Қазақстан • 20 Наурыз, 2022
Жыраулықтың көгіндегі Найзағай
Қиырдағы Қызылқұмның қойнауындағы ауылды қазақ руханиятының бір бөлшегі санатында ұлт мәдениетінің тамырына қан жүгіртіп жатыр десе, бала кезде сенбес те едік. Мәдениеттің де, өркениеттің де, бар жақсының көкесі тым алыста, атажұртта, ерекше бір лепеспен ауызға алатын Алматыда сияқты көрінетін. Сөйтсек, Алаш баласы дүниенің қай түкпірінде жүрсе де ана тілін ардақтап, баба дәстүрін ұлықтап, халық қазынасын қадір тұту арқылы ұлтының рухани байлығын еселеуге үлесін қоса алады екен ғой.
Таным • 13 Наурыз, 2022
Құтты қоғам қандай болуы керек?
Бұл сұраққа әркім әрқилы жауап беруі мүмкін. Әйтсе де, оның барлығының ортақ жауабы еліміздің өркендеуіне, көркеюіне, өркениетті әлемде өзіндік орнын алуына барып тірелетіні сөзсіз. Жаңа реформа бағзыдағы Асан қайғы бабамыздың мына дүниенің жұмағы іспеттес Жерұйығын іздеуі, болмаса екі жыл бұрын ғана 1150 жылдығын тойлаған Әл-Фараби бабамыздың қайырымды қала туралы трактатының жазылуы немесе әз Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғының» қабылдануы, осыдан бір ғасыр бұрынғы Алаш қайраткерлерінің Алашорда үкіметін жасақтаудағы бағдарламасы сияқты Ұлы даланы мекендеген жұрттың «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда» өмір сүруіне жасалған ұмтылысының жалғасы деп бағалауға болар.
Қоғам • 23 Ақпан, 2022
Ел тұтас болмай, жер тұтас болмайды
Қазіргі кезде барлығымызды ең алдымен еліміздің тыныштығы, тәуелсіздігіміздің баянды болуы мазалайды. Аласапыран мынау кезеңде, дүние күніне қырық құбылып жатқан тұста, тоғызыншы территорияның тұтастығы мен халқының амандығы ең маңызды мәселеге айналды. Алыптар айқасының арасында қосаққа кетіп қалмай, «ақырын жүріп, анық басып» өз мақсатымызды жүзеге асырып, тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып алсақ, бабалар аманатының жүзеге асқаны.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2022
Амангелді Айталы: «Жаңа Қазақстан» – жаңа қоғамның бастауы
Қоғамда қордаланған мәселелердің аражігін ажыратып, жұртты мазалаған сауалдарға жауап іздеу – журналистің басты міндеті. Осы орайда философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталыға көпшілік көкейіндегі сұрақтарды қойған болатынбыз.
Қазақстан • 11 Қаңтар, 2022
Соңғы күндері елімізде болған оқиғалар тізбегі бәрімізді қалың ойға батырып, көкейіміздегі сұрақ атаулыны ұлғайта түсті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесін жыл бойы жалаулатып, мерейтойлық қорытынды жиынды өткізгеніміз кеше ғана еді. Арада екі апта өтер-өтпестен Жаңаөзеннен басталған бейбіт жиынның соңы қанды қақтығысқа ұласты. Неге бұлай болды?
Саясат • 10 Қаңтар, 2022
«Егер біз өзімізді өзіміз қорғай алмасақ, бүлікшілік зорайып, қиыншылыққа айналғанда, қазақ халқы құрбан болады» деп ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның әулиелікпен айтқанына соңғы күндері тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Коронавирус • 03 Қазан, 2021
Біздің халық қызық қой, жоқ жерден шу шығара салады. Токиодағы отандық спортшылардың төмен көрсеткіштеріне бола, спортшыларды былай қойғанда, спорт функционерлерін, жаттықтырушыларды жерден алып, жерге салды ғой. Қазақстан 8 қола медаль алып, 83-ші орында қалып қойды деп шыр-пыр болады. Қола да болса медаль ғой, бір медаль алмағандар да бар шығар тегі. Сөйтсе, Токио Олимпиадасындағы сүреңсіздікке ешкім кінәлі емес көрінеді. Бар кінә пандемияда?!.
Спорт • 22 Қыркүйек, 2021
«Адамды бағалаңдар тірісінде!»
Қазақ спорты әбден ішінен бүлініп, тоқырауға ұшыраған көрінеді. Жылдар бойы қордаланған сыздауық-проблеманың жарылатын сәті биылғы Олимпиада жылымен тұспа-тұс келді. Токиода елдің Гимні шырқалған жоқ. Күміс медаль да қоржынға түспеді. Сөйтсе, спорттың айналасында ұлт мүддесінен гөрі жеке бастың қамын көбірек ойлайтындар қаптап жүр екен...
Президент • 20 Қыркүйек, 2021
Қауіп-қатерге қарсы қуатты қару
Дүние жаратылғалы бері адам баласының көрмеген құқайы жоқ. Бейбіт кезеңнен гөрі ұзақ жылдарға созылған соғыстың зардабы көбірек. Заман өзгергенмен, уақыт бедері түрлі жаңалықтарға иек артып, алуан-алуан технологияны ойлап тапқанымен, адамзат астамшыл пиғылдан арыла алмай келеді.
Президент • 15 Қыркүйек, 2021
Ұйымшыл ұлттың бәсі қашанда жоғары
«Біз сыртқы қатерге және оқиғаның қалай өрбуіне де дайын болуымыз керек. Сырттан төнетін қауіпті модельдеу айрықша өзектілікке ие болуда. Стресс-тест өткізіп, сценарийлер дайындаған жөн. Соның негізінде мемлекеттік аппараттың іс-қимыл жоспары әзірленіп, түзетіліп отыратын болады», деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.