Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1798 материал табылды

Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019

Адамгершілік педагогикасына арналған халықаралық фестиваль өтті

Қазақстан алғаш рет қабылдаған «Зёрна» фестивалі 2013 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бір алаңда педагогтарды, психологтарды, тәрбиелеушілерді жинайды. Фестиваль барысында мамандар  әрбір баланың шексіз мүмкіндіктері, тәрбие мен даму өзара қарым-қатынас мәселесі мен ата-ана мен педагог болудағы ерекшеліктер туралы ортаға салды.

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2019

The Banker тұжырымында АТФ Жыл банкі атанды

The Banker – халықаралық қаржы мен жаһандық нарықтық үрдістер туралы 1926 жылы Лондонда бекітілген іскерлік журнал. Баспа The Financial Times Ltd. компаниясына тиесілі. Редакция жыл сайын дүниежүзілік банктердің ТОП-100 рейтингісін құрып отырады, сондай-ақ 100-ден астам елдегі қаржы институттарына бірнеше санат, соның ішінде Bank of the Year Award санаты бойынша марапат ұсынады.  АТФБанк The Banker британдық беделді басылымы бекіткен Bank of the Year Awards 2019 айтулы халықаралық сыйлығының аясында «Bank of the Year in Kazakhstan» (Қазақстандағы Жыл банкі) номинациясы бойынша марапатталды.

Технология • 04 Желтоқсан, 2019

Апаттың алдын алу цифрлы жүйелерге жүктелді

Алматыда сел қаупіне мониторинг жүргізу жүйесі іске қосылды. Журналистерге арналған брифинг барысында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, генерал-майор Серік Әубәкіров төтенше жағдайлардың алдын алу, сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Ақсай мен Аюсай бөгеттерінің құрылысына қатысты ақпараттармен бөлісті.

Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2019

«Астана» телеарнасының басшылығымен кездесу өтті

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған шаралар аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Астана» телеарнасының Бас директоры, белгілі тілші, медиа-менеджер және университетіміздің түлегі Құрманбек Жұмағалимен кездесу өтті. Кездесу жастардың рухани дүниетанымын дамыту үшін университет пен телеарна арасында байланыс орнатып, студенттер мен жас оқытушыларды отандық және әлемдік медиа нарықтың үздік жұмыстарымен таныстыруды мақсат етеді.

Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2019

«Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылығының сабақтары» Жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Тұңғыш Президенті күніне орай «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылығының сабақтары» Жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті.

Әдебиет • 02 Желтоқсан, 2019

Абай мен Жамбыл шығармалары армян тіліне аударылды

Ереванда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай армян тіліне аударылған «Қазақ әдебиетінің антологиясы» кітабының тұсаукесері өтті.

Қоғам • 02 Желтоқсан, 2019

Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні қарсаңында кинологтар арасында жарыс өтті

ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығы Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында кәсіби шеберлікті арттыру, жұмыс тәжірибесімен, дағдыларымен алмасу және ҚР Құқық қорғау және арнайы органдарының кинологиялық қызметтері арасында үздік команданы анықтау мақсатында, Алматы қаласы Кинологиялық орталығы Құқық қорғау және арнайы органдардың кинолог-мамандары арасында жарылғыш заттарды іздеу бойынша I-ші ведомствоаралық жарыстар өткізді.

Аймақтар • 30 Қараша, 2019

Алматы музейінде «Живая память» монографиясы таныстырылды

Алматы музейінде Open Mind жобасы аясында жарыққа шыққан «Живая память» жинағы мен көрменің бас демеушісі Сорос-Қазақстан қоры «Адам құқықтары» бағдарламасы аясында жарыққа шыққан «Живая память» ұжымдық монографиясының тұсаукесері өтті.

Аймақтар • 30 Қараша, 2019

Алматы Энергетика университетінде Елбасы күніне дөңгелек үстел өтті

Алматы энергетика және байланыс университетінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай  «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» дөңгелек үстел басындағы әңгіме өтті.

Руханият • 30 Қараша, 2019

Алматы музейі - қаланың креативті жобалары қатарына кіреді

Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев «Жаңа қала» жобасында Алматы музейлерінің заманауи сипатта дамитынын атап өткен болатын. Негізі 2001 жылы қаланған Алматы музейі Жетісу өңірінің тарих-мәдени мұраларының барлық саласын қамтыған ірі ғылыми және мәдени орталық.