Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1195 материал табылды

Руханият • 30 Қыркүйек, 2019

«Қобыланды батыр» жырын жатқа оқыған оқушы 1 миллион теңгеге ие болды

Көнеден жеткен жыр-дастандар өскелең ұрпақты ұлт мұрасын ұлықтауға тәрбиелейтін  айрықша құрал. Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында  «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының қалалық кезеңі мәреге жетті. Қалың көпшілікті саф өнерге сусындатқан жыр додасы «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының аясында қала әкімдігінің қолдауымен өтіп отыр.

Руханият • 27 Қыркүйек, 2019

Алматыда Әуезов есімі әспеттелді

Бүгін Мұхтар Әуезовтің туған күні. Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ өркениетінің барлық табыстары оның есімімен тікелей  байланысты. Қазақ әдебиетінің тұңғыш эпопеясын жазып, қазақ драмматургиясының алғашқы қарлығашын қанаттандырып, Еуропалық дәрежедегі қазақ прозасының негізін салған заңғар тұлғаның есімі уақыт өткен сайын ұрпақ санасында биіктей бермек.  Алматыда жазушының туған күніне орай өткен дәстүрлі «Әуезов оқулары» атты жас ғалымдардың XYI ғылыми-тәжірибелік конференциясына жиналған зиялы қауым өкілдері осылай деді.

Руханият • 27 Қыркүйек, 2019

Алматыда кана­далық қылқалам шеберінің көрмесі ашылды

Алматыда заманауи кана­далық қылқалам шебері Майкл Клоуздың «Өнер – ізгілік жолында» деп аталған сурет көрмесі ашылды. Ә.Қас­теев атындағы өнер музейінің қабыр­ға­сында салтанат құрған экспозицияға автордың 90-ға жуық туындысы қойылған.

Экология • 23 Қыркүйек, 2019

Алматылық студенттер тазалық күнін өткізді

Қаладағы жоғары оқу орындарының 400-ге жуық студенті Алмарасан шатқалын қоқыс пен қалдықтан тазартты. Осы игі істерімен жалынды жастар еліміздің премьер-министрі бастаған «Бірге - таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына өз үлестерін қосты. Олар жалпы 8 шақырым аумақты қоқыстан тазартқан.

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019

Алматыда «Елтаным» байқауы өтіп жатыр

Дін қызметкерлерін бір арнада тоғыстырған айтулы байқау осымен екінші мәрте өтіп отыр.

Аймақтар • 20 Тамыз, 2019

Саланы қолдау жайы назарға алынды

Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Балаларды ерте оңалту орталығына барып, ондағы еңбек ұжымымен кездесті.

Аймақтар • 19 Тамыз, 2019

Алматыда пәтер ұрлығы азайған

Өткен жылы қала іргесінде тұратын танысымыздың үйін тонаған баукеспелер нақ сол күні, дәп сол көшеде тұратын тағы бір үйдің дүние-мүлкін қолды еткен. Арызданушылар мұны ұрылардың бір үйден алған қымбат тымақты келесі бір үйге тас­тап кеткенінен білген. Аңғарғанымыздай, бөгденің қасықтап жинаған несібесіне қол сұғып, оңай олжаға кенелеміз деген қылмыскерлер тапайдың тал түсінде біреудің пәтеріне бас сұғып кіруге еш қымсынбайтын болған.

Аймақтар • 16 Тамыз, 2019

Қала әкімі қаламгерлермен қауышты

Алматы ұлт руханиятын ұлықтаған талай марғасқаларды қанаттандырған мәдениет пен әдебиеттің қара шаңырағы. Сырлы сөз бен сұлу өнердің көрігін қыздырған зиялы қауым өкілдерінің көпшілігі азаттықтың алтын бесігіне баланатын дәп осы  Алматыда шоғырланған. Жаңа қызметіне кіріскеніне көп бола қоймаған  қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Жазушылар Одағының қабырғасында қаламгерлер қауымымен кездесті.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2019

Алатау ауданының жарықтандыру мәселесі басты назарда

Алматыдағы ең жас аудандардың бірі Алатау ауданы жұртшылығы тарапынан жарық мәселесіне қатысты арыз-шағымдар жиі айтылып келген еді. Жауапты мамандар жуырда бұл мәселе оңтайлы шешімін табады деп сендіріп отыр. Бүгінде 158 көшенің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп үлгерген.

Аймақтар • 12 Тамыз, 2019

Алматыда жаңа оқу жылына әзірлік мәселелері талқыланды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз-орталығында жаңа оқу жылына дайындық туралы брифинг өтті.