Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2019
Қостанайда туберкулезге қарсы жылына 11 мың нәресте егіледі
Бұл жөнінде Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің «Халықтың вакцина-профилактикасы тиімділігін арттыру бойынша қосымша шаралар туралы» деген тақырыпта өткізген брифингінде айтылды.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2019
Қостанайда «Әке – асқар тау» атты П әкелер фестивалі өтті
Қостанайдағы бұл шараны өткен жылы Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі ойлап тапқан болатын. Аналар бастамасы көпшілікке ұнағандықтан жыл сайын дәстүрлі өтетін болып келісілді.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2019
Қостанайда Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне арналған әдеби кеш өтті
Кешті Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап кітапхананың ұжымы ұлт ұстазының туған күніне және Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арнап ұйымдастырды. Кеш әдеттегідей кітапхананың акт залында немесе өзге ғимаратта емес, Алаш арысының атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің алдында тұрған Ахаңның еңселі ескерткіші жанында өтті. Оған университет студенттері мен Ахметті зерттеп жүрген ахметтанушылар, журналистер қатысты. Алдымен сөзді Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянына қатысты көптеген мәліметтер берген және өзінің рулас туысы болып келетін Ибрагим Ағытай алды.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2019
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
Қазір адам өлімі тіркелген қылмысқа құлағымыз «үйренген» секілді. Түрлі жағдайдағы оқиғалардың соңы жиі адам өлімімен аяқталып жатады. Бірақ облыстық Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы, полковник Нұрлан Арыстанов Меңдіғара ауданының орталығы Боровское ауылындағы қылмыстың өңірде бұрын-соңды болмағанын айтты. Егер анасы қыс айында жоғалып кеткен ұлын мамыр айында іздеп, полицияға арызданбағанда, қылмыстың ізі суып кете берер ме еді. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы істі осыдан бір ай бұрын ғана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотқа тапсырды.
Руханият • 03 Қыркүйек, 2019
Бас жүлдені корей театры еншіледі
Қостанайда бекзат өнердің тағы бір фестивалі өтеді дегенде, қостанайлықтардың қозғалақтап қалғаны рас. Корей, неміс, ұйғыр, өзбек театрлары Қазақстаннан басқа Тәуелсіз достастық елдерінің ешқайсысында жоқ, бұрын да болған емес. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен елімізде биыл бесінші рет өтіп отырған этностық театрлар фестивалі қиын жылдары қазақ жерінен пана тапқан, оны өзінің жерұйығына айналдырған ұлыстар өнерін дамытуға да мол мүмкіндікті сезініп отырғанын көрсетті.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2019
Қостанайда Ұлт көшбасшысы атындағы көше пайда болды
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлт көшбасшысы құрметіне көше атын беру туралы бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019
Тобыл-Торғай өңірінде оқушылардың 30 пайызы ғана мемлекеттік тілде білім алады
Қостанайдың жаңа өсіп келе жатқан «Аэропорт» тұрғын ауданынан орын тепкен 900 орындық 3 қабатты жаңа мектеп кеше ғана оқушыларға есігін айқара ашты. Заманауи құрылысқа 1 млрд 600 млн теңге жұмсалды. Бұл қаладағы №29 аралас орта мектеп болып тіркелді. Мектепте білім алу және жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті жан-жақты азамат болып қалыптасуы үшін керекті дүниенің бәрі бар. Кәсіби спорт залдарындағыдай арнайы төсеніш төселген спорт зал, еңбекке баулу пәні жүргізілетін цехтар, кітапхана, асхана, тіпті мүмкіндігі шектеулі балалар үшін лифтіге дейін бар.
Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2019
Қостанайда 900 орындық жаңа мектеп ашылды
Қостанай қаласындағы «Аэропорт» шағын тұрғын ауданында 900 орындық жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті.
Аймақтар • 30 Тамыз, 2019
2013 жылы ақпан айының басында көрші Челябі қаласының маңындағы Шұбаркөл көліне метеорит түсті. Оның қуаттылығы сондай, Челябі қаласындағы үйлердің терезесі қирады, адамдар жарақат алды. Аспаннан ауаны тіліп түскен тастың екпіні Челябі облысымен шекаралас Қарабалық ауданы төңірегінде де білінді.