Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 23 Мамыр, 2020

Мақтаарал: «Салиқалы ұрпақ» қоры 20 үйдің құрылысын бастады

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған Мырзакенттегі жаңа шағын ауданнан белгілі меценат Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры 20 үйдің құрылысын бастап кетті.

Аймақтар • 23 Мамыр, 2020

Ақтоты Райымқұлова мәдениет саласының үздіктерін марапаттады

Түркістанда Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген майталмандарға министрліктің марапатын табыс етті.

Аймақтар • 23 Мамыр, 2020

Мақтаарал: Мың долларлық өтемақыны 1308 отбасы алды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Ә.Усманов қорынан 5 млн 202 мың АҚШ доллары 5202 отбасының (30 420 адам) есепшоттарына аударылады.  Бүгінде бұл қаржыны 1308 отбасы алып үлгерген. Тұрғындарға бүгінгі таңда 4638 банк картасының 90 пайызы таратылды. Қалған отбасыларға қаржы алдағы уақытта аударылатын болады. Бұл туралы Nur Otan партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевпен өткен тікелей эфирде облыстық қаржы басқармасының басшысы Әбдірахман Тасыбаев  мәлімдеді.

Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Түркістанда карантин талаптарын сақтамаған тамақтану орындарының жұмысы тоқтатылды

Түркістан облысы аумағында қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырған 267 жағдай тіркелген. Төтенше жағдай аяқталғанымен қауіп сейілген жоқ. Осы орайда тиісті орындар өңірдің әр азаматын карантин талаптарын өз деңгейінде сақтауға шақыруда.

Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Түркістан: Түлектер мұқтаж отбасыға 5 бөлмелі үйді сыйға тартты

Түлкібас ауданының орталығындағы Абай атындағы мектеп-лицейінің 2000 жылы мектеп бітірген түлектері көпбалалы мұқтаж отбасыға аудан орталығынан 5 бөлмелі үйді сыйға тартты.

Үкімет • 22 Мамыр, 2020

Асқар Мамин Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді

Премьер-Министр Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын, сондай-ақ Түркістан қаласында инфрақұрылымның салынуын тексерді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Түркістан облысында 14 өрт оқиғасы тіркелген

Түркістан облысы аумағында биылғы 5 айда  жергілікті орман шаруашылығы жерлерінде 14 өрт оқиғасы тіркелді. Келтірілген материалдық шығынның жалпы соммасы - 802,2 мың теңге шамасында. Орман өртінің көлемі - 2347,8 гектар, оның 287 гектары  орманды алқап.

Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Түркістан: Зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады

«Түркістан» әлеуметтік даму Корпоративтік қоры Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы зақымдалған тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін өтемақы төлеу бағдарламасын іске асыруда.

Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Түркістанда бала туу көрсеткіші артқан

Тіл-көзден сақтасын, облыс орталығы Түркістан қаласында бала туу көрсеткіші жыл сайын өсуде. Өткен жылғы 4 айда киелі қалада 2 212 сәби дүниеге келген. Ал, биыл бұл көрсеткіш  2 951-ге жетіп, салыстырмалы түрде өсім  739 болып отыр.

Аймақтар • 21 Мамыр, 2020

Мақтааралдағы судан құрғатылған ауылдар күл-қоқыстан тазартылуда

Мақтаарал ауданындағы су басқан елді мекендердің барлығы судан тазартылды. Аз уақыт ішінде Сардоба суын арық-атыздар мен коллекторларға бұрып, тұрғындардың қалыпты өмірге оралуына жағдай жасалды. Енді зардап шеккен 5 ауылда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Бұл орайда әр аудан өзіне бөлінген елді мекен аумағына жауапты.