Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1799 материал табылды

Экология • 02 Қыркүйек, 2021

Трансшекаралық өзендерді пайдалану тәсілдерін саралады

Бүгінде жер шары тұрғындары ауыз су тапшылығының зардабын шегуде. БҰҰ дерегі бойынша, 2000 жылы әлемде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік қажеттіліктерді ескергенде су тапшылығы жылына 230 млрд текше метрді құраған болса, 2025 жылға қарай ауыз су тапшылығы жылына 1,3-2,0 трлн текше метрге жетеді. Қазіргі кезде әлемде 1 млрд-тан астам адам ауыз суға зәру. Жыл сайын 3 млрд-тан астам адам сапасыз судың зардабын тартуда.

Білім • 01 Қыркүйек, 2021

Қала әкімінің грантын иеленді

Алматыда өткен білім форумы барысында жаңа оқу жылы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қала әкімі Бақытжан Сағынтаев үздік педагогтер мен білім беру ұйымдарын марапаттады.

Саясат • 01 Қыркүйек, 2021

Халық бірлігі – рухани келісім негізі

Алматы қаласында Достық үйінде «Конституция – Қазақстан халқының бірлігі мен рухани келісімінің негізі» тақырыбында өткен республикалық дөңге­лек үстелде егеменді еліміздің құқықтық және демо­­кра­тиялық мемлекет ретінде қалыптасуы, қоғам­дық келісім мен бірліктің қазақстандық моделін дамытудағы Конституцияның тарихи рөлі талқыланды.

Білім • 26 Тамыз, 2021

Постковидтік кезең: Интерактивті технологиялар – дәстүрлі білімнің келешегі

Республиканың барлық өңірлерінде дәстүрлі білім беру режіміне көшу барысына қызу дайындық жүріп жатыр. Оңтүстік астанадағы білім беру мекемелері де өз алдына әзірлік барысына кіріскен. «Алматы мектептері постковидтік кезеңде: Білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі» онлайн-форумында ұстаздар мен сарапшылар пандемия кезінде туындаған қиындықтар мен алдағы уақытта білім сапасын арттыруда жаңа технологияларды пайдаланудың ерекшеліктері жайындағы зерттеулері және ұсыныстарымен бөлісті.

Қоғам • 24 Тамыз, 2021

Отбасылық агрессор ойлансын десек...

Соңғы төрт жылда «Жан-Сая» дағдарыс орталығына көмек пен қолдауға мұқтаж 1500-ден астам әйел араша сұрап келген. Бүгінде қоғамда  отбасылардың шырқын бұзған агрессорлардың әрекетіне тоқтау болмай тұр.

Білім • 17 Тамыз, 2021

Грантпен оқыған түлектер ауылда жұмыс істеуге құлықсыз

Ел экономикасының күретамыры – ауыл шаруашылығы саласына сай мамандар даярлау бүгінгінің өзекті мәселесіне айналып отыр. Сарапшы мамандар көкейкесті мәселенің негізгі себептерін оқу орындарында теориялық және практикалық базаның толыққанды жасақталмағанымен байланыстырады. Қазіргі кезде инженер, механик, оператор, агроном, мал дәрігері сияқты мамандықты игеруге қызығушылық білдіретіндер үшін әмбебап білімнің маңызы зор.

Білім • 06 Тамыз, 2021

Шет тілін үйренудің негізі ана тілінде жатыр

Соңғы онжылдықта шет тілін үйрену үдерісі қарқын алып келеді. Әлемдік жаһандану мен интеграция нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық саласында шет тілінің қарым-қатынас құралы ретіндегі, яғни білім беру, ғалымдар тағылымдамасы, бірлескен кәсіпорындар, туризм, көрме және тағы басқа мәдениетаралық байланыстарда тіл білудің артықшылықтары басымдыққа ие. Сонымен бірге тұлғалық және кәсіби дамуда шет тілінің мүмкіндігі зор. Дегенмен сала мамандары шет тілінен бұрын ана тілін меңгерудің артықшылықтарын алға тартады.

Қазақстан • 30 Шілде, 2021

Алматы Сингапурдей «Ақылды қала» атанбақ

«Ақылды қала» бағдарламасын дамыту мақсатында Алматы қаласы мен Сингапур арасында цифрлық ынтымақтастық  жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 29 Шілде, 2021

Алматыда екі сел бөгетінің құрылысы басталды

Сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы тауларындағы моренді көлдердің жағдайына аэровизуалды зерттеу жүргізілді, деп жазады Egemen.kz.

Коронавирус • 29 Шілде, 2021

Алматыда коронавирус жұқтыру қаупі жоғары орындар анықталды

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қала тұрғындарын өзара байланысты шектеуге шақырды, деп жазады Egemen.kz.