Медицина • 06 Қараша, 2020
Бүгін Көкшетау қаласында ақ түйенің қарны жарылған сүйінішті оқиға орын алды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі медициналық мекемелерге 8 жылжымалы медициналық кешен, облыс орталығындағы жедел жәрдем станциясына 38 реанимобиль және ішкі істер саласы қызметкерлеріне 24 патруль, өрт сөндірушілердің саты орнатылған автокөліктерінің кілтін табыс етті. Көкшетаудың қоғамдық транспорты жаңа 16 автобуспен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 06 Қараша, 2020
Өңірде карантиндік шектеулер күшейтіліп, 7 қараша сағат 00.00-ден бастап санитарлық бекеттер жұмыс істей бастайды. Кешкі 21.00-ден таңғы 06.00-ге дейін көшеде жүруге тыйым салынды, демалыс күндері локдаун сақталады. Бұл жөнінде өңірдің бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Шағын кәсіптің шырайын келтіруде
Ауылдық жерлерде екі қолына бір күрек таба алмай отырған адамдар үшін «Еңбек» бағдарламасының шарапаты тиіп-ақ тұр. Ауданда бір кәсіптің құлағынан ұстасам деп алға ұмтылуды ниет еткен отыздан аса адамның ойы оңынан орындалды. Олар кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарын сәтті тәмамдап, жұмыстарын ұршықша иіріп отыр.
Руханият • 06 Қараша, 2020
Қамбар ата тұқымы қамқорлыққа зәру
Облыстың малсақ қауымы 206 мыңнан аса жылқы бағып отыр. Қасиетіңнен айналайын Қамбар ата түлігінің 1,6 пайызы ғана – асыл тұқымды. Мал тұқымы жылдан-жылға азып барады. Үйірге салатын құтпан айғыр көзге шалынбағалы қашан?! Өңірде жылқы тұқымын асылдандыратын бірде-бір шаруашылық жоқ. Осы қалпымызбен жосылтып тарта берсек, жүген ұстап қалуымыз да ықтимал.
Аймақтар • 05 Қараша, 2020
Әнші ауруханаға ақылды аппарат сыйлады
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, опера әншісі Төкен Ілиясов көпбейінді Ақмола облыстық ауруханасына коронавирус жұқпасымен күресуде аса қажетті, адамдарды дезинфекциялап, дене температурасын өлшейтін мобильді аппарат сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 05 Қараша, 2020
Балық өңдеу ісіне басымдық берсек
Ақмола облысында 524 су айдыны бар. Осы көлдерде 271 табиғат пайдаланушы бұйырған балығын аулап, несібесін айыруда. Қазір 390 адамнан тұратын 140 бригада жұмыс істейді. Олар жылына 600 тоннаға жуық балық өндіреді. Әйтсе де облыста балық өнімдерін өңдейтін бірде-бір кәсіпорын жоқ.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Атамды артық көремін өзгелерден...
Өмірге ғашық, өнерге ынтық жастың бірі Анжелика Соколова – облыс орталығындағы гуманитарлық-техникалық колледждің білім алушысы. Қазақ тілін жете меңгерген жан сан мәрте тіл сайысында жүлдегер атанып жүр.
Қоғам • 02 Қараша, 2020
Жарық дүниенің жақсылығын ғана көреді
Мақсат-мұрат қос қолтығынан қос періштедей демеп, жебеп алға ұмтылдыру үшін де адамға аялы арман керек екен. Бірінші топтағы мүгедек Наталья Курдюкованы да биіктерге бастап келе жатқан, ұлы өмірге деген сүйіспеншілігін әр сәт сайын еселеп, дем беріп келе жатқан дәл осындай бір нәзік сезім.
Қоғам • 02 Қараша, 2020
Көзі ұшына ілінер қара табылмайтын Қиманың жалпақ даласы үнсіз мүлгіп тұрған. Зират басы құлаққа ұрған танадай тып-тыныш. Әншейінде көмейінен күй төгіліп, бір тынбайтын бозторғайлар да күңірене оқылған құран сүресіне қорғасындай балқып, елжірей елітіп, беріле тыңдап тұрғандай үнсіз қалыпты. Әке зиратынан бір шөкім топырақты айыр мен күректің сабынан сүйелдене, мүйіздей болып қатқан алақанына салып уқалады. Сол сәтте бойына бір жылы ағыс келіп құйылғандай болды. Қазақ топырағы ғой, шіркін деп іштей толғанған. Алыстан арып-ашып келгенде аман алып қалған да, асырап-жеткізген де осы топырақ. Енді міне, бірінің атасы, бірінің әкесі жатыр. Атасы Хатоға топырақ осы жерден бұйырған.
Руханият • 02 Қараша, 2020
Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан көкшетаулық жауынгер Мүтәлләп Әбутәліповтің майдан даласындағы қаһармандық ерлігі үшін берілген наградасы араға 76 жыл салып барып кейінгі ұрпағына табыс етілді.