Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022
Коммуналдық қызметте іркіліс жоқ
Келеңсіздік кезінде Алматының инфрақұрылымы айтарлықтай зардап шекті. Оқиға ошағында бағдаршамдар мен бақылау камералары қиратылып, қала берді, жаяу жүргіншілерге арналған тас төсемдерге дейін талқандалды. Бүгінде қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтер штаттық режімде жұмыс істеуде.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022
Қала қақпаларына қойылған блок-бекеттер әлі де көліктер мен жеке тұлғаларды қалт жібермей қадағалап тұр. Бұл іске әртүрлі күштік құрылымдардың жүздеген өкілі жұмылдырылған.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022
Алматы тіршілігі арнасына түсіп келеді
Жаппай тәртіпсіздік салдарынан астаң-кестең болған Алматыны қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Сүттей ұйыған тыныштықты сапырған бүлікшілердің басым бөлігі қолға түсті. Қызыл жалынға оранған көліктердің қаңқасы қаладан шығарылып жатыр.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2021
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев «Креативті индустрияны дамытудың келешегі» тақырыбында жастармен кездесу өткізді.
Экология • 21 Желтоқсан, 2021
Болмысы бөлек жыртқыш аң – ілбістің (қар барысы) тұқымы жыл өткен сайын сиреп барады. Құзар шыңның басында тіршілік ететін түз тағысына табиғат-ана өзгеше бітім берген. Жер бетінде ілбістер мекендейтін 20 аймақ болса, соның екеуі Қазақстандағы Жоңғар Алатауы мен Іле Алатауы. Бүгінде әлемде 4 мыңға жетер-жетпес ілбіс қалды деген дерек бар.
Сұхбат • 14 Желтоқсан, 2021
Ахмед Хамди Аян: Бизнестегі принциптер адамгершілікке негізделуі керек
Ел егемендігімен бірге еңсе тіктеген түрлі бизнес салалары мемлекет экономикасының өрістеуіне елеулі үлес қосып келеді. Әсіресе, қонақүй бизнесінің елдің туристік әлеуетін арттыруға, мемлекет имиджін қалыптастыруға ықпалы зор. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, осыдан 29 жыл бұрын Елбасының шақыртуымен Қазақстанға келіп қонақүй мен құрылыс саласында айтулы табысқа жеткен танымал инвестор Ахмед Хамди АЯН мырзаны әңгімеге тартқан едік. Мыңдаған азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер Тәуелсіздік жылдарының жетістіктері туралы ой толғады.
Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2021
«ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Түркістан облысында «Жетісай» және «Шардара» жаңа газ өлшеу стансаларын (ГӨС) іске қосты. Заманауи құрылғылармен жабдықталған бірегей кешен газ сапасын жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік беріп, тұтынушыларды жылдың төрт мезгілінде газбен қамтамасыз етуге қауқарлы.
Білім • 09 Желтоқсан, 2021
Білім беру үдерісіндегі үздік үлгі
Сұранысқа сай, сапалы маман даярлау жоғары оқу орындарына жүктелетін жауапты міндет. Кәсіби білімнің іргетасы берік қаланса ғана маман өз саласын өрге сүйрей алады. Елімізде 130-ға тарта жоғары оқу орны бар десек, олардың 92-сі жекеменшік білім ошақтары. Жауапты ведомство тарапынан қолдау тапқан педагогикалық қайта даярлау курстары бүгінде бірқатар оқу ошақтарында жемісті жүзеге асып отыр.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2021
Жезқазғандықтар көгілдір отынға қол жеткізді
Ел аймақтарын көгілдір отынға көшіру мемлекет үшін маңызды мәселенің бірі. Газ арқылы келетін жылу мен жайлылық – қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартып, экономиканың дамуына да өлшеусіз үлес қосып отыр. Осы іргелі істердің басында тұрған «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларының алғашқы тұрғындарына газ бере бастады.
Аймақтар • 30 Қараша, 2021
Алматыда құпия қызмет туралы қос кітап таныстырылды
Алматыда «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары» және «Мемлекеттік шекара» атты қос бірдей кітаптың таныстырылымы өтті. Егемендіктің еңселенуіне елеулі үлес қосып, ел тыныштығын қалтқысыз қадағалап келе жатқан қуатты құрылымның бедерлі жылдар белесіндегі тарихи сәттері таңбаланған туындылар тәуелсіздік тойына тарту ретінде жарық көріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.