Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1799 материал табылды

Технология • 17 Қараша, 2021

Студенттер smart технология көмегімен көкөніс өсіреді

Қазақстан және Оңтүстік Корея Республикасы арасындағы келісімге орай «Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруа­шылығы базасында ашылған 1 гектар алқаптағы «Ақылды жылыжайда» жылына 450 тоннаға жуық көкөніс өсірілетін болады. Таяуда ашылған жылыжай smart технологиялардың көмегімен басқарылып, өндірістік қуатты алқапта өскен өнімдер сауда орындарына жөнелтілмек.Қазақстан және Оңтүстік Корея Республикасы арасындағы келісімге орай «Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруа­шылығы базасында ашылған 1 гектар алқаптағы «Ақылды жылыжайда» жылына 450 тоннаға жуық көкөніс өсірілетін болады. Таяуда ашылған жылыжай smart технологиялардың көмегімен басқарылып, өндірістік қуатты алқапта өскен өнімдер сауда орындарына жөнелтілмек.

Технология • 16 Қараша, 2021

Жасанды интеллектінің әлеуметтік саладағы мүмкіндіктері

Бүгінде жасанды интеллектіні компаниялар қызметінде пайдалану мүмкіндіктері артып келеді. Әсіресе өнімдерді даярлау мен қызмет түрлерінде, сонымен қатар өнімдердің сипаттамасын арттырып, жаңа түрлерін әзірлеудегі ықпалы зор.

Тәуелсіздік • 11 Қараша, 2021

Қас-қағым сәттің хас шебері

Алпыс жылға жуық қоғам тынысын дөп басып, оқырман қауымға суреттері арқылы ой сала білген фототілші Нұрманбет Қизатұлының есімі шығармашыл ортаға етене таныс.

Аймақтар • 09 Қараша, 2021

Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов пен Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 09 Қараша, 2021

Педагог кадрларды даярлау мәселесі талқыланды

Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестігі Жобаларды басқару топтарының арнайы педагогика бойынша кадрларын даярлау мәселелеріне арналған мәжілісі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Қараша, 2021

Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш орнатылды

Ұлттық ғылым академиясының дербес шаңырақ болып құрылуына, еліміздің білім мен ғылым саласының өркендеуіне саналы ғұмырын арнаған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-лингвист Нұртас Оңдасыновтың есімін ұлықтау мақсатында Алматыда ескерткіш-бюст орнатылды.

Қазақстан • 03 Қараша, 2021

Цифрлы кеңістік – тілдің қолданыс аясын кеңейтетін мүмкіндік

Бүгінде қазақ тілінің коммуни­кациялық әлеуетін күшейтуге байланысты ілкімді іс-қи­мылдар жүзеге асып келеді. Осы орайда тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін ғылым мен білім тіліне айналдыру, цифрлы кеңістіктегі рөлін арттыру сияқты маңызды мәселелерге назар аударатынымыз анық. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының тілші-ғалымдары бұл бағыттағы іс-шараларға байланысты пікір­лерімен бөлісті.

Білім • 03 Қараша, 2021

Сапасыз рейтингтер сүріндіреді

Қазақстандағы академиялық рейтингтер сапа стан­дарттарына сай келмейді. Академиялық адал­дық лигасының платформасында білім са­ла­сының сарапшылары еліміздің жоғары оқу орындарына жасалатын рейтингтерді тал­қы­лау барысында осындай мәлімдеме жасады. Мұндай рейтингтер жоғары оқу орындарының жақсаруына көмектесудің орнына, керісінше, сапасыз рейтингтері арқылы олардың беделін төмендетеді. Сарапшылар сонымен бірге Білім және ғылым министрлігінің қызметі мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сала­сын­да атқарылып жатқан жұмыстарға нұқсан кел­тіретінін алға тартады.

Қазақстан • 02 Қараша, 2021

ҮЕҰ академиясында біліктілігін жетілдірді

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында «ҮЕҰ академиясының» жұмысы қорытындыланды. Биыл наурыз айында үкіметтік емес секторды дамыту мақсатында «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі қолға алған «ҮЕҰ академиясы» жобасы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен басталған болатын.

Қоғам • 01 Қараша, 2021

Мыңнан астам әйелге қолдау көрсетілді

Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық қоғамды алаңдатып отырған күрделі мәселе болып отыр. Алматы қаласында Jas Otan, «Қазақ­стан еріктілер лигасы» және «Бақытты отбасы» орталығында жүзеге асып жатқан Gulbolsyn жобасының 3 кеңес беру пункті жыл басынан бергі аралықта тұрмыстық зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге қолдау көрсетіп келеді.