Бизнес • 23 Қараша, 2020
Жалпақ әлемді жаман тұмау жайлағалы «суға кеткен тал қармайды» дегендей, індеттен арашалап қалатын дауа іздеп жанталасқан жұрттың ешкі сүтіне де ықыласы ауып отырғаны бар.
Қоғам • 20 Қараша, 2020
Дәм-тұзы қалың қазақ арасынан бұйырған, жергілікті ұлттың тілі мен мазмұнды салт-дәстүрін, әдемі әдет-ғұрпын жетік білетін Татьяна Узденованың сөздің нәшін келтіріп, мақалдап-мәтелдеп сөйлегеніне таңғалғанбыз. Сөйтсек, тілі ғана емес, рухы, жан-дүниесі де қазақы қалыптағы жан екен.
Қоғам • 19 Қараша, 2020
Таңдайымызға таза су тиер ме екен?!
Облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көлемінің 91,2 пайызы су құбырлары арқылы жүзеге асырылуда. Халықтың 31,89 пайызы ашық су көздерінен су ішіп отыр. Қала тұрғындарының 99 пайызы, ауыл тұрғындарының 84,3 пайызы су құбыры арқылы келетін тіршілік нәрімен қамтамасыз етілген. Жұрттың 7,87 пайызы ұңғымалар мен құдықтан, 23 ауылдың халқы суды тасып ішіп отыр.
Қоғам • 19 Қараша, 2020
Тағдырмен тайталасқан талапты жан
Жаратқан ие пешенесіне жазған талайлы тағдыр да. Көптен бері қол арбаға таңылып, қарға адым жер мұң болып отырса да Ерік Мырзалиевтің жігері құм болған емес. Қайта өкпелеткен өмірдің сынымен күресіп, азамат екенін дәлелдеумен келеді. Дәті мықты осындай адамдардың бойындағы қажыр-қайрат, пайым мен парасат кімді болсын таңғалдырар еді.
Ауыл • 18 Қараша, 2020
Соңғы жылдары табиғаты көркем, топырағы құнарлы, айдынында балығы тайдай тулаған, орман-тоғайының бауыры жеміс-жидекке толы Зеренді өңірінде 22 ауыл жабылып қалды. Қошқарбай тауының етегіндегі үркердей Қошқарбай ауылы үдере көшіп жатқан кезінде ел азаматының араласуымен аман қалып, қазір шаруасын шалқытып отыр.
Қоғам • 18 Қараша, 2020
Ел ішінде қолынан келетін бір кәсіпті меңгеріп, тұрмысын түзеуге ұмтылушылар аз емес. Оларға мемлекет тарапынан да көп-көрім көмек көрсетілуде. Ендігісі әркімнің істің көзін таба білер қарымды қабілеті мен қажырлы қайратына ғана байланысты.
Туризм • 16 Қараша, 2020
Курорттық аймақ қысқы маусымға қамдануда
Үзіліп түскен моншақтай әсем көгілдір көлдер мен қолдың саласындай тізілген ақ қайыңдар, мәңгі жасыл қарағайлар көмкерген, ауасы жұпар курорттық аймақ жазғы демалыс маусымына жап-жақсы әзірлік жасағанымен, төрткүл дүниені тегіс есеңгіретіп тұрған жаман тұмау үйдегі ойды бұзып кетті. Қазір өңірдегі демалушыларға қызмет көрсететін туризм саласындағы 500-ден астам кәсіпорын қысқы туризмге әзірлік жасауда.
Руханият • 16 Қараша, 2020
Қазыналы Көкшенің сарқылмас бір байлығы – абыз пішінді ақсақалдары. Ел мұратын өзінің өмірлік ұстанымы етіп алған ағаларымыздың бірі – Мейрамбек Қиықов.
Экономика • 16 Қараша, 2020
Жер иесін тапса, игілік молаяды
Өңірде тусырап бос жатқан жер көп. Ақтылы мал бағуға, ақық дән өсіруге әбден қолайлы. Тек иесін таппай иен жатқаны болмаса. Былтыр Түркістан облысынан көшіп келген Маратбек Мықтыбаев Ерейменнің етегінде шаруасын шалқытып отыр.
Оқиға • 16 Қараша, 2020
Мүмкіндігі шектеулі жандардың тағдырдың сынағына қарсы тұрып, қатепті қара нардай жүк көтеріп, алға ұмтылғанын көргенде көңіліңді ризашылық сезімінің баурайтыны бар. Алға ұмтылмаса, тырбанып тіршілік қылмаса, ақбас толқындары аспанға атқан өмір айдыны бір шөкім жаңқа құрлы көрмей, жағалауға ысырып тастар еді.