Білім • 20 Тамыз, 2020
Алматыда 30 мың бала бірінші сыныпқа барады
Алматыда 15 мыңнан астам мұғалім қашықтан оқыту үшін білімін шыңдап, техникалық сауаттылығын арттырды. Алдағы жаңа оқу жылына дейін екі мыңдай мұғалімге компьютер берілмек. Ал үй жағдайында оқытуға мүмкіндігі жоқ ұстаздарға мектепке келіп онлайн білім беруге рұқсат етілген. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 20 Тамыз, 2020
Қамкөңіл жандарға айрықша қызмет көрсетеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында "мемлекеттің ерекше қажеттілігі бар адамдарға көпшілікпен бірдей жағдай жасауға міндетті" екенін бөле-жара атап көрсетті. Яғни қоғамдық өмірде де, кәсіби қызметте де, мемлекеттік қызметтер алуда да мүгедек жандар жайсыздық сезінбеуі, кедергілерге тап болмауы тиіс, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 19 Тамыз, 2020
Алматыдағы ШОБ 17,5 мыңнан астам субъектілері жұмыстарын қайта бастады
«Алматы» ТА-ның тікелей эфирі кезінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев карантиндік шараларды жеңілдетудің барысы және ШОБ кәсіпорындары мен нысандарының жұмыстарын қайта жандандыру жөнінде әңгімеледі, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2020
Алматының ҰКП кәсіпкерлерді санитарлық талаптарды сақтауға шақырады
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов кәсіпкерлерді барлық санитарлық талаптарды сақтауға, сол арқылы қаланың экономикасын қалпына келтіруге көмектесуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2020
Алматының Индустриалды аймағында 1100 жаңа жұмыс орны ашылады
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында "Алматы – Индустриалды аймағы" ЖШС директоры Берікбол Мәндібаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Тамыз, 2020
Индустриалды аймақтың қатысушылары ынтымақтастықтың артықшылықтары туралы айтты
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, әсіресе пандемия жағдайында кәсіпкерлік нысандарды қолдаудың қаржылай және қаржылай емес шараларына ерекше көңіл бөліну керектігін назарға алған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2020
Алматының Индустриалды аймағында 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды
Бүгін "Алматы – Индустриалды аймағы" аумағында өңірлік коммуникациялар қызметі брифинг өткізді. "Алматы – Индустриалды аймағы" ЖШС директоры Берікбол Мәндібаев 2016 жылдан бері Алматының Индустриалды аймақ аумағында жалпы сомасы 69,6 млрд тг болатын 13 кәсіпорын пайдалануға берілгенін, 1952 жұмыс орны құрылып, 2 млрд тг салық төленіп, 63,3 га жер игерілгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 18 Тамыз, 2020
Еліміздің 8 өңірінде жүк көліктерінің қозғалысына қойылған уақытша шектеулер алынды
15 тамыздан бастап Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауыр жүк тасымалдаушы көліктердің қозғалысына қойылған уақытша шектеулер алынды. Еске салайық, жазғы кезеңде мұндай көліктердің қозғалысына шектеулер 1 маусым мен 15 тамыз аралығында сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде енгізілген болатын.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2020
Алматыда жастарды жұмысқа орналастыру бойынша мобильді пункттер жұмыс бастады
Бүгіннен бастап Алматы қаласының барлық аудандарында жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі Жастар ресурстық орталықтарының жылжымалы пункттері жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Тамыз, 2020
23 мың алматылық жұмысқа орналасты
Жыл басынан бері "Еңбек" бағдарламасы бойынша 23 мыңға жуық алматылық жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz