Руханият • 12 Қазан, 2022
«...Бұл Қасымды бір байқасын!»
Жыл сайын Қарағандыда қоңыр күзде өлеңі «отқа тиген дауылдай» арқалы Қасым Аманжоловқа арналған әдебиет додасын өткізу дәстүрге айналған. Бұл бәйге жүрегінде оты бар жастарды ел түкпірінен жинап келеді. Осынау игі іс биыл да үзілген жоқ. Осымен 12-ші рет өткен «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты республикалық Қасым Аманжолов оқуларында 16 мен 28 жас аралығындағы жастар ақын поэмаларын оқудан бәсекелесті. Байқау екі кезеңнен тұрды.
Аймақтар • 11 Қазан, 2022
«Onay»-мен төлеу арзанға түседі
Қарағанды қаласында қазанның 15-інен бастап қолма-қол төлейтіндер үшін жолақы 150 теңгеге көтеріледі. Ал «onay» көлік картасы бар жолаушыларға расында оңай. Олар үшін жолақы – 80 теңге. Мұны жергілікті билік сараланған тариф дейді. Әрі тарифтің бұл түрі Әділет министрлігімен келісілген екен.
Экономика • 10 Қазан, 2022
Өзге өңірлердей емес, Қарағанды сайын далада оқшау тұрған жоқ. Мұңы көп, бірақ мұраты түзу моноқалалары бар. Сондықтан да Қарағанды облысына сапарында Президент пәрмен берді. Бұл пәрменге сай кеншілер астанасының іргесіндегі моноқалалар даму көшінен кешеуілдеп қалмауы керек. Саран – дәл осындай момын тірлік кешкен моноқала. Қарағандыдан 25 шақырым қашықтықта.
Қоғам • 07 Қазан, 2022
Қарағанды аймағында барымтамен байымақ болғандардың «қарымтасы» дайын. Ұрылардың жолын блокбекет кеспек. Арнайы топ күні-түні күзететін бекет күз түсе күшейетін мал ұрлығының алдын алмақ.
Қоғам • 06 Қазан, 2022
Студент қауымын жатақханамен қамту кейінгі жылдары жиі қозғалған өзекті мәселенің біріне айналғаны анық. Осыдан 4 жыл бұрын еліміздегі 75 мың студентті жатақханаға орналастыру жоспары қойылса, Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, 2018-2021 жылдар аралығында 30 мыңнан астам орны бар 124 жатақхана салынған.
Театр • 05 Қазан, 2022
Шолпан Жандарбекованың есімі берілді
Театр тарихында аты алтын әріптермен жазылатын тұлғаның бірі, «Алаштың Ақтоқтысы» – Шолпан Жандарбекованың туғанына биыл 100 жыл.
Білім • 04 Қазан, 2022
Ұстаздар күні мерекесінде мұғалімнің мерейін өсірген игілікті істің бірі Қарағанды облысында да жалғасты. Өңірдің білім саласына үлес қосқан бір топ ұлағатты ұстазға «Қарағанды облысы білім беру саласының құрметті педагогі» төсбелгісімен бірге 1 млн 225 мың теңге көлемінде сыйақы табыс етілді. Бұл сыйлық бірнеше жылдан бері тағайындалып келеді. Биыл «Қарағанды облысы білім беру саласының құрметті педагогі» төсбелгісін бес ұстаз иеленді.
Руханият • 03 Қазан, 2022
Заңғар жазушыға бюст орнатылды
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 28 қыркүйекте 125 жыл толды. Тап осы күні Қарағанды шаһарында дара тұлғаның бюсті ашылды. Авторы – мүсінші Ербосын Бағыбаев. Мүсінші бюсті бір айға жуық уақыт жасапты.
Өнер • 30 Қыркүйек, 2022
Қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіковтің туындыларына хас өнерді аса әспеттейтін француздар да куә болысты. 8 күнде Францияның түрлі қалаларындағы көрмеде француздар Кәріпбектің тағдыры мен туындысы арқылы жалпы ядролық қарудың қандай зұлмат екеніне және бір көз жеткізді.
Білім • 30 Қыркүйек, 2022
Ньютонды түпнұсқада оқитын мұғалім
Әсілі, ұстаздар туралы сөз қозғай қалсақ, Мағжанның «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – ұстаздікі» деген ұлы сөзі көмейге келіп, кептеліп тұратынын несіне жасырайық. Ұлы тұлға айтып кеткен ғасырлар бойы айнымайтын аксиома. Бұдан соң бірдеңе деудің өзі – артық. Бірдеңе деудің өзі – қайталау. Тек бізге қалғаны – мұны түпсанамен түйсініп, жүрек түбіндегі құрмет-қошеметті еселей түсу. Бүгінгі біздің үйдің еркесі – елдің ертеңгі серкесі екенін ұғынсақ, оны ұлт тұтқасы қылатын осынау ұстаздар екенін естен шығармау.