Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1712 материал табылды

Қазақстан • 23 Қазан, 2020

Этномәдени бірлестіктер: Тарихы мен бүгіні

Қазақ халқы толеранттылығының тарихи қырлары және өскелең ұрпаққа еліміздегі этносаралық қатынастар үлгісінде патриоттық, адамгершілік тәрбие беру мәселелері Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің қызметі: тарихы мен бүгіні» тақырыбында бірлесіп өткізген дөңгелек үстелге арқау болды.

Қазақстан • 23 Қазан, 2020

АҚШ елшілігі зағип балаларға 3D кітаптар сыйлады

Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен "Әлеуметтік-инновациялық және технологияны дамыту орталығы" қоғамдық бірлестігі зағип балаларға  "Ерекше балалар үшін ерекше кітаптар" жобасы аясында шыққан инновациялық 3D кітаптарды сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 22 Қазан, 2020

Шетсіз қала аясында шет аудандар дамып келеді

"Алматы-2050" даму стратегиясына сәйкес қала аудандарында өмір сүрудің жоғары стандарттары қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 22 Қазан, 2020

ҚазҰМУ-дың Даңқ залына академик Төрегелді Шармановтың есімі берілді

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Даңқ залына академик Төрегелді Шармановтың есімі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Денсаулық саласының өкілдері Санжар Асфендияровты еске алды

Қазақ елінің болашағы үшін күрескен біртуар тұлға, алаш қайраткері С.Ж.Асфендияровтың туғанына 131 жыл толуына орай, жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша университетте еске алу іс-шарасы өтті. Аталған іс-шара Жастар саясаты басқармасы, әскери кафедрасының ұйымдастыруымен ректорат ғимаратында орналасқан С.Ж.Асфендияровтың бюсті ескерткіші алдында  өтті.

Руханият • 20 Қазан, 2020

Алматыда Абайдың мерейтойына орай 175 түп қарағай отырғызылды

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай 175 түп қарағай отырғызу бастамасына қаланың Жасыл экономика басқармасы, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара академиясы және Қазақ саңыраулар қоғамы мұрындық болды.Бірлескен жоба қарағай орманын құрып, шаһардағы жасыл желек санын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға • 20 Қазан, 2020

Әскери байланысшылар кәсіби мерекелерін атап өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери байланысшылары кәсіби мерекелерін атап өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 19 Қазан, 2020

Әскери институт курсанттары "Biz birgemiz" акциясына үлес қосты

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 5 курс курсанттары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асып жатқан "Biz birgemiz" акциясына өз үлестерін қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 19 Қазан, 2020

Колледждерге талап күшейе ме?

Ел Президенті кезекті Жолдауында қолжетімді және сапалы білім берудің маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Осы орайда еңбек нарығында талап етілетін құзыреттерді қалыптастыруға кәсіптік білім берудің барлық жүйесін қайта бағдарлау мәселесіне ерекше назар аударылған-ды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 19 Қазан, 2020

Құтқарушылар қызметі заманауи бағытта дамып келеді - Серік Әубәкіров

Бүгінде Қазақстанның төтенше жағдайлар ұйымының құрылғанына ширек ғасырдай уақыт өтті. Қаншама адам өміріне араша түсіп,  көмекке мұқтаж жандардың алғысын арқалаған алматылық құтқарушылар әрдайым көмекке дайын. Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар қызметі жылына мыңдаған шұғыл дабылдарға шығып, 600-ден астам адам қауіпті аймақтардан құтқарылған. Шұғыл қоңырауларға орай 500-ден астам оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсетілген. Кез келген апатты жағдайлардың алдын алуда штаттағы құтқарушылар құрамымен ғана жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан азаматтық қорғаудың аумақтық ішкі жүйесі қалыптасқан. Бүгінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 19 қызмет түрлерінен азаматтық қорғау жүйесі құрылып, әртүрлі профильдегі 1,5 мыңнан астам құтқарушы жұмыс істейді. Шұғыл қызметке 350-ден астам құтқарушы мен 150 бірліктен астам техника тәулік сайын қала қауіпсіздігінің қырағы күзетінде. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Өрт сөндіру қызметінің генерал-майоры Серік Әубәкіровпен әңгімемізде оңтүстік астананың өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының қызметіне қатысты сұрақтарымызды қойған едік.