Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Оңтүстік Қазақстан • 21 Шілде, 2020

Мақтааралда құрылыс жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде

Мақтаарал ауданында жаңадан іргетасы қаланған шағынауданда құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүруде. Құрылыс алаңында 31 мердігер мекеме, жалпы 386 тұрғын үйдің құрылысына 1427 адам жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға • 21 Шілде, 2020

Жылы жүректен шыққан жәрдем

Қайырымды істерімен көпке үлгі болып жүрген көкірек көзі ояу, жүрегінде иманы бар адамдар қатары көбейе түсері күмәнсіз. Бүгінгідей қиын сәтте ел ішінде елеусіз ғана қайырымдылық істердің ұйытқысы болып жүрген және оны жария еткенді қаламайтын жандар қаншама. Өйткені ата-бабаларымыздың: «Біреудің өзіңе жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпа, өзіңнің жұртқа жасаған жақсылығыңды ұмытып кет, ешкімге міндет қылма, мақтанып, жұртқа айтпа», деген өсиетін ұмытпаған ұрпақпыз. Дегенмен, жақсылықты ұмытпайтын, әсіресе жаны қиналған жақынына қолұшын созғандарға алғысын жұртқа жария ете білдіргісі келетін жандар көп.

Қоғам • 21 Шілде, 2020

Жеткілікті қор жасақталды

Түркістан облысындағы ауруханаларда 20 күнге жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар. Дегенмен бұл қор апта са­йын толықтырылады. Яғни дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды. Мәселен, өткен аптада гуманитарлық көмек ретінде өңірге 48 мың дана қорғаныс киімдері мен қолғап келді. Одан кейін Өзбекстан мемлекетінен 100 млн теңгеге 1,5 млн құтыдан астам пандемияға қажетті дәрілер жеткізілді. Одан бөлек Алматы қаласынан 2 тонна дәрі-дәрмек келген. Олар ең әуелі облыстағы ауруханалар мен емханаларға таратылып берілуде.

Аймақтар • 20 Шілде, 2020

Сирек кездесетін жыртқыш құстар шайханадан табылды

Түркістан облысының полицейлері шайхана иесінен жыртқыш құстарды тәркіледі. Түлкібас аудандық полиция бөліміне табиғатты қорғау полициясының инспекторы Н. Мұздыбаевтан Азаттық кентіндегі шайханадан сирек кездесетін жыртқыш құстарға ұқсас бірнеше құс табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген аудандық полиция бөлімі қызметкерлері шайхананың иесі алты құсты ғимараттың ауласында заңсыз торда ұстағанын анықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 20 Шілде, 2020

Кентаулық суретшінің қаланы көркейтуге қосқан үлесі

Кентау қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің сыртқы қабырғасына қазақтың ұлы тұлғаларының бейнесі салынуда. Алғашқы мурал - қоғам қайраткері, жазушы Сәкен Сейфуллиннің бейнесі алыстан менмұндалайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 20 Шілде, 2020

Түркістан мен оңтүстік аудандардың арақашықтығы 120 шақырымға дейін қысқарады

Түркістан облысында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 364,4 шақырым. Биыл өңірде құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 541 нысан немесе 1 295,6 шақырым жол мен елді мекен көшелерін қамту көзделген. Жыл соңында 526 нысан немесе 1 015,9 шақырым жол пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 20 Шілде, 2020

Қымыз бен дәрі тегін таратылды

Мамандар қымыздың иммунитетті көтере­тінін, сондықтан әлемді дүрліктіріп жатқан коронавирусқа қарсы шараның бірі осы қазақтың ұлттық сусыны екенін айтуда. Саумалдың өз қасиеті, ашып үлгермеген қымыздың өз әсері, ашыған қымыздың өз ерекшелігі барын да ескертуде.

Аймақтар • 19 Шілде, 2020

Түркістан облысында 270 мобильді топ науқастарды үйіне барып емдеуде

Түркістан облысы бойынша емханалар жанынан COVID-19 және пневмония белгілері бар науқастарда ауруларының асқынуларын алдын алуға, ауруханадан шыққан соң бақылауда ұстау үшін құрылған 270 мобильді топ созылмалы аурулары бар пациенттерге де үйде қызмет көрсетуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Шілде, 2020

Өмірзақ Шөкеев: Түркістан тұрғындары ауызсумен толық қамтамасыз етілуі тиіс

Түркістан қаласында тұрғындарды орталықтандырылған ауызсу жүйелерімен  қамтамасыз ету жұмыстары 98,9% - ға орындалған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Шілде, 2020

Түркістанда “Өмір” және “Шипа” жобалары жүзеге асырыла басталды

Пандемия кезінде елге көмектесу мақсатында  Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен  "ӨМІР" және "ШИПА" атты 2 жоба басталды. Жаңа жобаны партияның "Jas Otan" жастар қанаты және облыстық "Жастар ресурстық орталығы" жанынан құрылған "Jas Turkistan" еріктілер қозғалысы үйлестіріп жүргізеді.