Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1877 материал табылды

Әлем • 12 Қазан, 2022

Нарендра Модидың арнайы өкілі Астанадағы Махатма Гандиге арналған ескерткішті ашады

Мемлекеттік Сыртқы істер және мәдениет министрі Жоғары мәртебелі Минакаши Лекхи ханым Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди мырзаның арнайы өкілі ретінде 2022 жылғы 12-13 қазанда Астанада АӨСШК саммитіне қатысады, деп жазады Egemen.kz.

Экономика • 02 Қазан, 2022

Технократтық дәуір аясындағы АЭС

Жуырда Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде «Қазақстанда АЭС не үшін салынуы керек?» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысқан мамандар Қазақстанға дербес атом электр стансасы қажет екенін айтты. Бұл мәселе қоғамда осыған дейін де біраз талқыланды.

Экономика • 02 Қазан, 2022

Мұнай-газ саласының басым бағыттары Алматыда өткен KIOGE-2022 көрмесінде талқыланды

Алматыда «Мұнай және газ» XXVIII халықаралық KIOGE көрмесі мен конференциясы өтті. Биыл көрмеге Қазақстан, Әзербай­жан, Бахрейн, Германия, Италия, Канада, Қытай, Малайзия, Ресей, АҚШ, Түркия, Франция, Оңтүстік Корея және Жапонияның 196 мұнай-газ компаниясы қатысты. Үш күнге созылған алқалы жиын­ның басты мақсаты – салаға жаңа технологияларды енгізу.

Экономика • 21 Қыркүйек, 2022

Көлік-логистика мүмкіндіктері кеңейеді

Алматыда «Жаңа Жібек жолы» V (NEW SILK WAY) Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумы өз жұмысын бастады. Көлік апталығы аясында ұйымдастырылған алқалы басқосуға 14 елден 350-ден астам делегат қатысты. Олардың қатарында қазақстандық және шетелдік салалық министрлік басшылары, жетекші көлік және тасымалдау саласындағы компания өкілдері мен сарапшылар бар.

Сұхбат • 21 Қыркүйек, 2022

Томохико Уяма: Алаш Жапониядан халықаралық деңгейде мойындауды сұраған

Жапонияның Хоккайдо уни­верситетінің Славян-Еура­зиялық зерттеулер орта­лы­ғы­ның профессоры Томо­хико Уяма мен тарихшы Рёсукэ Оно жыл басында «Алаш» пар­тия­сының мүшесі Райым­жан Мәрсекұлының Жапония үкіме­тіне жолдаған хатына талдау жүргізгені туралы ақжолтай хабар ел ішін аралап, қазақ пен жапон арасын жақындата түскен болатын. Жуырда Алма­тыға іс­сапарлап келген Томо­хико Уямамен кез­­десіп, осы тақырып төңі­регінде кеңі­рек айтып беруін өтінген едік.

Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022

Лифт өндірісіне мемлекеттік қолдау қажет

Алматыдағы «Mega Towers» тұрғын үй кешенінде 25-қабатқа дейін бар жылдамдықпен көтеріліп барып, үйдің төбесіне соғылған лифті туралы ақпарат сол күні-ақ елге тарап кетті. Абырой болғанда жазым болғандар жоқ, алайда көптің көңіліндегі күмән мен қорқыныш әлі күнге дейін сейілмей тұр.

Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2022

«Димаш арқылы қазақ ән-күйіне аңсарым ауды»

Осыдан екі жыл бұрын Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері Dimash атауымен радиостанса ашқаны БАҚ арқылы хабарланған-ды.

Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022

Жұрттың жанайқайы – жайылым жайы

Күні бүгінге дейін мемлекеттік деңгейде жүргізіліп жатқан жер саясатының түйіні ұлттық фермерлердің элиталы мектебін қалыптастыру еді. Қала ауылға инвестор болады деп күткенбіз. Бірақ нәтижесі керісінше. Араға 30 жыл салып, жер саясаты мәселесінен туындаған проблемалар қайта күн тәртібіне шығып отыр. Жайылымдық жерлерді мемлекет иелігіне қайтару мәселесі күрделеніп кетті.

Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2022

Ашық кездесу, мәнді талқылау

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Алматыға сапары барысында БАҚ өкілдерімен кездесіп, медиа заңнаманы қайта қараудың жаңа тәсілдері туралы пікір алмасты. Жиынға телеарналар, баспа басылымдары және интернет ресурстардың өкілдері қатысты.

Саясат • 23 Тамыз, 2022

Орталық Азия елдерінің интеграциясы қандай?

Экономика және саясат инс­титуты өткізген «Жаңа дәуір­дегі Орталық Азия елдерінің интеграциясының перспективалары» атты дөңгелек үстелде Орталық Азия ел­дері басшыларының IV Кон­суль­тативтік кездесуінің қоры­тындылары талқыланды.