Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 11 Қараша, 2020

Түркістанда өкпені жасанды желдету аппараттары 46,4%-ға артты

Түркістан облысында коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін тұрақты негізде 600 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған. Пандемияның түрлі сценарийіне байланысты төсек-орнын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 11 Қараша, 2020

Түркістан облысында блокбекеттер қойылмайды

Түркістан облысы бойынша қазіргі таңда бір адам коронавируспен стационарлық ем қабылдап жатыр, ал амбулаториялық жағдайда ем қабылдаушылар – 18. Қарым-қатынаста болған 116 адам медициналық бақылауда. Әзірге Түркістан облысындағы эпидемиялық ахуал тұрақты, блокбекеттер қойылмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл • 09 Қараша, 2020

Ауылдарда әкім болудан қашады...

Облыстық мәслихат хатшысы осылай деп отыр. Жемқорлықты жою үшін Түркістан облысында көптеген қанатқақты жобалар жүзеге асуда. Соның бірі – білім саласында енгізілген JUMYS.SITCEN.KZ жүйесі. Президент Әкімшілігімен республикада ең үздік ретінде таңдалған бұл жүйе басқа өңірлерге кеңінен таратылуда. Осылайша өңірде жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтерін жұмысқа қабылдау және мектеп директорларын конкурстық тағайындау барысы автоматтандырылған.

Аймақтар • 06 Қараша, 2020

Қала келбеті қалай өзгереді?

«Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі Бас жоспардың тұжырымдамасы туралы» Елбасының Жарлығын іске асыру негізінде әзірленген жобаға сәйкес облыс орталығының бастапқы аумағы 19 627 гектардан шекарасына өзгерістер енгізу арқылы 22 370 гектарға дейін ұлғаяды.

Аймақтар • 05 Қараша, 2020

Түркістан облысының шабандоздары ел чемпионы атанды

Көкпардан жастар арасында апта бойы жалғасқан Қазақстан чемпионатында Түркістан облысының «Құлагер» командасы бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 05 Қараша, 2020

Түркістан облысының 8 қала, ауданында ғана "Сервистік әкімдік" ашылған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының негізінде азаматтарға қолайлы, қолжетімді және жедел қызмет көрсететін  "Сервистік әкімдіктердің" Түркістан облысының 8 қала, ауданда ғана ашылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Қараша, 2020

Түркістанда халықаралық театр фестивалін өткізу жоспарланып отыр

Cоңғы екі жылда Түркістанда бірнеше жаңа мәдени нысандар бой көтерді. Олардың қатарында облыстық қазақ драма театры, "Ясауи" музейі, "Ұлы дала елі" мен "Қабылдау" орталығы, Конгресс-холл, амфитеатр сынды ғимараттар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 03 Қараша, 2020

Түркістанда су спорты кешені салынады

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев еліміздегі ескек есу жəне желкен спорты бойынша оқу-жаттығу жиындары өтетін Бадам су-қоймасы спорт базасының жұмысымен танысып, спортшылармен кездесті. Әмбебап оқу - жаттығу базасы 130 адамға арналған. Сегіз гектар аумақты алып жатқан спорт базасында жасанды көл, екі спорт алаңшасы, қайықтарды қажетті температурада сақтайтын қойма мен жөндеу орындары да бар.

Аймақтар • 03 Қараша, 2020

Түркістанда оңалту орталығы ашылды

Бұл – коронавирус инфекциясымен немесе пневмониямен ауырып, одан емделіп шыққандарды оңалтуға арналған алғашқы орталық. Қалалық емханада орналасқан жаңа орталықта 19 емделуші реабилитациялық көмек алуда. Оларға ингаляция, парафинотерапия, емдік массаж, велотренажер сынды емдік шаралары жүргізіледі.

Аймақтар • 02 Қараша, 2020

Мақта түсімі мол

Түркістан облысының мақталы аудандарында жиын-терін жұмыстары аяқталуға жақын. Облыс бойынша мақтаның бірінші терімін алғаш болып Бәйдібек ауданының диқан­дары аяқтады. Ал бүгінде 22 мың тонна «ақ алтын» жинаған Ордабасы ауданында өнімділік жоғары.