Білім • 04 Сәуір, 2023
Оқу үдерісін цифрландырудағы олқылық
Республика өңірлерінде интернеттің қолжетімсіздігінен орта білімдегі оқу үдерісін толықтай цифрландыру мүмкін болмай отыр. Ақпараттық технологиялардың жетіспеушілігі қала мен ауыл балаларының білім сапасына да кері әсерін тигізу үстінде.
Университет • 04 Сәуір, 2023
Еліміздегі 8 жоғары оқу орны «QS World University Rankings by Subject» әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді.
Білім • 02 Сәуір, 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 4-курс студенті Назерке Білімжанқызы Ұлыбританияның алты беделді университетінен магистратураға шақырту алды.
Мектеп • 30 Наурыз, 2023
Бүгінде Райымбек батырдың есімімен аталатын Нарынқол ауданына қарасты Шалкөде орта мектебі биыл ғасырлық тойын атап өтуде. 1923 жылы алғашқы мектеп іргесінің қалануымен осы өлкеде бала оқыту ісі жанданып, Алаш қайраткерлерінің халық ағарту ісіне белсене араласуының нәтижесінде білім ошақтарының қатары көбейе бастады. Алғашында 20 бала оқыған мектеп кейіннен іргелі білім ордасына айналды. Бүгінде мұнда 400-ден аса оқушы білім алып жатыр.
Балалар • 30 Наурыз, 2023
Балалар қауіпсіздігі бейнебақылаумен шектеле ме?
«Бала – бауыр етің» дейді халық нақылы. Алайда соңғы жылдары тіптен жиілеп кеткен бала тағдырына қатысты жантүршігерлік оқиғалар қоғамның бұл мәселеге сергек қарауын талап етіп отыр.
Қоғам • 26 Наурыз, 2023
Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде 12 мың, ал 2030 жылға дейін 20 мың орынға арналған жатақхана салу жоспарланып отыр. Осы мақсатта Байтұрсынұлы көшесі, 22 мекенжайында студенттік жатақханалар құрылысының жобалық офисі ашылды.
Білім • 24 Наурыз, 2023
Қазақстандық ЖОО QS BY SUBJECT рейтингінде көш бастады
QS World University Rankings by Subject 2023 (QS WUR by Subject) әлемдік рейтингінің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – қазақстандық және Орталық Азияның жоғары оқу орындары арасында дайындық бағыттарының 14 бағыты және бес пәндік саланың төртеуі бойынша жоғары нәтиже көрсетті.
Өнер • 21 Наурыз, 2023
Кейінгі жылдары отандық сән әлемі ұлттық нақышта дамып келеді. Сән үйлері қазақы киім үлгілерінің түр-түрін заманға сай икемдеп, отбасы мүшелеріне арналған жаңа дизайнмен тәнті етуде.
Марапат • 12 Наурыз, 2023
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XII халықаралық ғылыми жобалар байқауында Алматы қаласының құрама командасы жеңіске жетті. Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 150-ден астам оқушы қатысқан байқауда алматылық команда 4 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль иеленді.
Университет • 09 Наурыз, 2023
Жаңа заман талабына сай білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлаумен қатар, агросектордағы ғылыми ізденістерге қол жеткізуді мақсат етіп отырған Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде зооинженерлер даярлау ісі қайта қолға алынды. Ғалымдар сүйіншілеген жаңалық агрокешен саласында жаңа буын мамандарын даярлаудың заманауи тәжірибесіне негізделіп отыр.