Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Қоғам • 15 Қазан, 2020

Қажетті жабдықтар аудандарға жеткізілуде

Түркістан облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық күшейді. Індет қайта белең алған жағдайда дәрі тапшылығы болмас үшін екі айлық қор жиналып, облыс ауруханалары тыныс алу аппараттарымен қамтылуда. Қажет болған жағдайда қосымша төсек-орындар саны 5,5 мыңға дейін жеткізіледі.

Оқиға • 15 Қазан, 2020

«Танымал әннің тарихы» кітабының тұсауы кесілді

Түркістан қаласында белгілі композитор, ғалым әрі журналист Бекжігіт Сердәлінің шығармашылық кеші өтті. «Өмірде де, өнерде де сан қырлы» атты шара сазгердің 60 жас мерейтойына арналды.

Саясат • 14 Қазан, 2020

Тексеру нәтижелері қаралды

Онлайн режімде өткен Әлеуметтік жұмыстың басым бағыттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес отырысы барысында «Түркістан облысының №3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің арнайы мониторингтік топ жүргізген тексеру нәтижелері қаралды.

Қоғам • 14 Қазан, 2020

Полицей көп, сенімге селкеу түсірмеген

Көліктің капотына секіре қолы іліккен жерден мықтап ұстаған мұның ойын­да темір тұлпарды қалай да тоқтату ғана болған-ды. Ал көлік жүргізу­ші­сі жылдамдықты үдете түскені аздай, рулді оңды-солды бұрып, капотқа жармасқан полицейден құтылудың амалын жасауда. Жібермеді, темірдің қыры батып, сәт сайын сездіре түскен саусақтардың, сіңірі созылған қол­дары­ның ауырғанын елемеді. Тоқтату керек көлікті. Тәртіпке бағынбаған жүр­гізушінің келесі қадамы қылмысқа ұласуы, апатқа ұшырауы әбден мүмкін...

Аймақтар • 13 Қазан, 2020

Түркістанда саяси партия ауруханаларға 31 жасанды тыныс алу аппаратын тапсырды

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы пандемияға қарсы «Өмір» және «Шипа» жобаларын жүзеге асырып келеді. Түркістан қаласында жобалар аясында ауруханаларға 31 жасанды тыныс алу аппараты және 200 мұқтаж отбасына дәрі-дәрмек қорапшалары жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 13 Қазан, 2020

Отбасы істері жөніндегі басқарма неге жабылды?

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында орын алған қатігез әкенің балаларын ұрып-соғу оқиғасы әлеуметтік желіде жария болған соң ғана тиісті шаралар қолданылуда. Бүгінде мұндай оқиғаның алдын алуға болатындығы айтыла бастады. Яғни мемлекеттік органдардың міндеті – алдын-ала жұмыс істеу екені ескертілуде. 

Аймақтар • 12 Қазан, 2020

Мақтааралда қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын

Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіндегі шағынауданда 398 тұрғын үй бой көтерді. Ал Өргебас елді мекенінде 194 үй толық бұзылып, қайта тұрғызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Қазан, 2020

Түркістанда күзгі егін жинау науқаны қорытыланды

Түркістан облысындағы күзгі егін жинау науқаны табысты қорытындыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Қазан, 2020

Түркістанда жаңа технологиямен күздік астық егу басталды

Түркістан облысының диқандары тікелей себу әдісімен 168 мың гектар алқапқа күздік астық егуді бастады. No-till технологиясы, яғни жаңа әдістің алғашқы сынағы өңірде осыдан 3 жыл бұрын басталған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Қазан, 2020

«Жұртты жауратпаймыз» деп отыр

Түркістан облысының таулы аудандарында сары күздің салқыны айқын сезіледі. Ауыл тұрғындары тау басына екі рет қар жауғанын, үшіншісінде етегіндегі елді мекендерге жететінін айтуда. Ал өңірдің өзге аудандарында қыстың ызғары сезіле қойған жоқ, күн жылы. Дегенмен қысқа дайындық қызу. Жалпы, облыс бойынша 2 623 бюджеттік мекеме жылу маусымына толық дайындалып, қажетті 167,4 мың тонна көмір және 5 420,6 мың литр сұйық отынмен қамтылған.