Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1712 материал табылды

Руханият • 02 Қазан, 2020

Алтын Орда өркениеті: әдеби мұра және дәстүр жалғастығы

Ұлы Дала төсінде өркендеген Алтын Орда өркениетінің адамзат тарихындағы орны, түркі халықтарының тілі мен дініндегі, әдебиеті мен мәдениетіндегі маңызы, сондай-ақ кейінгі дәуірлерде тарих сахнасында бой көрсеткен хандықтар, әмірліктерге тигізген ықпалы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған «Алтын Орда өркениеті: әдеби мұра және дәстүр жалғастығы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми онлайн конференцияға арқау болды.

Сұхбат • 02 Қазан, 2020

Жәркен Бөдеш: Атажұртын аңсаған ағайынның сағынышын жырладым

Редакцияның тапсырмасымен Жәркен ағаны үйіне іздеп бардық. Ақын биылғы жылы Алматы қалалық әкімдігінің және Қазақстан Жазушы­лар одағының қолдауымен жарыққа шыққан екі томдық «Санадағы сарын» өлеңдер жинағын таныстырып, емен-жарқын әңгімесін бастады. Елеп-екшеп, бұрын-соңды шыққаны бар, сондай-ақ жаңа өлең­дері енген кітаптың сүйінші данасын салалы саусақтарымен парақ­тай отырып, «Бұл менің арманымның орындалғаны», деді. Жастық шағы­нан ақындықтың ат жалын ерттеп мінген Жәркен ақын замандасы Темірхан Медетбек ағамыз айтқандай, «Қырық қыры бар ақын». Қа­ламдас­тары «Жайырдың жалғызы» деп атап кеткен Жәркен Бөдеш­тің Тар­бағатай асқан жырлары бүгінде туған жерді аңсаған барша қазақ­тың үнжариясына айналған.

Қоғам • 01 Қазан, 2020

Әскери қызметшілер қарттардың мерзімді басылымдарға жазылуына демеуші болды

Халықаралық қарттар күніне орай Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері демеуші болып қарттарды республикалық және өңірлік мерзімді басылымдарға жазуды ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таным • 01 Қазан, 2020

Әуезов оқулары тың зерттеулермен ерекшеленді

Биылғы жылы «ХVIІ Әуезов оқулары» пандемия кезіне тап келгеніне қарамастан, сала мамандары дәстүрлі ғылыми-тәжірибелік конференция мазмұнын «Абай және М.О.Әуезов», «Алаш және М.О.Әуезов», «Абайтанудағы М.О.Әуезов» ғылыми-текстологиялық әдіснамасы, шетелдік әдеби сын назарындағы Әуезов мұрасы мәселелері төңірегіндегі ғылыми баяндамалармен байытты.

Оқиға • 01 Қазан, 2020

Тетис мұхитын мекендеген балық

Биыл көктемде «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ Қашар карьерінің оңтүстігінде жер қыртыстарын аршу барысында шамамен 40 метр тереңдіктегі саз бал­шықтан көлемі бір жарым метр­ге жететін ежелгі балықтың қаң­қасы табылды.

Білім • 23 Қыркүйек, 2020

«Қазақ әдебиеті» пәні қалай оқытылып жүр?

Ұлттық сипаттағы пәндердің оқытылу жай-күйі, жаңартылған оқу бағдар­ламасын жетілдіру, сапасыз оқулықтардың пайда болу себептері сияқты көкейкесті мәселелер төмендегі мақалаға арқау болып отыр

Білім • 22 Қыркүйек, 2020

Қашықтан оқу баланың жүйкесіне қаншалықты салмақ түсіреді?

Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында ұйымдастырылған қашықтан оқу жүйесіне қатысты алматылық психологтар балаларға осы мерзімде қаншалықты көңіл бөлу керектігі мен уақытын тиімді пайдаланудың жолдарын түсіндірді.

Сұхбат • 22 Қыркүйек, 2020

Әйгерім Берекешева: Бизнесті дамытуда біліммен қатар тәжірибе маңызды

Әйгерім Берекешева Талдықорған қала­сында орта мектепті тәмамдағаннан кейін Алматыдағы Қазақ-Америка университетіне оқуға түседі. Білімін Колумбия универ­ситетінде жалғастырған жас түлек 2011 жылы оқуын аяқтап, Нью-Йорктегі Ernst Young’s офисінде тағылымдамадан өтеді. Шетелде алған білімі мен тәжірибесін Ота­нында жалғастыруды мақсат еткен Әй­герім өз компаниясының негізін қалап, бү­гінде көптеген шетелдік компаниялармен әріп­тестікте жұмыс істеп келеді. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңім­пазы, Нью-Йорк адвокаттар коллегиясының мүшесі, 2017 жылы Еуропа банктері бастамасымен құрылған әрі қазақстандық жобаларды қаржыландырумен айналысатын COCAD заңды тұлғалар қауымдастығы құрылтайшыларының бірі Әйгерім Берекешева заң компаниясының бағыт-бағдары туралы әңгімелеген еді.

Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2020

"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы алматылық бизнесмендермен кездесу өткізді

"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың  қатысуымен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің отырысында, оңтүстік астананың бизнесмендері кәсіпкерліктің ең өткір мәселелері туралы айтып берді. Тимур Құлыбаевтың айтуынша, мемлекет пандемия салдарын еңсеру үшін 5,9 трлн теңге бөлген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 21 Қыркүйек, 2020

Ыдырысов атындағы дәрісхана

Зерделі зерттеуші, қазақ журналистерінің талай буынын тәрбиелеген ұлағатты ұстаздардың бірі, журналист-жазушы, тарихшы Ә. Ыдырысовтың туғанына 90 жыл толуына орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Бұқаралық ақпарат құралдарын және баспа өнімдерін безендіру өнерінің қазіргі мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция өтті.