Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 14 Шілде, 2020

Түркістан облысына Өзбекстаннан 142 мың қорап дәрі-дәрмек жеткізілді

Көрші елден жеткізілген дәрі-дәрмектер арасында "аскорбин қышқылы" мен "дексаметозон" және "гепарин" сынды препараттар бар. Науқастарға аса қажетті дәрілер облыс аумағындағы барлық ауруханалар мен емханаларға таратылады.

Аймақтар • 14 Шілде, 2020

Түркістанда тұрғындарды адалдыққа шақыратын мурал салынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған "Түркістан - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі мен қалалық әкімдігінің қолдауымен облыс орталығында "Әділ сөйлеп, адал жүр" атты жаңа мурал салынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аймақтар • 13 Шілде, 2020

Түркістанда жомарт жандар ауруханаларға аса қажетті аппараттарды тарту етуде

Түркістан облысындағы "Таймас" компаниясының өкілі, кәсіпкер Тимур Қырықбаев Жетісай ауданы орталық ауруханасына әрқайсысының құны 700 мың теңге тұратын 2 жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Шілде, 2020

Түркістанда тұрғындарға аса қажетті дәрі-дәрмек шекті бағамен сатылуда ма?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев бастаған жедел топ дәріханаларға барып, дәрілік заттардың баға тұрақтылығына және  сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің жеткізілу деңгейіне зерделеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 10 Шілде, 2020

Түркістандықтар қажетті дәрі-дәрмек жайлы "дәріханадан" біле алады

Түркістан өңіріне келетін туристер үшін іске қосылған "Amazing Turkistan" мобильді қосымшасын бүгінде 70 мыңға жуық адам пайдаланады. Енді бұл көрсеткіш еселене түсері анық.  Қазіргі жағдайды ескере, мобильді қосымша авторлары қала әкімдігімен бірге  "Дәріхана" бөлімін қосып отыр.

Медицина • 09 Шілде, 2020

Түркістанда дәрігерлерге 2 млрд 867 млн теңге үстемақы берілді

Түркістан облысында 178 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Оның 45-і инфекциялық және провизорлық госпитальдарға қойылған. Жетісай, Мақтаарал аудандарының кәсіпкер азаматтары демеушілік жасап, 6 ӨЖЖ аппаратын Жетісай қалалық ауруханасына пайдалануға берді. Өңірде жалпы тәуліктік қуаттылығы 650 тестке дейін полимеразды тізбекті реакциясы әдісімен 4 зертхана коронавирусқа қарсы тексеруден өткізуде, деп хабарлайды Egemen.kz

Оңтүстік Қазақстан • 09 Шілде, 2020

Өмірзақ Шөкеев: Ауруханаларда төсек-орын қоры жеткілікті

Түркістан облысы бойынша коронавирусқа қарсы қабылданған тиісті шаралардың арқасында қазіргі таңда жағдай тұрақталған. Емдеу шаралары үшін инфекциялық стационарларда –  440, провизорлық стационарларда – 1891, карантиндік орталықтарда 980 төсек-орын ұйымдастырылған.  Жалпы, ауруханалардағы төсек-орындар қоры жеткілікті. Дайындалған орындардың  41 пайызы қазіргі таңда бос тұр, деп хабарлайды Egemen.kz

Оңтүстік Қазақстан • 09 Шілде, 2020

Түркістан жасыл қалаға айналуда

Түркістанда демалыс  орындары көбейіп,  көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл орайда қала аумағында 250 мың ағаш көшеттері мен бұталар отырғызылған. Тұт ағашы, писсар өрігі, терек, арша, линден ағашы, қарағай, катальпа, талшын егілген, деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 09 Шілде, 2020

Өмірзақ Шөкеев құрылыста барлық талапты қатаң сақтауды міндеттеді

Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында бой көтерген ғимараттардың ішкі әрлеу және жиһаз орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылысы аяқталған нысандарды тексерген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ең бастысы, жұмысшылардың сақтық шараларын бақылауды тапсырды. Бекітілген барлық талаптарды қатаң сақтауды және құрылыстың бәсеңдемеуін міндеттеді, деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Түркістанда 25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

​Биылдың 6 айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Тергеу басқарамасының өндірісіндегі 257 қылмыстық істің 154-і тіркелген. Өндірісте болған істердің 148-і аяқталып, оның 62 ісі сотқа жолданған, деп хабарлайды Egemen.kz.