Аймақтар • 04 Сәуір, 2023
Қарғын қапы қалдырған өңірлер арасында Қарағанды аймағы жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, өңірде су тасқынына қатысты жағдай тұрақты. Ғарыштан бақылау аймақтың әлі 25 пайызы қар астында жатқанын көрсетті.
Балалар • 30 Наурыз, 2023
Бас жүлде «Таңшолпан» баласында
Пешенесіне әке мен шеше мейірі бұйырмаған балдырғандарға арналған байқауда кішкентай қарағандылықтар біраз жүлдені еншілеп келді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық фестивалі «Қазақстан – менің алтын бесігім» аталды. Байқаудың кішкентайлар санатындағы бас жүлдесін қарағандылық Сергей Касьянов иеленді.
Халық • 26 Наурыз, 2023
Солақай саясат салдарынан қазақ жеріне тарыдай шашылған өзге ұлыс өкілдері өз тамырынан ажыраған жоқ. Өйткені еліміз ешкімнің дәстүр-салтын, әдет-ғұрпын ұмыттыруға ұмтылмады. Қайта тілін, ұлттық болмысын сақтап қалуға ықпал еткені мәлім. Соның бір бұлтартпас дәлелі – әр өңірде өзге ұлттардың мәдени орталықтары мен қауымдастығының жұмыс істеп тұруы болса керек.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Азаматтық ұстаным нақтыланған күн
Ұлытау облысында Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізуге 134 сайлау учаскесі жұмылды. Жалпы, облыста 140 мың сайлаушы тіркелген. Оның шамамен 40 пайызы облыс орталығы Жезқазғанда тұрады.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Депутаттар басты құндылықтарды бағалауға міндетті - Вилен Молотов
Қарағанды облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі, Қарағанды қаласының медициналық университеті ректорының кеңесшісі қоғам қайраткері Вилен Молотов-Лучанский бүгінгі сайлауда үміт артқан болашақ депутаттар ел болашағы жолында мемлекеттің дамуын қамтамасыз етуі тиіс деп біледі. Ол сайлаушылар дауыс берген депутаттар мен партиялар мемлекетіміздің басты құндылықтарын бағалап, нығайтуға міндетті деген пікірде, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
Қарағанды облысында 700 мыңнан астам сайлаушы бар
Қарағанды облысындағы 654 сайлау учаскесі таңғы жетіде ашылып, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутат сайлау үшін дауыс беру басталды, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 17 Наурыз, 2023
Жылына 300-ден аса түрлі операция жасайтын хирург 40 жылғы еңбегінде орта есеппен 12 мың адамның жанына араша түскен екен. Кейде тәулігіне 3 операциядан жасаған. 24 сағат бойы үй бетін көрмеген күндері де бар. Жедел жәрдем сан рет алып кетіп, шұғыл операция жасаған түндері қаншама. Бір адамды аман сақтау үшін 5-6 сағат тізе бүкпей, тер моншақтап шыққан кезеңдер ше? Өте көп. Еңбек жолы осылай өтіп келеді. Оған өзі ешқашан өкінген емес. Бұл – хирург Қайрат Түгелбаевтың дәрігерлік еңбек жолынан үзік сыр.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2023
Осыдан тура бір жыл бұрын Жезқазған өңірі жұртшылығы бөркін аспанға атып қуанды. Үлкен-кішісі бір-біріне ақжолтай айтысып, сүйінші сұрасқан еді. Өйткені 16 наурыз күні Президент «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында елдегі өңірлер қатары жаңа үш облыспен толығатынын мәлімдеген еді. Үштіктің ішінде оңтайландыру кезінде ұшынған бидайдай күй кешкен бұрынғы Жезқазған облысының орнын оңалтатын жаңа Ұлытау облысы да бар.
Жастар • 14 Наурыз, 2023
Құлтемірдің құлағында ойнайтын буын өсіп келе жатыр. Жасанды интеллект жасап шығаруда қазақтың қара домалақтары әлемдік додаларда ой жарыстыра алады. Қарағанды аймағының алты мектебі роботтехника бойынша Орталық Азия ойындарында жүлделі орындар мен атаулы сыйлықтарды жеңіп алуы – сөзімізге дәлел. Олардың біразы дүниежүзілік чемпионатта сынға түспек.
Төтенше жағдай • 14 Наурыз, 2023
Қар көбесі сөгілді дегенше, тасқын қаупі күшейеді. Қапы қалмас үшін қарекет қажеттігін бұрнағы жылдар ұдайы еске салып жүр. Қарғыннан қатер әзірге Қарағандыға төнген жоқ. Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, аймақта жағдай бүгінде бірқалыпты.