Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 22 Маусым, 2020

Түркістан облысында биыл астықтан жоғары өнім алу жоспарланып отыр

Елімізде бірінші болып астық ору науқанын бастаған Түркістан облысында 230,0 мың гектардан жалпы 478 мың тонна астық жинау болжамдалған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 22 Маусым, 2020

Түркістанда халықаралық туризм университеті ашылды

Түркістан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Халықаралық туризм және меймандостық университеті құрылды. Бұл оқу ордасы Елбасының бастамасы негізінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 22 Маусым, 2020

Түркістан тұмауратып тұр

Коронавирус індеті қоғамда үрей туғызып отырғаны жасырын емес. Түшкіргенге аларып қарайтын жұрт көпшілік ортадан бойын аулақ ұстауға тырысады. Осындай көңілі алаң көпшілікке WhatsApp әлеуметтік желісінде Түркістанда карантин күшейтіліп, қаланың жабылатыны туралы таралған ақпарат оңай тимегені анық.

Руханият • 19 Маусым, 2020

ЮНЕСКО Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қайта жаңғыртуға ниетін білдірді

Түркістанның ең құнды жауһары - Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары ЮНЕСКО назарында. Қала әкімі Рашид Абатұлы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен онлайн бейнебайналыста ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитеті мүшелерімен тілдесті, деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 19 Маусым, 2020

Түркістанда барымташылар қолға түсті

Түркістан облысының полицейлері құны 150 млн теңгеден асатын жылқыларды ұрлаған барымташылардың қылмыстық тобын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 19 Маусым, 2020

Түркістан облысында 200-ге жуық медицина қызметкері марапатталды

Түркістан облысында 5202 дәрігер және 18120 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. Кәсіби мерекелеріне орай өңірдегі 200-ге жуық медицина қызметкері "Денсаулық сақтау ісінің үздігі",  "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгілерімен, "Құрмет грамотасы" және "Еңбек ардагері" медалімен, сондай-ақ Алғыс хатпен және коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте жүргендер "Халық алғысы" медалімен марапатталды, деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 19 Маусым, 2020

Түркістанда еріктілер Елбасының Алғыс хатымен марапатталды

Түркістан қаласында пандемия кезінде әлеуметтік көмекті үлестіруге атсалысқан ерікті жастарға Елбасының Алғыс хатын тапсыру салтанатты іс-шарасы өтті. Марапатты  облыс әкімі,  Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев тапсырды, - деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 18 Маусым, 2020

Түркістанда микрокредиттік ұйымдар мен ломбардтартың жұмысы бақылауға алынады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Түркістан облысындағы өкілдігі 1 шілдеге дейін қаржылық ұйымдардың ресми тіркелуін қадағалап, кейін тексеру жүргізбек. Нәтижесіне қарай шара қолданылады, - деп хабарлады Egemen.kz.

Аймақтар • 18 Маусым, 2020

Түркістанда ҰБТ кезінде көмек көрсетуге ниеттілер анықталуда

Еліміз бойынша 21 маусымда мектеп оқушылары өміріндегі басты оқиғалардың бірі – ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Бұл тестілеудің сәтті өтуінің арқасында түлектердің жоғары оқу орындарында әрі қарай ақылы немесе мемлекеттік гранттың негізінде тегін білім алуы анықталады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 18 Маусым, 2020

Қазақстан және Өзбекстан Кәсіподақ федерациялары 66 миллион теңгенің көмегін көрсетті

Қазақстан және Өзбекстан Кәсіподақ федерациялары тарапынан мамыр айының басында  Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бұзылуы салдарынан болған су тасқынынан зардап шеккен елді мекен  тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.