Қызғалдақ АЙТЖАН
Қызғалдақ АЙТЖАН«Egemen Qazaqstan»
123 материал табылды

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2022

Үздік әрі белсенді үкіметтік емес ұйымдар марапатталды

Қарағандыда еліміздің түкпір-түкпірінде тең қоғам үшін тынымсыз еңбек етіп жүр­ген үкіметтік емес ұйым­дарға республикалық сый­лықақы тапсырылды. Атаулы іс-шараға Ақпарат және қоғам­дық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы қатысты.

Спорт • 01 Желтоқсан, 2022

Бразилиялық күрестен бәсі жоғары

Бразилиялық джиу-джитсудан өткен халықаралық фестиваль мен әлем чемпионатынан қарағандылықтардың қоржыны 31 алтын, 9 күміс және 5 қола медальмен толықты. Мамандар «Марапаттар саны бойынша бұл – рекорд», дейді.

Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2022

Шабанбай биге құрмет

Ақтоғай ауданы Шабанбай би ауылындағы ағайын би бабаға бюст қойып, игілікті іс тындырды. Бұл ескерткіш бюджеттің қаржысы емес, бұқараның ықылас-ниетімен бой көтерді. Дәлірек айтсақ, ауылдың 40 жыл бұрын мектеп бітірген түлектерінің бағалы бастамасына Шабанбай би атындағы қауымдастық, жергілікті билік те қолдау танытыпты.

Аймақтар • 30 Қараша, 2022

Қарағанды құшақ жаяды

Демографиялық дисбалансқа, аймақтардың арасындағы тепе-теңдікке ден қойған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының ұғынғанға ұлт үшін мәні аса зор. Ұлтқа қатысты осындай ұлы мақсатты көздеген жобаның іске асу мерзімі – 2025 жылға дейін. Жоба мемлекет тарапынан оңтүстіктен солтүстікке өз қалауымен тұрғындардың көшіп келуіне жағдай жасайды.

Экономика • 28 Қараша, 2022

Жаңа форматтағы сауда

Қарағанды облысының даму әлеуеті зор. Өңірде бизнестің белсенділігі жоғары. Биылғы он айда тіркеліп, жұмыс істеп жатқан шағын және орта бизнестің саны 12 пайызға көбейген. Бұл туралы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиевтің Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесуде мәлім болды.

Қоғам • 28 Қараша, 2022

Ауыз сусыз ауыл азайып келеді

Қарағанды облысында 176 ауылда таза су жоқ екенін, бұл мәселені кешіктірмей шешу қажеттігін қазан айында жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қадап айтқан. Енді осы мәселені түбегейлі шешер күні алыс емес секілді. Өйткені жыл соңына дейін өңірдің орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылуы 95 пайызға жетеді. Бірер жылда бұл көрсеткіш 100 пайыз болады деген болжам бар.

Аймақтар • 28 Қараша, 2022

Ағыбай батырдың 220 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел өтті

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде 15 қараша – Батырлар күніне орай жарияланған «Батырлар мұрасы» онкүндігі аясында биылғы жылы мерейтойы аталып өтіп жатқан Ақжолтай Ағыбай батырдың  220 жылдық  мерейтойына орай «Ағыбай батыр – ел қорғаны» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл шарада Ағыбай батырдың өмірі мен ел қорғаудағы еңбегі сөз болды.

Экономика • 23 Қараша, 2022

Қарағанды құбыры сұранысты толық өтейді

Заманның өзі жаңа өндіріс пен өнімнің өмірге келуін талап етеді. Бүгінгі уақыт – дәл сондай уақыт. Өзге елдердің басқалардан бір қадам алда жүруінің себебі де осында. Олар тұтынушы талабына дер кезінде үн қатып келеді. Елде инфрақұрылым мен құрылыстың қарқын алуы да нарықтан соны сұрайды. Қажеттіліктерді алыстан арба­лағаннан гөрі жақыннан дорбалаған абзал екенін аңғартады.

Аймақтар • 23 Қараша, 2022

Апатқа айыпты – «Арселор»

Қарашаның 3-інде Қарағандыдағы Ленин атындағы шахтадағы апатты тергеген Үкіметтік комиссия жұмысын аяқтады. Комиссия апатқа жұмыс беруші, яғни «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кінәлі деп анықтады. Трагедиядағы жұмысшылардың кінәсі – 0 пайыз. Жұмыс берушінің кінәсі – 100 пайыз. Бұл туралы Үкіметтік комиссияның төрағасы, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

Экономика • 22 Қараша, 2022

«Сарыарқаның» инвест-портфелі

Еліміздің әр өңірінде өнім­ділігі жоғары, бәсе­ке­ге қабілетті заманауи өндірістерді дамытып,­ инвестиция тарту мақ­сатында арнайы эконо­ми­калық аймақтар құ­рыл­ғаны мәлім. Жаңа тех­но­логияларға сүйенген олардың халыққа жұмыс беруде де алар орны бөлек. Онда инфрақұрылымы то­лық, инвесторлар­ үшін жеңілдіктер қарасты­рыл­­ған бизнес-климат тар­тымды болуға тиіс. Елде­ осындай 13 арнайы экономикалық ай­мақ бар. Соның бірі – Қа­ра­ған­дыдағы «Сарыарқа» ар­найы экономикалық аймағы.