Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Оңтүстік Қазақстан • 09 Шілде, 2020

Өмірзақ Шөкеев: Ауруханаларда төсек-орын қоры жеткілікті

Түркістан облысы бойынша коронавирусқа қарсы қабылданған тиісті шаралардың арқасында қазіргі таңда жағдай тұрақталған. Емдеу шаралары үшін инфекциялық стационарларда –  440, провизорлық стационарларда – 1891, карантиндік орталықтарда 980 төсек-орын ұйымдастырылған.  Жалпы, ауруханалардағы төсек-орындар қоры жеткілікті. Дайындалған орындардың  41 пайызы қазіргі таңда бос тұр, деп хабарлайды Egemen.kz

Оңтүстік Қазақстан • 09 Шілде, 2020

Түркістан жасыл қалаға айналуда

Түркістанда демалыс  орындары көбейіп,  көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл орайда қала аумағында 250 мың ағаш көшеттері мен бұталар отырғызылған. Тұт ағашы, писсар өрігі, терек, арша, линден ағашы, қарағай, катальпа, талшын егілген, деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 09 Шілде, 2020

Өмірзақ Шөкеев құрылыста барлық талапты қатаң сақтауды міндеттеді

Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында бой көтерген ғимараттардың ішкі әрлеу және жиһаз орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылысы аяқталған нысандарды тексерген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ең бастысы, жұмысшылардың сақтық шараларын бақылауды тапсырды. Бекітілген барлық талаптарды қатаң сақтауды және құрылыстың бәсеңдемеуін міндеттеді, деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Түркістанда 25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

​Биылдың 6 айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Тергеу басқарамасының өндірісіндегі 257 қылмыстық істің 154-і тіркелген. Өндірісте болған істердің 148-і аяқталып, оның 62 ісі сотқа жолданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Өмірзақ Шөкеев қатаң карантиндік шектеу талаптарын сақтауды ескертті

Коронавирус Түркістан өңірінің барлықәкімшілік аумақтарында тіркелген. Өңірде соңғы бір аптаның ішінде 360 адам осы індетке шалдыққан. Аймақ бойынша соңғы деректерге сәйкес, аталған індетпен тіркелгендер саны – 2000-нан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Түркістанда сыбайлас жемқорлық деректерін алдын алу нәтижесінде 372 млн теңге үнемделді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен  «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы сатып алу саласына жүргізілген мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде,  2020 жылдың 6 айында  жалпы соммасы 372 млн теңгеге жуық  бюджет қаражаты үнемделген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Дәрі-дәрмек бағасы "Түркістан –адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жіті бақылауында

Бүгінгі күні ел аумағындағы дәріханаларда дәрі-дәрмек бағасының күрт өсу деректері жиі кездесуде. Осыған орай, "Түркістан – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен облыс орталығындағы бірқатар дәріханаларға  дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Абайдың еңселі ескерткіші

Түркістан облысы Кентау қаласында қазақтың ұлы ақы­ны Абайдың 175 жыл­ды­ғына орай еңселі ескерт­кіш орнатылып, елорда күні ашылу салтанаты өтті. Биіктігі 4,5 метр ес­керт­кіш 3 метрлік тұ­ғыр­ға орнатылған. Жалпы биіктігі 7,5 метр, салмағы 3 тонна ескерткіш қала орта­лығын­дағы Абай даңғылы бойын­да орналасқан. Авторы – мүсін­ші Бауыржан Жалын.

Аймақтар • 07 Шілде, 2020

Түркістанда дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактілері анықталды

Түркістан облысы аумағында бес дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғылдарды заңсыз сату фактілері анықталды. Полиция департаментінің қызметкерлері дәріханалардағы дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактілерін болдырмауға бағытталған рейд өткізген болатын.

Аймақтар • 06 Шілде, 2020

Ордабасы ауданында 85 канал арқылы 33 131 гектар суармалы жер игеріледі

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы ауыл округтерінде жаз айларында егістік жерлерге су жеткізу жылдар бойы өзекті мәселеге айналып келген-ді. Осы проблеманы түбегейлі шешу үшін Бадам өзеніне бөгет қойып, ұзындығы 4,2 шақырым жаңа канал қазып, "Қараспан магистралды" каналына су жіберу арқылы 2 664 гектар жерге су жеткізілмек.