Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1318 материал табылды

Экология • 21 Желтоқсан, 2021

Қар барысына қамқорлық қажет

Болмысы бөлек жыртқыш аң – ілбістің (қар барысы) тұқымы жыл өткен сайын сиреп барады. Құзар шыңның басында тіршілік ететін түз тағысына табиғат-ана өзгеше бітім берген. Жер бетінде ілбістер мекендейтін 20 аймақ болса, соның екеуі Қазақстандағы Жоңғар Алатауы мен Іле Алатауы. Бүгінде әлемде 4 мыңға жетер-жетпес ілбіс қалды деген дерек бар.

Сұхбат • 14 Желтоқсан, 2021

Ахмед Хамди Аян: Бизнестегі принциптер адамгершілікке негізделуі керек

Ел егемендігімен бірге еңсе тіктеген түрлі бизнес салалары мемлекет экономикасының өрістеуіне елеулі үлес қосып келеді. Әсіресе, қонақүй бизнесінің елдің туристік әлеуетін арттыруға, мемлекет имиджін қа­лыптастыруға ықпалы зор. Тәуел­сіздік мерекесі қарсаңында, осыдан 29 жыл бұрын Елбасының шақыртуымен Қазақстанға келіп қонақүй мен құрылыс саласында айтулы табысқа жеткен танымал инвестор Ахмед Хамди АЯН мырзаны әңгімеге тартқан едік. Мыңдаған азаматты тұрақты жұ­мыс­пен қамтып отырған кәсіп­кер Тәуелсіздік жылдарының жетіс­тіктері туралы ой толғады.

Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2021

Газ тасымалының сапасы артты

«ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығы қарсаңында Түркістан облысында «Жетісай» және «Шар­дара» жаңа газ өлшеу стансаларын (ГӨС) іске қосты. Заманауи құрыл­ғылармен жабдықталған бірегей кешен газ сапасын жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік беріп, тұтынушыларды жылдың төрт мезгілінде газбен қамтамасыз етуге қауқарлы.

Білім • 09 Желтоқсан, 2021

Білім беру үдерісіндегі үздік үлгі

Сұранысқа сай, сапалы маман даярлау жоғары оқу орындарына жүктелетін жауапты міндет. Кәсіби білімнің іргетасы берік қаланса ғана маман өз саласын өрге сүйрей алады. Елімізде 130-ға тарта жоғары оқу орны бар десек, олардың 92-сі жекеменшік білім ошақтары. Жауапты ведомство тарапынан қолдау тапқан педагогикалық қайта даярлау курстары бүгінде бірқатар оқу ошақтарында жемісті жүзеге асып отыр.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2021

Жезқазғандықтар көгілдір отынға қол жеткізді

Ел аймақтарын көгілдір отынға көшіру мемлекет үшін маңызды мәсе­ленің бірі. Газ арқылы келетін жылу мен жайлылық – қа­зақс­тандықтардың өмір сапасын жақсартып, экономиканың дамуы­на да өлшеусіз үлес қосып отыр. Осы іргелі істердің ба­сын­да тұрған «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы ел тәуел­сіз­ді­­гі­нің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларының алғашқы тұрғындарына газ бере бас­тады.

Аймақтар • 30 Қараша, 2021

Алматыда құпия қызмет туралы қос кітап таныстырылды

Алматыда «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары» және «Мемлекеттік шекара»  атты қос бірдей кітаптың таныстырылымы өтті. Егемендіктің еңселенуіне елеулі үлес қосып, ел тыныштығын қалтқысыз қадағалап келе жатқан  қуатты құрылымның бедерлі жылдар белесіндегі тарихи сәттері таңбаланған туындылар тәуелсіздік тойына тарту ретінде жарық көріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер • 28 Қараша, 2021

Мейірім шуағы

Ошақ – қазақ баласы үшін қадірлі ұғым. Кейде «ошағыңның оты өшпесін» деген бір ауыз тілек тұтас өмірдің мәні ме дейсің. Көмейіне отын салсаң гүр етіп, үй ішін құс ұясындай жылылыққа толтыратын бұл бұйым балалық ша­ғы­мыздың ең аяулы естелігіндей. Осы ошақта анамыз шәйін қайнатып, сүт пісіріп, тіл үйірер тәтті тамағын әзірлеп, үстел үстін жайнатып жіберуші еді. Ойын баласы қыстың суық күндері бүрсеңдеп үйге енгенде жан дауасын қызуы күшті пеш түбінен та­батын. Алыста қалған мөлдір шаққа қиялмен сапар шеккенде де барлық береке осы ошақтың айналасында екен ғой деген ойға қаламыз. Жылылық та, мейірім де, тазалық та, сағыныш та сонда...

Экология • 26 Қараша, 2021

Көліктерді газға ауыстыру – заман талабы

Автокөліктер ағыны артып, экологиялық ахуал күрделене түскен қазіргі кезеңде мотор отыны ретінде табиғи газға көшу мәселесінің маңызы артты. Әлем елдері мұның үнемді әрі тиімді тәсіл екенін әлдеқашан мойындаған. Қазақстан үшін де табиғи газға көшу үдерісін үдету өзекті мәселе болып отыр. Осыған орай Алматыда БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссия аясында «Қазақстанда көлікті декарбонизациялауды қолдау» атты семинар өтіп, екі күнге созылған шарада бензин мен дизель отынын пайдаланудың орнына табиғи газға көшу жайы жан-жақты талқыланды.

Аймақтар • 24 Қараша, 2021

Алматылықтарды қандай мәселе алаңдатады?

Алматы қарқынды түрде урбандалып жатқан қалалардың қатарында. Бүгінде мегаполис тұрғындары 2 млн адамнан асып жығылады. Халықтың толассыз көбеюі түрлі проблемаға жол ашып отыр. «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қоры Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен шаһардағы өзекті мәселелерді анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізді.

Аймақтар • 23 Қараша, 2021

Жамбылды дәріптеген жастар

Жалын жырдың жампозы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы тұтас ел көлемін қамтыды. Арқалы ақынның айшықты жырына арқау болған Алматыда да өнер иесінің өлмес мұрасын дәріптеген игі жобалар жалғасын табуда. Абыз өлеңдерінен қуат алған өнерпаз жастар Алматы қаласындағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қою үшін арнайы жиналды.