Саясат • 04 Ақпан, 2021
Экспорттық әлеует – өңір дамуының кепілі
Биыл еліміздің Еуразиялық экономикалық одақ төрағалығын қабылдауына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің басшыларына жолдаған Үндеуінде бірқатар маңызды мәселені көтерді. Соның ішінде сыртқы нарықтарға шығуды кезең-кезеңімен кеңейту, үшінші елдермен және интеграциялық бірлестіктермен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытудың маңызы зор.
Медицина • 03 Ақпан, 2021
Дәрігерлік көмек деңгейін арттырады
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы барысында жүзеге асырылған жобалардың бірі – облыс орталығындағы №1 қалалық ауруханаға қосымша салынған жедел дәрігерлік көмек көрсететін бөлімше болса, екіншісі – облыстық кардиологиялық кешеннің инсульт орталығы науқастарды қабылдауға әзір.
Аймақтар • 03 Ақпан, 2021
Енді садақ ату – ақсулық жасөспірімдер үшін спорттың жаңа түрі болмақ. Тұрақты жұмысқа кәсіби жаттықтырушылар шақырылыпты.
Коронавирус • 29 Қаңтар, 2021
Карантиндік шаралар күнделікті бақылауда
Павлодар облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес осы жылдың 25 қаңтарынан 8 ақпанға дейін карантиндік шектеу шаралары бекітілген. Өңірдегі эпидемиялық ахуалдың «қызыл» жағдайы Үкімет отырысында да айтылды. Соңғы аптада облыста індет таралуының 1 339 жағдайы тіркелді.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021
Екібастұздық жас ақын Ерболат Әміренов Төртүй ауылының шежірелі өткеніне арнап «Тоқсанның төріндегі ауылым» атты кітап шығарды. Естеліктер мен деректер негізінде жазылған бұл кітапта ауылдың әр кезеңдегі жылдары, өсіп-өркендеуі, ауылдықтар жайлы баяндалады.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2021
Өңір тағы да «қызыл аймаққа» енді
Эпидемиялық жағдайды бағалаудың өңірлік тізбесіне сәйкес өңірдің Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалалары мен 9 ауданы «қызыл» аймақта, ал Баянауыл ауданы «сары» аймаққа енді. Соңғы күндері өңірде індет таралуының 226 жағдайы анықталған. Науқастар арасында 12 оқушы мен 2 студент бар. Тәулік сайынғы өсім 2,13 пайызды құрайды.
Экология • 13 Қаңтар, 2021
Киік атқандарға – 2 млн теңге айыппұл
Павлодар облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің хабарлауынша, бұрнағы жылдары киіктер өңірде 10-15-тен ғана топтанып жүрсе, қазір түз еркесінің саны 8 мыңға жеткен. Бұл – киіктерді сақтау жолындағы қатаң жауапкершіліктің нәтижесі.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2021
Мектепке М.Әлімбаев есімі берілді
Жаңадан бой көтерген мектеп облыс орталығының ескіден келе жатқан Затон аталатын шағын ауданында орналасқан. Аудан аумағында қазақ тілінде және аралас мектептерде қазақ тілінде оқитын оқушылар саны жыл сайын көбейіп келеді. Сонымен бірге осы ауданда тұратын бірқатар ата-ана балабақшада орыс тілінде тәрбие алып жатқан балаларына да жаңа мектептен орын берілуін сұрап отыр.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2021
Жалпы, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірде 532 сайлау учаскесі құрылған. Олардың 138-і Павлодар қаласында, 65-і Екібастұзда, 40-ы Ақсуда және 289-ы аудандарда. Сайлау учаскелерінде қосымша онлайн-сервис ашылды, мақсат – азаматтардың тұрғылықты жері бойынша берілген ақпаратты тексереді.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2021
Көп салалы медициналық кешен салу қажет пе?
Еліміздің 2025 жылға дейін стратегиялық даму жоспарында денсаулық сақтау саласы бойынша көпбейінді ауруханалар құру жобасы қарастырылған. Бұл мақсат Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті әкімдіктер арасындағы келісімдер арқылы жүзеге асырылмақ. Көпбейінді ауруханалар ашу үшін алдын ала дайындық та жүргізілуде.