Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1700 материал табылды

Аймақтар • 27 Қараша, 2019

Көкшетауда жас педагогтар бас қосты 

Көкшетауда 100 жас педагогтың басын қосқан  екінші облыстық форум өткізілді. Форумға жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері мен техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты. 

Аймақтар • 27 Қараша, 2019

Елорданың іргесіндегі Қосшы ауылында «Дара - бизнес академиясы» мектеп-лицейі ашылды

Ғимарат құрылысына инвестор – «Kazyna-SR» ЖШС 450 миллион теңге қаржы құйған. Оны мердігер «Silk-Road Corporation» ЖШС-і 2017 жылы қолға алып, биыл аяқтап отыр.

Руханият • 20 Қараша, 2019

Атбасар

Азуын айға білеген ағайынды Арлан мен Шамай батырлардың айбыны асып тұрған кез еді деседі. Атбасар төңірегін жайлаған қос батырдың ет жақын туысы Байқадам дейтін азамат қоғадай қалың қозған руының бұлықси бой жетіп отырған бір қызын алып қашады. Арада құдалық туралы әңгіме болмаса керек. Тіпті бойжеткенмен уәде де байласпаған. Бұл әрекетті қыз жағы басыну, тізе батыру деп ұқса керек.

Аймақтар • 18 Қараша, 2019

Мәлік өнегесі – мәңгілік

Кеңес Одағының Батыры, академик, ғалым Мәлік Ғабдуллиннің туған күніне орай батыр рухына тағзым ету мақсатында Көкшетау қаласының орталық саябағындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті.

Аймақтар • 12 Қараша, 2019

Оңалту орталықтары салынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру, жергілікті жердегі тыныс-тіршілікпен етене жақын танысу мақсатында Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтің жұмыс тобы өңірді аралады.

Руханият • 07 Қараша, 2019

Елін сыйлағанның еңсесі биік

Көкшетаудағы Достық үйінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйытқы болуымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық жобасы аясында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясымен бірлесе отырып өзге ұлт өкілдері арасында «Туған жерім – Қазақстаным!» атты поэзия кешін өткізді.

Руханият • 07 Қараша, 2019

Әділеттің аппақ әлемі

Сәндік-қолданбалы өнер түрі папье-машемен он жылдан бері айналысып келе жатқан Әділет Баймұқанның қағаздан жасаған туындылары Тұңғыш Президент музейінде сақтаулы тұр. Республикалық «Жұлдыз-ай» байқауында жүлделі орындарға ие болыпты.

Аймақтар • 07 Қараша, 2019

Зерендідегі әулиелі мекендер

Омырауына сексен көлден сексен моншақ таққан көгілдір Көкшенің айдын шалқарларының ішіндегі тазасы – Зеренді көлі. Үзіліп түскен моншақтай көгілдір көлдің жағалауы ит тұмсығы өтпейтін қайың-қарағайы аралас өскен ну орман. Тартымдысы – жалғыз табиғи ажары ғана емес, тарихи аңызына да байланысты.

100 • 07 Қараша, 2019

Газеттің тойы Көкшеге ортақ

Көрікті Көкше өңірінде республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтуде. Облыс аудандарында оқырмандармен жылы жүзді кездесулер өткізіліп, аға газеттің өткен тарихын қамтыған шапағатты шолулар жасалып, бүгінгі бедерлі бейнесіне сүйсіністер айтылуда. 

Аймақтар • 06 Қараша, 2019

Күрең күздегі қызықты лагерь

Бурабай баурайындағы «Звездный» балаларды сауықтыру орталығында күзгі маусымда алғаш рет «қиын» балалармен тәрбие жұмысы жүргізілуде.