу, сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Ақсай мен Аюсай бөгеттерінің құрылысына қатысты ақпараттармен бөлісті.