Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Ақтөбеде секторлар құрылып, арнайы база жасақталды
Облыс тұрғыны шетелден коронавирус жұқтырып келгені бақылау мен сақтандыру шараларын одан әрі күшейтуге әрі бұл бағытта атқарылатын жұмыстардың ауқымын тереңдете түсуге негіз болып отыр. Осыған байланысты тұрғындар саны жарты миллионнан асып түсетін үлкен қала 23 секторға бөлініп, күрделі кезең талабына сай арнайы база жасақталды. Бұл жөнінде БАҚ өкілдері мен өңір тұрғындарына онлайн режимінде өткізілген брифингте Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров айтып берді.
Руханият • 25 Наурыз, 2020
Пандемияға ұласқан COVID-19 індетінен алдын ала сақтану үшін С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап кітапханасы елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап өз оқырмандарын қабылдауды тоқтатқан еді. Әйтсе де бұл жағдай көпшіліктің кітап оқуға деген сұраныстары мен қызығушылығын тежей алмады. Тіпті кейінгі кездері ақтөбеліктердің кітап оқуға деген ынтасы арта түскені белгілі болып отыр. Бұл жөнінде газет тілшісіне кітапхана меңгерушісі Бақтылы Қошабаева айтып берді.
Аймақтар • 24 Наурыз, 2020
Ақтөбеде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалыпты
Пандемияның ауыр шеңгелі еліміздің батыс өңіріне де ауыз сала бастады. Бұлай деуіміздің де басты себебі 2020 22 наурызы күні Ақтөбеде коронавирус баткериясын жұқтырған әйел адамның тіркелгені болып отыр. Бұл жөнінде жергілікті және республикалық БАҚ өкілдеріне 2020 жылдың 23 наурызы күні таңертеңгі сағат 9-00 де өткізілген тікелей эфир кезінде Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев хабарлады.
Аймақтар • 23 Наурыз, 2020
Пандемияның ауыр шеңгелі еліміздің батыс өңіріне де ауыз сала бастады
2019 жылы 22 наурыз күні түс мезгілінде мұнда коронавирус дертін жұқтырған адам тіркелді. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінің баспаспөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 22 Наурыз, 2020
Ақтөбеде медицина қызметкерлерін ынталандыру шаралары белгіленді
Тас түскен жеріне ауыр дегендей, бүгінгі таңдағы коронавирус індеті бірінші кезекте медицина қызметкерлеріне атан-түйе тарта алмайтындай зіл батпан ауыр салмақ түсіруде. Яғни, қазіргі күрделі жағдайларға байланысты оларға түсетін жүктеме бірнеше есе түсіп отыр. Осыған орай Ақтөбе аймағында медицина қызметкерлерінің қызметін қолдау мен ынталандыруға қатысты бірқатар іс-шаралар кешені белгіленді.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2020
Ақтөбе: Жедел штабтың отырысы күніне екі рет өткізіледі
Ақтөбе аймағында жедел әрекет ету штабы өз қызметін бүгінгі күннің өткіз талаптары мен сұраныстарына сай жүргізіп келеді. Оның отырыстарына өңір басшысы Оңдасын Оразалинның өзі төрағалық етіп жүр. Мұнда елімізде орын алып отырған күрделі жағдайлар мен ахуалға байланысты туындаған мәселелер іскерлік және жедел әрекет ете білу тұрғысынан талқылануда.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2020
Химиялық заттар өндірісі өседі
Қазіргі кезде әлемді құрсаулай бастаған қауіпті індеттің елімізге де енуіне байланысты сақтандыру шараларын жан-жақты жүргізу қай кездегіден де қажеттірек. Бүгінгі күні "Сақтансаң, сақтармын" деген халықтық қағиданың мәні одан сайын тереңдей түсуде. Осы орайда қажетті антисептик құрал-жабдықтар мен препараттар өндірісін шұғыл жолға қоя білудің орны айрықша.
Тағайындау • 16 Наурыз, 2020
Ақтөбе қаласының жаңа әкімі тағайындалды
16 наурыз, дүйсенбі Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен қала басшылығы қызметіне Асхат Шахаров тағайындалды. Жаңа әкімді қала активіне арнайы таныстырған өңір басшысы Оңдасын Оразалин алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2020
Қанатқақты жобаның көкжиегі кең
Қай кезде де тұрғындарды жер мен жер телімдеріне қатысты мәселелер жиі толғандырады. Олардың тарапынан бұған байланысты туындайтын сұрақтар мен түсінбестіктер де аз емес. Мұндай көріністер көп жағдайларда тиісті ақпаратқа қолжетімділіктің жеткіліксіздігінен болатыны белгілі. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Қазақстан Республикасының Сыбайлақ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ақтөбе облыстық әкімдігі «ГеоПорталАқтөбе» атты қанатқақты жобаны жүзеге асыра бастады.
Қоғам • 13 Наурыз, 2020
Еріктілердің көмегімен баспаналы болды
Жарқамыс ауылының жастары «Нұр-Шапағат» атты еріктілер тобын құрған болатын. Жақында олар 65 жастағы жалғызбасты қарияға ауыл тұрғындарының көмегімен баспана алып берді.