Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2022
Үздік әрі белсенді үкіметтік емес ұйымдар марапатталды
Қарағандыда еліміздің түкпір-түкпірінде тең қоғам үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген үкіметтік емес ұйымдарға республикалық сыйлықақы тапсырылды. Атаулы іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы қатысты.
Спорт • 01 Желтоқсан, 2022
Бразилиялық күрестен бәсі жоғары
Бразилиялық джиу-джитсудан өткен халықаралық фестиваль мен әлем чемпионатынан қарағандылықтардың қоржыны 31 алтын, 9 күміс және 5 қола медальмен толықты. Мамандар «Марапаттар саны бойынша бұл – рекорд», дейді.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2022
Ақтоғай ауданы Шабанбай би ауылындағы ағайын би бабаға бюст қойып, игілікті іс тындырды. Бұл ескерткіш бюджеттің қаржысы емес, бұқараның ықылас-ниетімен бой көтерді. Дәлірек айтсақ, ауылдың 40 жыл бұрын мектеп бітірген түлектерінің бағалы бастамасына Шабанбай би атындағы қауымдастық, жергілікті билік те қолдау танытыпты.
Аймақтар • 30 Қараша, 2022
Демографиялық дисбалансқа, аймақтардың арасындағы тепе-теңдікке ден қойған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының ұғынғанға ұлт үшін мәні аса зор. Ұлтқа қатысты осындай ұлы мақсатты көздеген жобаның іске асу мерзімі – 2025 жылға дейін. Жоба мемлекет тарапынан оңтүстіктен солтүстікке өз қалауымен тұрғындардың көшіп келуіне жағдай жасайды.
Экономика • 28 Қараша, 2022
Қарағанды облысының даму әлеуеті зор. Өңірде бизнестің белсенділігі жоғары. Биылғы он айда тіркеліп, жұмыс істеп жатқан шағын және орта бизнестің саны 12 пайызға көбейген. Бұл туралы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиевтің Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесуде мәлім болды.
Қоғам • 28 Қараша, 2022
Қарағанды облысында 176 ауылда таза су жоқ екенін, бұл мәселені кешіктірмей шешу қажеттігін қазан айында жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қадап айтқан. Енді осы мәселені түбегейлі шешер күні алыс емес секілді. Өйткені жыл соңына дейін өңірдің орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылуы 95 пайызға жетеді. Бірер жылда бұл көрсеткіш 100 пайыз болады деген болжам бар.
Аймақтар • 28 Қараша, 2022
Ағыбай батырдың 220 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел өтті
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде 15 қараша – Батырлар күніне орай жарияланған «Батырлар мұрасы» онкүндігі аясында биылғы жылы мерейтойы аталып өтіп жатқан Ақжолтай Ағыбай батырдың 220 жылдық мерейтойына орай «Ағыбай батыр – ел қорғаны» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл шарада Ағыбай батырдың өмірі мен ел қорғаудағы еңбегі сөз болды.
Экономика • 23 Қараша, 2022
Қарағанды құбыры сұранысты толық өтейді
Заманның өзі жаңа өндіріс пен өнімнің өмірге келуін талап етеді. Бүгінгі уақыт – дәл сондай уақыт. Өзге елдердің басқалардан бір қадам алда жүруінің себебі де осында. Олар тұтынушы талабына дер кезінде үн қатып келеді. Елде инфрақұрылым мен құрылыстың қарқын алуы да нарықтан соны сұрайды. Қажеттіліктерді алыстан арбалағаннан гөрі жақыннан дорбалаған абзал екенін аңғартады.
Аймақтар • 23 Қараша, 2022
Қарашаның 3-інде Қарағандыдағы Ленин атындағы шахтадағы апатты тергеген Үкіметтік комиссия жұмысын аяқтады. Комиссия апатқа жұмыс беруші, яғни «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кінәлі деп анықтады. Трагедиядағы жұмысшылардың кінәсі – 0 пайыз. Жұмыс берушінің кінәсі – 100 пайыз. Бұл туралы Үкіметтік комиссияның төрағасы, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.
Экономика • 22 Қараша, 2022
Еліміздің әр өңірінде өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті заманауи өндірістерді дамытып, инвестиция тарту мақсатында арнайы экономикалық аймақтар құрылғаны мәлім. Жаңа технологияларға сүйенген олардың халыққа жұмыс беруде де алар орны бөлек. Онда инфрақұрылымы толық, инвесторлар үшін жеңілдіктер қарастырылған бизнес-климат тартымды болуға тиіс. Елде осындай 13 арнайы экономикалық аймақ бар. Соның бірі – Қарағандыдағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы.