Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 11 Сәуір, 2022

Кентауға көгілдір отын келді

Түркістанның іргесіндегі Кентау қаласының тұрғындары көптен күткен мәселе шешіліп, қалаға газ берілді. Қазіргі таңда көгілдір отынмен қаланың 18 200 абоненті қамтылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2022

Сегіз университеттен шақырту алды

Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек ауылдық окру­гінде орналасқан №9 Көлтоған жалпы орта мекте­бінің 11-сынып оқушысы Жанерке Зейлбекова Америка Құрама Штаттарының 8 университетінен грант ұтып алды.

Тарих • 06 Сәуір, 2022

Құнды мұралар музейге тапсырылды

Түркістанда ұлттық тарихи-мәдени мұрамызды сақтау мәселесіне қоғам назарын ауда­ру мақсатында өткен «Музейге сый» акциясы барысында ғалымдар мен тарих­шылар, жанашыр қала тұрғындары 30-ға жуық құнды мұраларды музей­ге тапсырды.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2022

Жаңа туындының тұсауы кесілді

Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында Қазақстан Журналистер, Жазушылар одақтарының облыстық филиалдары және облыстық мәдениет басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен жазушы-журналист Сәкен Сыбанбайдың «Ғаламтордағы махаббат» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Қазақстан • 30 Наурыз, 2022

Депутаттар үндеу қабылдады

Түркістанда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру жолдарын талқылау мақсатында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің отырысы өтті.

Аймақтар • 29 Наурыз, 2022

Түркістанда мәслихат хатшыларының республикалық кеңесі өтті

Түркістанда  ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру жолдарын талқылау мақсатында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің отырысы өтті.

Өнер • 29 Наурыз, 2022

Бабадан қалған бар мұра

Түркістанда қазақ халқының құнды этнографиялық мұраларын насихаттау мақсатында «Бабадан қалған бар мұра» тақырыбында көшпелі көрме көпшілікке ұсынылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан жасақталған 80-нен аса жәдігер қойылған көрмені «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ұйымдастырып отыр.

Аймақтар • 28 Наурыз, 2022

Әкімнің ұйымдастыру қабілеті әлсіз бе?..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты биылғы Жолдауында бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халықтың арасындағы тиімді байланыс арнасы бола отырып, елдегі қордаланған мәселелерді көтере алатынын және көтеруге міндетті екенін айтып өтті. Халықты мазалап жүрген мәселелердің үлкен-кішісі болмас. Ауыл, аудандағы ағайынның жоғарыға жеткізгісі келетін мәселесі көп. Ал сол ауылдағы жағдайға облыс басшысының өзі куә болып, қарамағындағылардың қызметін әділ бағалағанының жөні бөлек. Айтайын дегеніміз, Келес ауданында қордаланған мәселелердің көп екені жөнінде еді.

Аймақтар • 24 Наурыз, 2022

Шымкент аспаздық орталыққа айналады

Шымкент жасыл желегімен ғана емес, дәмді тағамдарымен де танымал мегаполис. Екі мыңнан аса тамақтану орны бар қаланы еліміздің гастрономиялық орталығы ретінде де танытуға мүмкіндік мол. Осы мақсатта ұйымдастырылған «ДәмДәсTour» жәрмеңкесінде қаланың 48 қоғамдық тамақтану орны өзара тәжірибе алмасып, өнімдерін көпшілікке ұсынды.

Ғылым • 24 Наурыз, 2022

Ғылыми жобалар сарапқа салынды

Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде дәстүрлі ғылыми жобалар байқауы өтті. Оған еліміздің әр өңіріндегі Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері қатысты. Жасанды интеллект және мехатроника тақырыбына арналған са­йыста оқушылар медицина, экология, математика, химия, биология, физика бағытындағы жобаларын ұсынды.