Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1639 материал табылды

Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2020

Шалғай ауылдағы шарапатты іс

Шоқ жұлдыздай шағын ғана Жаңақима ауылында жаңа спорт залы бой көтеруде. Бір айта кетерлігі, нысанның салынуына ауыл адамдарының өздері жұмылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 08 Қыркүйек, 2020

Тіл – достық дәнекері

Облыста бекем бірліктің арқасында берекелі күн кешіп жатқан барша ұлт өкілдерінің тілі мен мәдениетін өрістетуге, өңін жақсартып, өзегін нықтауға жанашырлық жасалуда. Осы орайда жергілікті ұлт тіліне, оның қолданылу аясының кеңеюіне қамқорлық жасалып отыр. Бұл туралы таяуда тіл апталығына байланысты өткізілген брифинг барысында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова баяндап берді.

Руханият • 07 Қыркүйек, 2020

Киікбай батыр кесенесі қайта жаңғырды

Жасанып келген жаудан ел қорғаған батыр, ауыздыға сөз бермеген шешен Киікбай Байғараұлының кесенесі Сергеевка ауылының маңында еді. Таяуда артындағы ұрпағы сайын дала төсінде жаңбыр мен желден тозыңқыраған кесенені қайта жаңғыртып, төңірегін қоршап, абаттандырып, құран бағыштады, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға • 07 Қыркүйек, 2020

Сағы сынбаған Саша

Бала кезінде қиялшыл еді. Ұшқыш болсам дейтін. Қазбауыр бұлттардың арасында қалықтай ұшып, көкмұнарлы таулар мен көкорайлы орман-тоғайды, моншақтай мөлдіреген көлдерді көргісі келген. Мейірімі мол адамдар мекендеген өңірлердің сымбатына сүйсініп, шолып шықса шіркін...

Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020

"Абай жолындағы" азаматтар

"Нұр-Сұлтан – Жидебай" велошеруінен ел құлағдар. Осы бір мазмұнды сапарға Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Жасұлан Үкеев бастаған топ та қатысуда, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020

Қаз өсіріп аяғынан қаз тұрды

Ауылда жұмыс жоқ деп алақан жайып отыру күпірлік тәрізді. Төрт түлік малды айтпағанда қаз бағып та қарекет жасауға болады екен. Әрі оның пайдасы да шаш етектен.

Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020

Астықты алқаптардағы еңбек дүбірі

Жарқайың ауданының диқандары көктемде 512 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар тұқымын сіңірген болатын. Жаз тым ыстық, құрғашқылық болды. Күздің басында қара жауынның соңы бұршаққа ұласты. Осындай табиғат тақсыреті тиген егіннің 89 мың гектары орташа деңгейде, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020

Көкшетаулық кәсіпкер 22 оқушыға смартфон сыйлады

Көкше өңіріне меценат Борис Козловтың есімі біршама мәлім. Облыс орталығының іргесіндегі Уәли ханның мазарын жөндеп, абаттандырғанның өзі бір жыр. Таяуда кәсіпкер "Мектепке жол" акциясына қатысып, өзгеге өнеге көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020

Ақмолада 53 адам өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды

Биыл елімізде тұңғыш рет көлік жүргізу құқығынан өмір бойы айыру айыбы қолданылуда. Осы қатаң тәртіптің ықпалы да зор, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020

Көкшетауда 38 отбасы баспаналы болды

Облыс орталығында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа көпқабатты үйлер салынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz